Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Сөреге қоюды қажет етпейтін ұлттық кәдесыйлар
15873

02.02.2017

Сөреге қоюды қажет етпейтін ұлттық кәдесыйлар

1. Авторлық футболкалар, сөмкелер





Светлана Туреханова, 32 жаста, Шымкент облысы, «Ару Арт» кәдесый өнімдерінің жетекшісі және негізін салушы


Біз жоғары сапалы тоқыма бұйымдарын шығарамыз. Тормен басу әдісі (шелкография) арқылы футболкалар мен сөмкелерге танымал қазақстандық суретшілердің туындыларын саламыз.


Компаниямыздың ұраны: «Қазақстандық болғаныма мақтанамын», бұл халқымыздың мәдени бастауларына деген құрметімізді білдіреді. Біздің өнімдеріміз Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына заманауи көзқарасты көрсетеді. Біз елімізде, сондай-ақ шет елдерде қазақтың салт-дәстүрін, сурет өнерін танытуға жұмыстанудамыз.



Мекен-жайы: Астана қ., Достык к., 9, «Керуен» ОСО, 1-қабат, «Ару Арт» галереясы

Жұмыс уақыты: Дс-Жс 10:00 — 22:00

Бағасы:

футболкалар — 7500 тг

сөмкелер — 6500 тг


Байланыс телефоны: 8 771 256 67 66



2. Таза ағаштан жасалған қолөнер бұйымдары




Жанғазы Сейдахмет, Алматы, дизайнер, Zhangozi брендінің негізін салушы

Брендті құруға күміс бұйымдар жасайтын зергер достарым себепші болды.


Қазақы өрнектер – біздің мәдениетіміз бен тарихымыздың бір бөлігі. Ал қазақтың дәстүрлерін жаңғырту мен насихаттау мен үшін өте маңызды болып табылады. Жеткізу қызметі бар.




Бағасы:

сырғалар — 2500 тг, 3500 тг

алқалар — 4500 тг, 5000 тг

жиынтық (сырғалар мен мойыналқа) — 3500 тг, 4000 тг


Байланыс телефоны: 8 775 608 38 23, 8 708 548 48 89, @zhan_gozi



3. Эко-сөмкелер




Маидэ Аканқызы, 11 жаста, Астана, Aybag брендінің негізін салушы


Ұлттық нақыштағы сөмкелер заманауи стильде жасалған. Біздің тұтынушыларымыз – негізінде, балалар мен жасөспірімдер. Бұл сөмкелер арқылы біз балалардың ұлттық мәдениетіміз бен қар барысы сияқты Қазақстанда кездесетін жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттырғымыз келеді. Aybag сөмкелерін ұстағанда сіз тек заттарыңызды ғана емес, қазақы құндылықтарды да көтеріп жүресіз.




Мекен-жайы: Астана қ., Қошқарбаев к., 28, «Сказочный мир» ТК, 1-қабат, Viva la life

Жұмыс уақыты: Сс-Сн 12:00 — 20:00, түскі ас 15:00 — 16:00

Бағасы: 2500 — 7000 тг


Байланыс телефоны: 8 701 310 97 04, 8 701 733 05 13, @aybag



4. Ағаштан жасалған бұйымдар





Азиз Абдулмажитов, 30 жаста, Алматы, дизайнер, ART GUILD студиясының негізін салушы


Мен осыдан төрт жыл бұрын өзімнің тұрақты дизайнерлік жұмысымнан кетіп, ART GUILD студиясын аштым. Жұмысымды телефондар мен ноутбуктерге арналған аксессуарлардан бастағым келді.


Мен жылы, тірі әрі табиғи материал – ағашты таңдадым. Негізгі жұмысты табиғаттың өзі істеп қойған, ал мен оны аздап түзеттім.


Қазіргі бұйымдар Алматы қаласына арналған. Алдағы уақытта әр қалаға арналған суреттемелер (иллюстрация) шығаруды жоспарлап отырмыз. Біз өз жұмыстарымыз арқылы Қазақстан қалаларының тарихын айтқымыз келеді.




Мекен-жайы: Алматы қ., Самал-2 ш.а, 111, Dostyk Plaza ОСО, 2-қабат, Experimentarium, жеткізу қызметі бар

Жұмыс уақыты: Дс-Жс 10:00 — 22:00

Бағасы:

магниттер — 600 тг

ұялы телефонға арналған қаптар — 7500 тг

постерлер 50х70 — 8100 тг


Байланыс телефоны: 8 778 407 72 28, @artguild



5. Aruline тауарлары





Гүнұр Иманова-Латып, 32 жаста, Астана, «Aruline» - нің негізін салушы


Мен қазақы мерекелерге арналған сөмке – қоржынды дайындап, нарыққа киіз бұйымдарды енгіздім.


Менің киіз бұйымдарын жасаумен айналысуымның бірден бір себебі – қазақстандық нарықта сапалы өнімнің жоқтығы.




Мекен-жайы: Астана қ., Кенесары к., 70 А, «Қыпшақ» ТК, «Свадебный рай» той салоны / Республика даңғылы, 30, «Торжество» / Тұран даңғылы, 37, «Хан Шатыр» ОСО, 224-бутик, «Дизайнерская студия Сейталиевой Маржан»

Жұмыс уақыты: Дс-Жс 10:00 — 20:00 / Дс-Жм 10:00 — 18:00, Сн 10:00 — 16:00 / Дс-Жс 10:00 — 22:00

Бағасы:

қобдишалар — 8000 тг бастап

қалта — 8000 тг бастап

тойбастар — 8800 тг бастап

қоржындар — 18 000 тг бастап

клатч — 35 000 тг бастап


Байланыс телефоны: 8 701 221 69 16 / 8 701 512 12 68 / 8 702 702 55 36



6. Fixed joints ағаш бұйымдары





Станислав Гришин, 28 жаста, Алматы, сәулетші, дизайнер


Маған ағашпен жұмыс істеген ұнайды. Алғашқыда, 150 кг салмаққа дейінгі креслоларды дайындап жүрдім. Сол себептен де біз, аудармасында «бекітілген буындар» мағынасын білдіретін Fixed joints деп аталамыз. Кейінірек дами келе, ерлер мен әйелдерге арналған аксессуарларды жасай бастадық, жеке тапсырыстарды да орындаймыз.


Біздің қойын дәптерлер (блокнот) Қазақстанда болған шетелдіктердің есінде сақталады. Бұл өнімдер – жергілікті халық пен шетелдіктер үшін жақсы естелік сыйлық. Біз мұқабасында Астана мен Қазақстан бейнесі салынған қойын дәптерлерін шығаруды жоспарлап отырмыз. Жеткізу қызметі бар.



Бағасы: қойын дәптерлер — 11 000 тг

Байланыс телефоны: 8 707 207 42 07, 8 707 681 45 66, 8 707 169 59 99, @fixed_joints


Меню

Істер

Қала 24

Шолу