facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
rt-s-ndirushi-yzmetindegi-iyndy-tar-zh-ne-adamdardy-auipsizdigin-amtamasyz-etudi-zholy
logo
Ɵрт сɵндiрушi қызметiндегi қиындықтар жəне адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жолы

23.03.2019

Ɵрт сɵндiрушi қызметiндегi қиындықтар жəне адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жолы

Сағидолла Бекентаев, 33 жаста, туған қаласы — Арқалық, аға ɵрт сɵндiрушi

DSC_4589.jpg


Бұл мамандыққа қалай келдiм


Мен 2008 жылы əскерден келдiм жəне алдымда IIМ-не немесе ТЖМ-не бару таңдауы тұрды. Мен ɵрт сɵндiру бɵлiмiн таңдадым, барлық тексерiстерден, комиссиялардан ɵттiм. Осында жұмыс iстеп жатқаныма он жыл болды.

Жұмысқа дейін мен бұл қызмет жайында ештеңе бiлмедiм. Мамандықты, оның жауапкершiлiгiн ақырындап ұғына бастадым.

Бастапқыда тағылымдамадан, оқудан ɵттiм. Менi ɵрттерге жолатпайтын, жас маман ретiнде сыртта тұрып кɵмектесетiнмiн – ɵрт сɵндiру кɵлiгiн сумен қамту, бағытты ұстап тұру, ɵрт сɵндiрудi талдау қызметтерiн атқардым.

Кейiн жас қызметкерлерге адамдарды эвакуациялау жəне ɵрт сɵндiру кезiнде, дем алуға жарамайтын ортада маскамен жұмыс iстеу мүмкiндiгiне ие болу үшiн, кiру рұқсаты берiледi. Бiз бейiмделген кезде, ɵрттерге ɵзiмiз кiрiп, адамдарды құтқара бастаймыз.

Қазiрде мен аға ɵрт сɵндiрушi қызметiн атқарамын. Жас қызметкерлердi ɵзiм оқытамын.


Ɵрт сɵндiрушi мамандығы жайында


Ɵрт сɵндiрушiнiң мiндетi – алдымен адамдарды жəне олардың мүлiктерiн құтқару. Сол себептi бiз ɵртке шыққан кезде, əрдайым адамдарды құтқаруды үлгеру керек деп ойлаймыз.

Ɵрт сɵндiрушiнiң мiндетi – алдымен адамдарды жəне олардың мүлiктерiн құтқару


Бөлімдегі бір аусымға 12 адам шығып отырады, олардың 8 шақыруға шыға алады. Бiздiң күн тəртiбiмiз таңертеңнен кешке дейiн жазылып қойылған. Бiз жоспар бойынша күні бойы ауданды зерттеймiз, ɵрт сɵндiру гидранттарын тексеремiз. Сонымен қатар бɵлiмде шақыруларды белгiлеп, бiзге жеткiзетiн диспетчерлер жұмыс iстейдi. Егер ɵрт болса, олар бiзге жолдама бередi жəне бiз бiр минуттың iшiнде бɵлiмнен шығып, бес-алты минуттың iшiнде ɵрт болып жатқан жерге жетуiмiз қажет.

DSC_4591.jpg

Бiрiншi рангтың ɵрттерiне бiр бɵлiм шығуы мүмкiн. Егер ɵрт екiншi рангты болса – кɵмекке кɵршi бɵлiм шығады. Үшiншi рангты ɵртке бүкiл гарнизон шығуы мүмкiн.

Басты қиындықтар адами фактормен байланысты. Адамдар ауланы кɵлiктерiмен қаптап қоюы мүмкiн жəне түнде аулаға кiру қиынға соғады. Тұрғындар ауланың алдына шлагбаум қойып қояды. Бiрақ бiздiң жүргiзушiлерiмiз нағыз мамандар жəне олар осындай жағдайлардың ɵзiнде жұмыс iстей алады.


Мамандық қалай ықпал еттi


Бiздiң мамандығымыз адамдарды ɵзгертедi.

Ɵрт сɵндiрушi мамандығында қорқынышыңды жеңу маңызды. Бастапқыда биiктiк, жалын көптің үрейін туғызады. Оларды жеңу барлығының қолынан келе бермейдi.

Оған қоса адам саған сенiп, соңынан ерiп баруы үшiн, бiр жағынан психолог бола бiлу керек. Сонда ғана адамдарды құтқарып алуға болады.

Он жылдан кейiн мен моральдық тұрғыдан барлығына дайынмын


Он жылдан кейiн мен моральдық тұрғыдан барлығына дайынмын. Жұмыста артыңнан жiгiттер келе жатқанын жəне сендер əрдайым бiр-бiрiңе сене алатындарыңды бiлесiң. Бiздi бiр-бiрiмiздi тастамауға үйретедi.


Мамандықтағы қағидалар


DSC_4611.jpg

Жұмыста моральдық-ерiктiк қасиеттер маңызды орын алады. Əртүрлi жағдайлар болады, бiрақ ɵз күшiңдi адекватты түрде бағалау керек. Ажиотажға берiлмей, барлығын ақылға салып iстеу керек.

Тағы бiр маңызды нəрсе – жас қызметкерлер мен құтқаратын адамдардың алдындағы жауапкершiлiк. Бұл ең маңыздысы.


Мамандық не сыйлады


Бiреуге кɵмектескен кезде, адамдарды құтқарған кезде, жұмысыңның маңыздылығын түсiнесiң.

Мен əлi күнге дейiн үйренiп жатырмын. Офицер қызметiне жетудi жəне осы салада əрi қарай қызмет атқаруды қалаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Өз еңбектеріңізді жариялай алатын Қазастанның 4 ғылыми журналы
Өз еңбектеріңізді жариялай алатын Қазастанның 4 ғылыми журналы
Freedom Holding Corp-да жұмыс қалай жұмыс істейді. Халықаралық компаниялар тобындағы мансап туралы
Freedom Holding Corp-да жұмыс қалай жұмыс істейді. Халықаралық компаниялар тобындағы мансап туралы
Жұмыс-өмір балансын қалай сақтау керек: Google және Jaguar Land Rover қызметкерлерінің кеңестері
Жұмыс-өмір балансын қалай сақтау керек: Google және Jaguar Land Rover қызметкерлерінің кеңестері
Әйел-жетекшілер. Алматылық табысты іскер әйелдердің жолы
Әйел-жетекшілер. Алматылық табысты іскер әйелдердің жолы
Мен Amazon-да жұмыс істеймін. Қалай әлемдегі ең ірі IT-компанияның қызметкері болуға болады
Мен Amazon-да жұмыс істеймін. Қалай әлемдегі ең ірі IT-компанияның қызметкері болуға болады