Сәуле Самидин, туған жері — Жамбыл, SUN EVENTS бас директоры, SAUKELE үйлену салонының негізін салушы
Барлығы қалай басталды
Кәсіпкерлік қызметпен 1994 жылдан бастап айналысып келемін. Бастапқыда ол дүкен болды, кейін баспа саласында жұмыс істедім, одан соң жарнама бизнесінде қызмет еттім. Уақыт өте келе жарнама бизнесі SUN EVENTS ивент-бизнесіне айналды. 15 жыл жұмыс істеп келеміз.
Бір уақытта ритейл саласындағы бизнесті дамыта бастадық, үйлену салонын аштық. Ивент костюмдермен, көйлектермен байланысты. Сыртқы келбет жастардың мінезін көрсетеді, іс-шараны әрбір клиентке лайықтап жасағымыз келеді. Мәселен, егер қыз інжу көйлек таңдаса, біз барлығы үйлесімді көріну үшін безендіруді де сәйкесінше жасаймыз.
Ритейлден өндіріске көштік. Алайда өзім модельер және дизайнер болмағандықтан, бұл жобада маманның көмегіне жүгінуді шештім. Сол себепті ательені Динара Абулинамен бірге аштық.
Әртүрлі жоспарлы бизнесті жүргізудегі қиындықтар мен артықшылықтар туралы
Бір салада көп уақыт бойы жұмыс істегенде, жаңа сезімдерге ие бола алмайсың. Аз тырысып, босаңсып қаласың. Ал жаңа нәрсе ойлап тапқанда қызығушылығың оянып, көзіңде жалын айда болады.
Барлық салалар өзара бір-біріне байланысты болғандарына қарамастан, олар әртүрлі. Бір жағынан — қызмет, екінші жағынан — сауда, ал енді бұларға өндіріс те қосылды.
Кәсіпкерлік қызметімді саудадан бастадым, бірақ ол бұрын болған оқиға. Ол кезде нарық енді ашылып, бәсекелестік болмай, сауда жеңіл өтетін. Сауда қарым-қатынастары басқаша құрылып, сауда жүйесі, клиенттер және азық-түліктер де өзгеше болды. Ал қазір тұрақталған экономика кезінде сатып, клиенттерді өзіңе аударту қиынға соғады. Сауда және клиенттерді қызықтыру үшін көптеген технологиялар пайда болды. Егер қызмет саласын толықтай білсем, fashion-ритейлде жаңадан келген адаммын.
Жаңа саланы меңгерудің бастапқы кезеңінде көптеген қателіктерге жол беруің мүмкін. Сондықтан мамандардың көмегіне жүгініп, бірге жұмыс істеуге кеңес беремін. Егер бірден ритейл саласында мол тәжірибесі бар маманға жүгінгенде, кейбір қателіктерді жасамаушы едім. Мәселен, бірден бұл саланы қалай жүргізу керек екенін түсінер едім.
Неге назар аударған маңызды
Үлкен тәжірибең болса да, жаңа жобаны бастау оңай емес. Жетілдірілген бизнес болған кезде ол басқасын жауып тастауы мүмкін. Бір жағынан бұл жақсы, алайда екінші жағынан бір жоба екінші жобаны өзіне тарта бастайды. Көптеген кәсіпкерлер ортақ бюджетпен бірнеше жобаны іске асырады. Бірақ мұндай жүйемен қай жерден табыс тауып, шығынға кетіп жатқаныңды түсіне алмайсың. Бұл дұрыс емес. Сол себепті бір жоба екінші жобаға тәуелді болмай, бюджеттері де әртүрлі болатындай жұмыс жүргіземін. Әрбір жоба өзін-өзі ақтауы маңызды.
Бірнеше бизнесті жүргізіп, жұмыс істеген кезде олардың арасында тез бірінен екіншісіне өте алу маңызды. Мен мұны істей аламын, өйткені көп уақыт бойы ивент саласында жұмыс істеп келемін, онда бір уақытта бірнеше іс-шара жүргіземін. Бұл тәжірибе маған үлкен көмек көрсетті. Бизнеске түрлі жобаларға секілді қараймын. Бұл қиын, бірақ мүмкін.
Бірнеше бизнесті жүргізіп, жұмыс істеген кезде олардың арасында тез бірінен екіншісіне өте алу маңызды
Сонымен қатар маған жұмыс тобым көмектеседі. Әрбір жобада осы жобаны жүрізетін жеке мамандар, менеджерлер, атқарушы директорлар жұмыс істейді. Жобада менің белсенді қатысуымсыз, өздігінен дамитын, жобаны толығымен тапсыратын қызметкерлерді табу маңызды. Бұл оңай емес, барлығы бұған үйренбеген және жауапкершілікті алғылары келмейді. Сондықтан лайықты адамдарды табу қиын, барлық үрдістерге қатысуыма тура келеді. Менің жағдайымда бизнесім көбінесе жеке брендке байланысты, яғни менің есімім маған жұмыс істейді, керісінше емес. Сол себепті әлі күнге дейін ішкі үрдістерді басқа адамдарға тапсыруды үйреніп келемін.