facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
rfmm-t-lekter-el-m-zd-zd-k-mekteb-ndeg-b-l-m-mansap-ru-a-zh-ne-o-u-a-alay-y-pal-etken-zhayynda
logo
РФММ түлектері еліміздің үздік мектебіндегі білім мансап құруға және оқуға қалай ықпал еткені жайында

06.07.2019

РФММ түлектері еліміздің үздік мектебіндегі білім мансап құруға және оқуға қалай ықпал еткені жайында

Асима Иматалиева, 19 жаста, туған қаласы — Алматы, Drexel University студенті


33B68205-EEDE-40F3-8F05-A725AC62DFEB.jpeg

Мектепті таңдау жайында


Мен мектепке 2014 жылы түстім, оқуды екі жыл бұрын бітірдім.

Бірінші сыныптан бастап жекеменшік физика-математикалық мектептерде оқыдым, оның қатарында РФММ оқу орнының жанындағы «Келешек» мектебі де болды. Сол себепті мен осы мектепке түсуді шештім.

Мектептің дәрежесі жоғары деңгейде және мұғалімдері жақсы. Осында сені мақсатқа талпынған және жігерлі адамдар қоршайды – бұның барлығы одан сайын дамып жетілуге ынталандырады. Бұндай мектепте биік мақсаттар қалыптасады.


Мектептегі атмосфера және үйренген нәрселері


Жекеменшік мектепте байқағаным – бір сыныпта әртүрлі өңірлер мен елдерден, тіпті Қытайдан келген балалар көп болды. Бұндай алуандық бірден көзге түседі. Математика мен физикаға шынымен де үлкен көңіл бөлінеді, бірақ басқа пәндер бойынша да жақсы білім беріледі.

Оқудағы ерекшеліктердің бірі – үлкен көлемдегі тапсырмалар мен талаптарды атап өтетін едім, әсіресе гимназиялар мен лицейлерден ауысып келген оқушыларға үлкен талаптар қойылады. Мектепте барлық оқушылар жақсы оқуға ниетті. Дұрыс бәсекелестік орын алады, біз меткеп бітірген жылдың өзінде 350 түлек шығарылды. Бұл бізді біріктіретін, біз көрші сыныптың балаларымен дос болып, бір-бірімізге көмектесетінбіз.

Мектеп маған немен айналысу ұнайтынын және болашақта өзімді кім болып көретінімді түсінуге көмектесті


Жыл сайын мереке күндері, әсіресе Наурыз мейрамында көп іс-шаралар өтеді. Сонымен қатар мектеп үшін РФММ негізінде өткізілетін халықаралық олимпиада маңызды шара болып табылады. Демалыс кезінде оқушылар еріктілік қозғалыспен айналысады, іс-шараларды ұйымдастыруға көмектеседі. Мектепте дарындылар байқауы, РФММ ханшайымы мен ханзадасы байқауы өтеді. Соңғы кезде театрландырылған қойылымдар белсенді түрде дамып жатыр.

Мектеп маған немен айналысу ұнайтынын және болашақта өзімді кім болып көретінімді түсінуге көмектесті. Пайдалы танысуларға ие болып, қиын жағдайлардан шығуға дағдыландырды. Бізді күнделікті өмірде логикаға қонымды шешімдерді қабылдауға, басқа менталитетті, әртүрлі көзқарастарды есепке алуға үйретті.


РФММ түлегі қандай болады


РФММ оқушыларының барлығы оқуға берілген деген стереотип бар. Бұл олай емес, әртүрлі салаларда дарынды болып табылатын түлектеріміз көп. РФММ-де барлық оқушылар жан-жақты болып келеді.

Үлкен жүктемеге қарамастан, барлық оқушылар сыныптан тыс қызметпен айналысуға үлгеретін. Мектепте олимпиада қатысушылары көп, оларды жақсы қолдайды. Басым бөлігі қазақстандық жоғары оқу орындарына түседі, сонымен қатар көбісі Ресейге немесе Қытайға кетеді.


Оқуы мен жұмысы жайында


11 сыныптан кейін мен АҚШ-ға, Филадельфияға оқуға түстім. Қазірде «қаржы және бизнес-талдау» мамандығы бойынша оқып жатырмын, әртүрлі компанияларда тағылымдамадан өтіп жатырмын. Мысалы, Chubb – әлемдегі ірі сақтандыру компаниясында жарты жыл жұмыс істедім. Қазіргі кезде Wall Street компаниясында немесе АҚШ-дағы ең ірі инвестициялық банкінде тағылымдамадан өту бойынша жауап күтіп жүрмін.


Абылай Махмұдов, 25 жаста, туған қаласы — Алматы, IT-компанияның басқарушы серіктесі


202092DB-69EF-4F5D-A9AE-2CCDCB57E61A.jpeg


Мектепті таңдау жайында


Мен РФММ 2011 жылы бітірдім.

Мектепті апам таңдады, себебі РФММ – бұл мықты мектеп екеніне сенетін. Бұл мектеп Қазақстандағы үздік оқу орындарының бірі болып саналады. Ал оқушылары – республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері. Көп оқушылары халықаралық жобаларға қатысып, жоғары баллмен шетелдегі жоғары оқу орындарына түседі.


Мектептегі атмосфера және үйренген нәрселері


РФММ-де мұғалімдер жалқау баланың өзінде оқуға деген сүйіспеншілікті оятады. Мектепте жылы атмосфера орнаған. Осында барлығы бір-біріне көмектесуге тырысады. Мектеп айналысып жатқан ісіңді жақсы көруге үйретті. Бәсекелестік дамып жетілуге септігін тигізетінін түсіндім.

Мен сабақтардан кейін достарыммен қалуды жақсы көретінмін. Ал менің жұбайым менен бір сыныпқа кіші оқыды.

Мектеп мені университетке жақсы дайындады


Мектеп мені университетке жақсы дайындады. Алған білімнің арқасында университеттің бағдарламасын оңай меңгердім.

Негізінде таныстарым және достарымның көбісі бағдарламалау бағыты бойынша оқуға түсті. Кейбіреулері шетелде білім алды.


РФММ түлегі қандай болады


Біз қаламды қолмен айналдыруды жақсы көретінбіз. Бұл түлектерімізге тән өзіндік ерекшелік. Кейбір сыныптастарымызбен әлі күнге дейін араласып келеміз. Біздің жылғы түлектеріміздің басым бөлігі IT-салада жұмыс істейді.


Жұмысы жайында


Мен IT-шешімдерді өңдеумен айналысатын компанияның басқарушы серіктесімін.


Әсел Садықова, 27 жаста, туған қаласы — Алматы, талдау орталығының маманы


B6C79E57-D20C-4614-97C4-235627094660.jpeg

Мектепті таңдау жайында


Біз ата-анамызбен дамуға және жақсы білім алуға болатын мектепті таңдап жүрдік. Нәтижесінде таңдауымыз Республикалық физика-математикалық мектепке түсті. Мен қабылдау емтихандарын тапсырып, қатал іріктеуден өтіп, қызықты мектеп өмірінің бөлігіне ендім. РФММ-ке басқа мектептер мен елдерде сынып көшбасшылары болған балалар түседі, бірақ осында барлық оқушыларға тең қарайды. Біреуді оқуға міндеттеген жағдай болған жоқ. Осында оқу – сенің жеке таңдауың. Осы жерде мектептің қажеттілігін және қандай нәтижелерді күтетініңзді түсіну керек.


Мектептегі атмосфера және үйренген нәрселері


Мектеп кезіндегі өмір – әрбір адамның өмірінде болатын ең керемет кезең. Осында біз білімге, дағдыларға, достарға ие болдық. Маңыздысы – мектептегі сыныптар арасында жылы қарым-қатынас орнаған. Кішілерге ерінін шүйріп қараған оқушылар болған жоқ. Жоғары сыныптың оқушылары саған тең дәрежеде қарайды.

Дарынды және шығармашылық адамдар көп жерде оқыған кезде, әлемде алатын орныңды ұғына бастайсың. Немен айналыса алатыныңды түсінесің. Кейбір нәрселер қолыңнан келмейді немесе басқалардан кемсің деп ешкім ешқашан айтпайды. Барлығы әдепті және үйлесімді болды. Бұл жақсы атмосфера тудыратын қасиеттердің бірі.

Мектеп кезіндегі өмір – әрбір адамның өмірінде болатын ең керемет кезең


11 сыныпта, жоғары оқу орнын таңдап, емтихандар мен мектепті бітіру кешіне дайындалған кезде, қиындау болды.

РФММ ойлау қабілетін сыйлады. Осында бізге маңызды қасиеттерді – асықпай жауап беруді, ойлануды сіңірді. Маңыздысы – тез болатын нәтиже емес, маңыздысы – процесс.


РФММ түлегі қандай болады


РФММ түлегі – бұл өзінің рөлін және мүмкіндіктерін ұғынатын көшбасшы. Оқудан кейін, сен әлемге басқаша қарайсың. Оның әртүрлі және күшті екенін түсінесің.

Бізде Қазақстанда РФММ түлектерінің қауымдастығы бар. Оның құрамына министрлер, директорлар және «Яндекс» іздеу жүйесін жасап шығарған адамдар кіреді. Сонымен қатар қауымдастық басқа елдерде де, мысалы Ұлыбритания мен АҚШ-да бар. Мектепті бітіргеннің өзінде барлық түлектер өзара араласады, байланысты үзбейді. Шет елдерде бұл кәсіби қатынас ретінде көрініс табады.


Жұмысы жайында


Мектептен кейін мен АҚШ-дағы жоғары оқу орнына түстім, кейін жұмыс бойынша Лондонға кеттім. Қазірде ірі компанияның маманымын және жұмысым маған ұнайды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Онлайн немесе офлайн. Жастар әртүрлі оқыту форматтарының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы
Онлайн немесе офлайн. Жастар әртүрлі оқыту форматтарының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы
Abay Academy қазақстандық білім берудің болашағы мен шындығы туралы ортақ негізін қалаушы
Abay Academy қазақстандық білім берудің болашағы мен шындығы туралы ортақ негізін қалаушы
Google, PwC, HP тегін сертификаттары бар 12 онлайн курс
Google, PwC, HP тегін сертификаттары бар 12 онлайн курс
Мен ҚБТУ-да оқимын. Студенттер университетке қалай түсу керектігі және оның артықшылықтары туралы
Мен ҚБТУ-да оқимын. Студенттер университетке қалай түсу керектігі және оның артықшылықтары туралы
Лаура Аутелеева, қазақстандық жас ғалым қазіргі ғылымның мәселелері мен дамуы туралы
Лаура Аутелеева, қазақстандық жас ғалым қазіргі ғылымның мәселелері мен дамуы туралы