facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/e54/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/e547864313c8276b4125c60a75b6fb28.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
ruslan-sultanov-aza-standa-zha-sy-zh-mysyn-ne-sebept-tasta-any-zh-ne-ba--de-ekspat-bol-any-zhayly
logo
Руслан Султанов Қазақстанда жақсы жұмысын не себепті тастағаны және БАӘ-де экспат болғаны жайлы
Өмір сүру стилі

19.04.2020

Руслан Султанов Қазақстанда жақсы жұмысын не себепті тастағаны және БАӘ-де экспат болғаны жайлы

Руслан Султанов, 35 жаста, туған жері — Астана, отельер, БАӘ-гі Rixos қонақ үйлеріндегі сату жөніндегі өңірлік менеджер, facebook, @rsultanoff

ruslan_sultanov(3).jpeg


Алматы — Дубай


Мен Дубайға 2018 жылы көшіп келдім. Университет бітіргеннен кейін шетелде тек демалыста немес іс сапармен ғана болдым. Бірақ әрдайым Қазақстаннан кетіп, өзімді шетелде көргім келген. Қазақстандағы жұмыс, стрессіз жұмыс мен үшін қолайлы жағдай болды және өзімнің іштей дамуым тоқтады. Бірақ өзімді әрдайым халықаралық нарықта көретінмін. Өз үйінен жырақта жұмыс істеген қалай болатынын көргім келді. Шетелдегі жұмыс қызыққа толы болатынын түсінетінмін.

Мен даму үшін және өзімді әлемге көрсету үшін көшіп келдім. Халықаралық тәжірибе жинап, кейін Қазақстанға қайту үшін. Мұнда бір жарым жылдай тұрып келемін және өзімді қолайлы сезінемін.


Көшу кезіндегі қиындықтар жайлы


ruslan_sultanov(2).jpeg

Үш басты фактор: климат, өмір сүру бағасы және профессионалдық өсу.

БАӘ-де ыстық климат, жазда температура 50 градусқа дейін барады. Бірақ маған ол ыңғайсыздық келтірмейді.

Әр адам кездесетін басты қиындық — қымбат өмір. Адам көшу кезінде алдымен қаржылай қиналады. Өзіңе қолайлы жағдай және қауіпсіздігіңді қамтамасыз ету үшін ақша керек. Сәйкесінше ол өмір сүру бағасына әсер етеді. БАӘ-де тапқан ақшаның бәрін осы жерде қалдыруға тура келеді. Қарапайым өмір сүру стиліне және шығындарды дұрыс есептеуге үйренген жағдайда ғана үнемдеуге болады.

Қарапайым өмір сүру стиліне және шығындарды дұрыс есептеуге үйренген жағдайда ғана үнемдеуге болады


Мысалы, баспана мен көлікті маған жұмыс беруші қамтамасыз етеді.

Көшу кезінде өз карьерамда бірнеше қадам артқа жасадым. Аяққа тұру үшін сені бұрынғы жұмысындағыдай қызметке алмайтынын түсіну керек. Бұдан басқа жоғары бәсекелестік те бар. Адамдар көшу кезінде осы факторлар үшін қапалануы мүмкін.


БАӘ-гі өмір жайлы


ruslan_sultanov(4).jpeg

Осында көшіп келгенде, барлық жердегі тазалық пен инфрақұрылыстарына қатты таңқалдым.

Мұнда өзара тату және профессионалды үлкен отбасы тұрады


Сондай-ақ мәдениетіне риза болдым. Қалада түрлі ұлттар тұрады, бірақ Дубай барлығын бір деңгейде ұстайды. Мұнда өзара тату және профессионалды үлкен отбасы тұрады. Ұлтқа бөлінбейді, адамдарда қатыгездік сезілмейді. Көбінесе адамдар мұнда алдымен жұмыс істеуге, одан кейін ғана тұруға, ұрпақ таратуға, отбасы құруға келеді.

Жақында көшіп келген адамдарға кеңес: барлық ойдан арылып, Дубайда барлығы адамдардың қолайлы жағдайы мен қауіпсіздігі үшін істелінетінін түсіну. Сондай-ақ ортаға сіңісу керек. Мұнда түрлі ұлттар арасында достарды тез табуға болады.


Қызметі жайлы


Мен Rixos қонақ үйлеріндегі сату бойынша өңірлік менеджермін — бұл әзірге Дубайдағы менің алғашқы және жалғыз жұмысым.

БАӘ-де төрт қонақ үй бар, мен оларды Орта Азия мен Кавказ елдерінде таныстырамын. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Армения, Әзірбайжан кіретін өңірлер үшін жауап беремін. Араб Әмірліктерінде жұмыс істейтін Rixos қонақ үйлер желісін таныстыру үшін осы алты елге барып тұрамын.

Алғаш келгенде қызметім басқа еді, жарты жылдан кейін қызметте көтерілдім. Өзімді жауапкершілікті қызметкер ретінде таныттым, сондықтан маған үлкен жұмысты тапсырды.

ruslan_sultanov(1).jpeg

Rixos жүйесімен таныс болдым, бұл университет бітіргеннен кейінгі менің алғашқы жұмыс орным болған. Біз Астанада Rixos President Astana қонақ үйін ашқан болатынбыз, ол кезде мен алғашқы қызметкерлерінің бірі болдым.

Сұхбаттасқаннан кейін бірден Дубайға шақырту алдым. Жарты жыл ойландым. Қандай қызметке бара жатқанымды және Қазақстанда не қалдыратынымда түсініп отырдым. Бірақ егер адам жоғары секіргісі келсе, ол үшін оған екі-үш қадам артқа жасау керектігін түсіндім. Осы қағидамен шешім қабылдадым. Мен халықаралық қонақ үйлер бизнесінің жоғары жеңгейіне жеткім келеді. Сондықтан екі қадам артқа жасауым керек болды.

Дубайда жұмысты жеңілдететін алғашқы дағды — ағылшын тілін білуің. Онсыз мұнда жұмысқа тұра алмайсың. Сондай-ақ жай ғана үйден сыртқа шыққанда да өзіңізді еркін сезіне алмайсыз, тіл барлық жерде қажет.

Дубайда жоғары профессионалдық бәсекелестік, түрлі саладағы мықты мамандар көп. Ол адамдар өздерін бірнеше жыл білімге, тәжірибе жинауға арнады.

Мұнда мультимәдениетті қызметкерлер, түрлі елдердің кәсіби мамандары жұмыс істейді. Сондықтан менталитетте, қарым-қатынаста айырмашылық бар.


Көшу қалай әсер етті


Дубай мені жеке қасиеттер тұрғысынан адам ретінде мықты және табанды болуға үйретті. Көшкеннен кейін мен мәдениеттегі айырмашылыққа, жұмысқа деген қарым-қатынасқа байланысты өзімді ыңғайсыз сезіндім. Бірақ Дубай мені бейімделуге үйретті. Шетелдік өмірдің үйдегі өмірден айырмашылығы бар екеніне көзімді жеткізді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.