Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Пойыз билетінің бағасына кіретін сіз біле бермейтін 8 қызмет
10795

14.02.2017

Пойыз билетінің бағасына кіретін сіз біле бермейтін 8 қызмет


БІЗ пойызда сізге қандай міндетті қызметтер көрсетілуі тиіс екендігін білдік.

— төтенше жағдай кезінде пойыз әкімшілігі сізге дәрі қобдишасын беріп, алғашқы медициналық көмек көрсетуге немесе жақын бекеттегі жедел жәрдемді шақыруға міндетті


— тәуліктің кез келген уақытында пойыздың сіздің бекетіңізге жақындағанын ескертуі керек


—егер вагонда ток кернеуі жеткілікті болса, пойыз жолсерігімен келісіп, сіз өз купеңізде телефоныңызды қуаттай аласыз


— егде тартқан, кішкентай балалармен жүрген жолаушыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға жолсеріктер төсек жабдықтарын жайып беруі тиіс


— мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойыз ішінде қозғалуға арналған мобильді арба беріледі


— жолаушы талабына сәйкес жолсерік сіздің купеңізге ресторан вагонының өнімдеріне тапсырыс алу үшін ресторан вагонының қызметкерін шақыруға міндетті.


Talgo жолаушылар пойызында жоғарыда көрсетілгендерден басқа, келесі қызметтер көрсетіледі:


— жолаушыларды басылымдармен қамтамасыз ету


— жатын вагондарындағы мультимедиялық ресурстарды қарау үшін планшеттерді пайдалану.


Дереккөз: temirzholy.kz

Меню

Істер

Қала 24

Шолу