Мөлдір Бержанова, туған қаласы — Қызылорда, психолог @molya_psychology
Өзі жайында
Мен 2018 жылы Қызылорда қаласынан Санкт-Петербургке көштім. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Санкт-Петербургтың мемлекеттік университетіне түстім. Қазіргі кезде магистратурада оқып жатырмын.
Санкт-Петербургтағы қазақ диаспорасы жайында
Мәскеуге қарағанда Санкт-Петербургте қазақтар көп емес. Осында, негізінен, оқуға келген студенттер тұрады. Сонымен қатар Байқоңырдан шыққан қазақтар көп, біз кейбір кезде кездесеміз және қыдырамыз.
Санкт-Петербургте қазақтар үшін кездесулер, сауық кештер, мейрамдар ұйымдастыратын қоғамдастық бар. 23 наурыз күні «Қазақстаннан келген студенттер мен аспиранттардың кеңесі» 55-жылдық мерейтойын атап өтті. Іс-шараны «Атамекен» қазақ қоғамдастығы ұйымдастырды. Қатысушылары, негізінен, Қазақстаннан Петербургқа көшіп келген қазақтар мен орыстар болды.
Санкт-Петербургте қазақтар үшін кездесулер, сауық кештер, мейрамдар ұйымдастыратын қоғамдастық бар
Қазақстандықтардың менталитеті ресейліктерден кішкене ерекшеленеді. Біздің қазақтар әлдейқайда қонақжай, жайдарлы болып келеді, сені әрқашан қуана қарсы алады. Қазақстаннан келген орыс жастарының өздері біздің шығыс менталитетімізге жақынырақ болады.
Қазақстан жайында
Мен Қазақстандағы жаңалықтардан әрқашан хабардар болып жүремін. Соңғы кезде қазақ халық әндерін, күйлерді тыңдай бастадым. Әсіресе үйімді сағынған кезде, тыңдаймын.
Дархан, 23 жаста, туған қаласы — Орал
Мен 2013 жылдан бері Санкт-Петербургте тұрамын. Университетке түскен кезден бастап осында тұрып жатырмын.
Санкт-Петербургтағы қазақ диаспорасы жайында
Петербургта ересек қазақтардан құралған «Атамекен» қауымдастығы бар. Сонымен қатар оның «Жастар» деп аталатын жас қанаты бар және мен оның мүшесімін.
Қазақстандық қауымдастық жыл сайын Наурыз мейрамын өткізеді, бұл шараға барлық адамдар қатыса алады. Қалада концерттер, іс- шаралар өткізіледі, олардың кейбіреулерінде Алмас Кішкенбаев, «Алан» тобы сияқты қазақстандық жұлдыздар өнер көрсетеді. Олардың өнерін тамашалауға 300 – 400 адамнан толық зал жиналады.
Қазақстандық қауымдастық жыл сайын Наурыз мейрамын өткізеді, бұл шараға барлық адамдар қатыса алады
Ересек адамдар қазақ тарихын, Астана мен Алматыны, соғыс қаһармандарын жақсы біледі. Олар Әлия Молдағұлова және Мәншүк Маметова жайлы біледі. Петербургта Әлия Молдағұлова атындағы мектеп бар. Сол жайында білген кезде, мен қуандым.
«Достар» жастар қанаты сауық кештерді, іс-шараларды жиі ұйымдастырады. Екі-үш ай сайын қазақстандықтар жиналып, араласатын, «мафия» ойынын ойнайтын кездесулер, отырыстар өткізіледі.
2016 жылы Санкт-Петербургта «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің түсірілімдері өтті. Осында 500 қазақтарды жинады, біздің соншалықты көп екеніне таң қалдым. Сол жылы «28 панфиловшылар» фильмі шықты және мен сол кезде де қазақтарды жинағанына қуандым – бұл фильмнің эпизодына түсу сәті маған да бұйырды.
Санкт-Петербургта туған және мен білетін қазақтардың басым бөлігі тілді және салт-дәстүрлерді менен жақсырақ біледі. Ресейдегі қазақтар басқа тілдерді де оқиды, Еуропаға жиірек барады. Олар әлемді көруге, өздерін танып білуге, одан кейін ғана отбасы мен мансапты құруға, балалы болуға талпынады.
Қазақстан жайында
Мен Қазақстанға қыста да, жазда да барып тұрамын. Көбінесе бешпармақты сағынамын, себебі Петербургта жылқы етін тауып алу қиын.
Мен қазақ музыкасын тыңдаймын, әрқашан жаңалықтардан хабардармын. Шамамен 2015 жылдан бері орыстар қазақ ұлтының өкілдері – Скриптониттің, Jah Khalib-тің, Нұрлан Сабуровтың шығармашылықтарына қызығушылық танытып жатқандарын байқадым. Барлығы «рахмет» және «балмұздақ» сөздерінің мағынасын сұрайды.
Дамиля Бейсембаева, 23 жаста, туған қаласы — Ақтөбе, Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысының «Бәйтерек» қазақстандық жастар Орталығының төрайымы @damibeis
Өзі жайында
Мен Санкт-Петербургтағы университетке оқуға түскендіктен, осында көшіп келдім. Көшіп келгенге дейін, бұл қала жайында ештеңе білген жоқпын. Осында оқуды анам ұсынды.
Санкт-Петербургтағы қазақ диаспорасы жайында
Питерде көп қазақтар тұрады, негізінен бұл курсанттар болып табылады. Бірнеше жыл бұрын қалада Қазақстаннан келген студенттердің саны 1500-ді құрайды деп айтылды.
Қалада «Байтерек» қазақстандық жастардың Орталығы бар, мен оның төрайымы болып табыламын. Біздің орталық Санкт-Петербаргтағы барлық қазақстандықтарды біріктірумен айналысады. Осындағы жастар достарға ие болғандарын қалаймыз. Ай сайын ТМД елдерінің өкілеттігі мен Ресейдегі Қазақстанның бас елшілігімен бірігіп, іс-шаралар мен көрмелер ұйымдастырамыз. Сонымен қатар біз ұлттық мейрамдарды өткіземіз, жергілікті халықты салт-дәстүрлерімізбен және мәдениетімізбен таныстырамыз.
Ресейдегі қазақтардың ерекшелігі – көбісі қазақ тілін білмейді. Бірақ олар салт-дәстүрлерді сақтайды, ұлттық тағамдарды әзірлейді. Тойларды еуропалық дәстүрмен өткізуге тырысады. 30 шақты адам шақырып, шағын отбасылық ортада, көп шығындарсыз атап өтеді.
Ресейдегі қазақтардың ерекшелігі – көбісі қазақ тілін білмейді
Қазақстан жайында
Бастапқыда достарымның және туыстарымның көбісі маған қонаққа келіп тұратын. Қазақстаннан көп сыйлықтар әкелетін. Оларды қуана қарсы алып, қаланы аралатып жүретінмін.
Мен қазақ мәдениетінде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болуға тырысамын. Соңғы кезде бізде көп танымал орындаушылар пайда болды. Олардың әндері көліктерде, үйлердің ішінде естіліп жатады және біздің жастарды Питерде және Мәскеуде тыңдайтынын мақтан тұтамын. Әсіресе, Скриптонит, Jah Khalib, M’dee орындаушыларын тыңдауды жақсы көреді.