facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
salem-social-media-aza-standa-y-e-tanymal-veb-serialdardy-k-m-zhasaydy
logo
Salem Social Media. Қазақстандағы ең танымал веб-сериалдарды кім жасайды
Главный (каз)

29.11.2022

Salem Social Media. Қазақстандағы ең танымал веб-сериалдарды кім жасайды

Salem Social Media өкілдерімен контент құру, киноиндустрияны дамыту, қиындықтар мен болашаққа жоспарлар туралы әңгімелестік.


Рустам Юсупов, 35 жаста, Алматы қаласы, Salem Social Media бас директоры, @salemsocial.kz, @rustam_yussupov_

IMG_7479.JPG


Өзім туралы


Фильм және сериалдарға продюсерлік етіп жүргеніме 15 жылдан асты.
Salem Social Media-ға 2018 жылы атқарушы продюсер ретінде қосылған едім. Арада үш жыл өткенде сериалдар шығаратын ең ірі медиа-компанияның басшысы болдым.

Веб-сериалдардың форматы туралы


Веб-сериалдардың форматымен біз командамызбен Salem Social Media-ға келгенде таныстық.
2019 жылы қазақ тіліндегі әрі дорама жанрындағы Suikimdi Stories деп аталатын алғашқы веб-сериалды түсірдік. Бұл ең маңызды және бетбұрысты кезең болды. Біз көрермендердің реакциясын көрдік. Осылайша, Қазақстанда біз сияқты веб-сериал өндірушісі жоқ екенін түсіндік.

Бүгінгі таңда командамызда фильмдер мен сериалдар шығаруға маманданған, сондай-ақ интернетте өзін «судағы балықтай» сезінетін кәсіби мамандар бар. Мұндай табысты топ бізге дамудың жаңа кезеңіне сенімді түрде өтуге мүмкіндік берді. Біз өзімізді Орталық Азиядағы 40-тан астам өнімі бар үздік веб-сериалдар өндірушісі ретінде таныттық.

Веб-сериалдар жасампаз жандар үшін ерекше мүмкіндікке айналды


Веб-сериалдардың қарқынды дамуы технологияның дамуымен, веб-сайттардың көрерменге қолжетімділігімен байланысты.
Адамдардың контентті тамашалау әдеттері өзгерді. 80% жағдайда Salem көрермені веб-сериалдарды ұялы құрылғыдан көреді. Яғни оларға контентті телефоннан тамашалау қазірдің өзінде қалыпты жағдайға айналды: дәл қазір және осы жерде, бос уақыты болған кезде. Бұл кезде көрерменнің қайда болатыны еш маңызды емес.

Веб-сериалдар жасампаз жандар үшін ерекше мүмкіндікке айналды. Бұл — интернетте оңай қолжетімді және өмір шындығын ашық көрсететін формат. Мұндай формат адамдарға ұнайды, өйткені жобалар көбінесе өмірдегі проблемалар мен жағдайларды қарапайым тілмен түсіндіріп көрсетеді. Бұл жанр жасампаз адамға хронометраждан бастап, сахналардың күрделілік деңгейіне дейін толық еркіндік сыйлайды. Бұл сондай-ақ бюджетте де көрініс табады. Веб-сериалдар көркем телехикаяларға қарағанда әлдеқайда арзан.

Аудитория туралы


Salem жобаларының басты ерекшелігі — біз аудиториямен олардың тілінде сөйлесеміз, өзекті тақырыптарды көрсетеміз, көкейтесті проблемаларды көтереміз.

Бізді YouTube-та 18 бен 24 жас аралығындағы ер адамдардың 70%-ы көреді. Әйелдер аудиториясының да әлеуеті бар екенін көріп отырмыз, сондықтан қыздарға арналған контентті дамытуға көп күш салып жатырмыз. Әртүрлі жас санатындағы әйелдерге бірдей ұнаған соңғы жобалардың бірі — «Бала күтушісі» веб-сериалы.

Жоспарлары туралы


Дамудың басым бағыттарының бірі — дарынды жасампаздарды іздеу және талантын ашу.
Қазақстанда контент жасап, оны шетелге сатуға, елден шықпай-ақ әлемдік нарықта танылуға болатынын біз жас мамандарға Sheker веб-сериалының мысалы ретінде көрсеттік. Біз үнемі режиссерлерге, операторларға және продюсерлерге тест-шуттар өткізіп, жаңа тұлғалардың ашылуына және олардың дамуына көп көңіл бөлеміз. Salem командасының қалыптасуының негізінде осы принцип жатыр.

Биыл біз алғаш рет толық метражды фильм түсіріп, кинотеатрларда көрсеттік. Бұл сынақ жоба болды, дегенмен сәтті өтті. Енді келесі жылға бірнеше толық метражды фильм дайындап жатырмыз.

Salem-нің контентін халықаралық нарықта дамыту маңызды рөл атқарады, сондықтан жоспарымызда халықаралық фестивальдерге қатысу шекарасын кеңейту бар. Көрермендерді ерекше оқиғалармен таңғалдырып отырамыз.

2023 жылы біз алғаш рет хоррор жанрындағы веб-сериалды көрсетеміз, «еңбек құлдығы» мәселесін көтереміз, еліміздің таңғажайып жерлерін ашамыз.

Шығармашылығына назар аударуды ұсынатын үздік 3 режиссер:

— Әлішер Утев

— Айтөре Жолдасқали

— Қайрат Темірғалиев — Salem компаниясының хоррор жанрдағы жаңа жобасының дебютанты.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда тіс дәрігері қалай жұмыс істейді және қанша табады
Қазақстанда тіс дәрігері қалай жұмыс істейді және қанша табады
Қазақстанда айыппұлды қалай тексеру және дұрыс төлеу керек
Қазақстанда айыппұлды қалай тексеру және дұрыс төлеу керек
Мадияр Тойболды деген кім
Мадияр Тойболды деген кім
Алматыдағы ең үздік корей тағамдарын жеуге болатын 10 мекеме
Алматыдағы ең үздік корей тағамдарын жеуге болатын 10 мекеме
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын