facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/c8b/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/c8b2e6980eeebf0dfbb221c9bdda8739.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
san-franciskoda-aza-standy-alay-sandy-adamdardy-zhasaydy-zh-ne-conversational-ai-tehnologiyalaryn-aydan-o-u-a-bolady
logo
Сан-Францискода қазақстандық қалай сандық адамдарды жасайды және Conversational AI технологияларын қайдан оқуға болады

01.06.2022

Сан-Францискода қазақстандық қалай сандық адамдарды жасайды және Conversational AI технологияларын қайдан оқуға болады

Артем Родичев ұзақ уақыт бойы Head of AI ретінде Replika — әлемдегі ең ірі чат-бот компаниясында жұмыс істеді. Жақында ол бизнеске арналған сандық адамдарды жасайтын компаниясының негізін қалады. Жұмысында қолданылатын технологиялар туралы сөйлестік және оларды қайда үйренуге болатынын білдік.


Артем Родичев, қаласы — Сан-Франциско, Ex-Human, linkedin компаниясында СЕО және негізін қалаушы

Артем Родичев.jpg

Өзі жайында


Мен Алматыда туып-өстім. Математикалық бағыттағы №134 мектепте оқыдым. Оқу кезінде бағдарламалауға қызықтым, халықаралық және республикалық олимпиадаларға қатыстым. Нақты ғылымдарға деген құмарлықпен Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетіне есептеу математикасы және кибернетика факультетіне оқуға түстім. «Яндексте» «Деректерді талдау мектебінде» қатар оқыдым, кейін fulltime жұмысқа тұрдым.

ЖОО бітіргеннен кейін стартапқа кеттім. Ол Luka деп аталды және Conversational Al – мейрамхана іздеуге арналған чат-ботпен айналыстым. Бұл сізбен сөйлесе алатын, қаладағы күшті жерлер туралы білетін, орын брондай алатын доссың сияқты.

Осы идеямен Y Combinatоr-ға бардық және ТМД елдері арасында алғашқы стартап аттандық. Солай біз командамен Сан-Франциско қаласына көштік және жұмысты америкалық нарық үшін ағылшын тілінде жалғастырдық.

Conversation Al технологиясы жайында


Conversation Al — бұл термин-қолшатыр. Ол өзіне технологиялық қамшыны жинайды. Оны екі бөлімге бөлуге болады.

Goal-oriented боты бар, оның мақсаты — белгілі қызметті атқару, қолданушымен диалогтық қадамдарды азайту. Оларға Siri, Alexa және басқа да виртуалды көмекшілер жатады.

Екінші бағыты — Open domain боттары. Олар тек қызмет қана емес, эмоциональдық тапсырмаларды да орындайды. Олардың міндеті керісінше — қолданушымен барынша ұзақ сөйлесу, оны қызықтырып тарту. Ондай бот сіздің күніңіздің қалай өткені, Netflix-тағы жаңалықтар, музыка туралы әңгімелесе алады.

Replika мен Ex-Human жұмысы туралы


Біздің мейрамханалық бот бірінші категориядан. Сан-Францискода ол танымал бола алмады, сондықтан біз басқа әдістермен тәжірибе жасадық.

Осы кезде қайғылы оқиға орын алды. Біздің команданың досы қайтыс болды. Біз сандық ескерткіш жасадық, нейрожеліге оның барлық хабарламаларын жүктедік және базадағы фразаларды қолданып сөйлесе алатын Open domain ботын құрдық. Оны жасап біткен соң, біз түсіндік, адамдарға эмоциональдық әңгіме қызығырақ. Сондықтан өзінің Аl көшірмеңді жасай алатын қосымша жасадық. Бұл сөйлесу кезінде қолданушыларға әртүрлі сұрақтар қойып, олардан үйрене отырып, бірте-бірте сандық көшірмеге айнала алатын бот еді. Осыдан біздің компанияның жаңа атауы туды – Replika.

Тағы бір уақытта адамдарға өздерінің көшірмесімен сөйлескен керек емес — оларға тыңдап және қолдай алатын дос қажет екенін түсіндік. Бүгінде Replika — әлемдегі ең дамыған, 20 миллионнан астам қолданушысы бар Conversation Al.

Replika-ның визуальды бөлігі де бар. Хат алмасудан өзге ЗD-модельді смартфоннан немесе виртуалды шындықтан көруге болады. Бұл оңтайландыруға қиын, қымбат технология. Бір күні мен 3D аватарларды қалай жақсартуға болатыны туралы ойладым, толыққанды сандық адамдарды жасау үшін Conversation Al-ды Deepfake-пен байланыстырдым. Осы идеямен Replika-дан кеттім және өзімнің Ex-Human жобамның негізін құрадым.

Botify Al.jpg

Біздің алғашқы өнім — Botify Al. Бұл демо технологиясы сияқты. Қосымшада тарихи адамдармен сөйлесуге болады. Әрқайсысының өз тұлғасы бар. Мысалы, Илон Маск Tesla мен ғарышты бағындыру туралы айтады, ал Боб Марли — регги мен Ямайка жайлы. Сондай-ақ өзенінің «сандық адамыңды» жасауға болады. Ол үшін фотосурет немесе бейнежазбаны жүктеу керек, дауысты таңдап, өз қалауыңыз бойынша жеке деректер қосуға болады.

Conversation Al-ды қайда үйренуге болады


Conversation Al — машиналық оқудың бөлімшесі. Ең алдымен осы бағытта білім алған дұрыс. Математиканы, бағдарламалауды, ықтималдық теориясын, код жазуды және оның архитектурасын құрай алуды білген міндетті.

Мақалалар — біздің бағыттағы негізгі дереккөз


Егер сізде негізгі білім болса, мақала оқып бастаңыз. Бұл біздің саладағы негізгі дереккөз. Twitter — жаңалықтар мен анонстарды бақылауға болатын жақсы желі. Зерттеу жұмыстарын жүргізетін мамандарға, профессоорларға, сонымен қоса ірі компаниялардың инженерлеріне тіркелген жөн. Солай сіз барлық өзгерс жайлы біле аласыз.

Сала қалай дамуда


Техникамен дауыс арқылы қарым-қатынас одан сайын көбейіп жатыр. Виртуалды көмекшілер, ақылды үйлер — мұның бәрі Conversation Al-ға жатады. Сондықтан сала тез дамуда.

Сатушылар мен кеңесшілерді сандық адамдармен ауыстыру тренді танымал болып бара жатыр. Технологияның өзі де өсуде. Google, Facebook, Microsoft және өзге де технологиялық алыптар зерттеу жұмыстарын жүргізуде, мақсаты — нейрожеліні одан сайын ақылды және түсінікті ету.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Мен Maqsut Narikbayev университетінде оқимын. Студенттерді қабылдау, студенттік өмір және университет ерекшеліктері туралы
Мен Maqsut Narikbayev университетінде оқимын. Студенттерді қабылдау, студенттік өмір және университет ерекшеліктері туралы
IT-маман болу үшін қайда түсуге болады: Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары
IT-маман болу үшін қайда түсуге болады: Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары
Шетелге түсу үшін жақсы ұсыныс хатын қалай алуға болады. Орталық Азиядан келген студенттердің тәжірибесі
Шетелге түсу үшін жақсы ұсыныс хатын қалай алуға болады. Орталық Азиядан келген студенттердің тәжірибесі
Шетелде оқу: 2024 жылы берілетін 12 толық стипендия
Шетелде оқу: 2024 жылы берілетін 12 толық стипендия
«Білім беру жүйесіне үлкен реформалар қажет», — Қазақстан мектептеріндегі сарапшы өзгерістер туралы
«Білім беру жүйесіне үлкен реформалар қажет», — Қазақстан мектептеріндегі сарапшы өзгерістер туралы