Әлемде әлі күнге дейін теңдесі жоқ «Маугли» жүйесінің авторы Александр Петров Астанаға келді. Ресейлік мейман елорда іргесіндегі киокушинкай каратэ федерациясының ұлттық базасында отандық мамандарды оқытып жатыр.
Жаңа жүйенің басты ерекшелігі – 3-6 жас аралығындағы балалардың физикалық қабілетін барынша шыңдап, адам айтса, нанғысыз көрсеткіштерге қол жекізу. Мәселен, 5 жасар бала ондаған мәрте турникке тартылып, кемінде жүз мәрте еденде қолмен кеудесін көтереді. Павловтың жүйесі қазір Ресейдің бірнеше қаласындағы балабақшалар мен мектептерге енгізілген. Ал осы бағдарламаны бойына сіңірген 50 мыңнан аса шәкірті – шетінен құрлықтық, әлемдік және олимпиадалық ойындардың жеңімпазы.
«Басқаша айтқанда, болашақ чемпиондарды бала жастан тәрбиелеу бағытында қазіргі таңда бұдан тиімді жүйе жоқ», – дейді авторы.
Дерек көзі: 24.kz