facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
pol-shada-y-aza-tar-aza-stan-a-ara-anda-osynda-zh-mys-a-o-ayyra-ornalasu-a-bolatyny-zhayynda
logo
Польшадағы қазақтар Қазақстанға қарағанда осында жұмысқа оңайырақ орналасуға болатыны жайында

06.05.2019

Польшадағы қазақтар Қазақстанға қарағанда осында жұмысқа оңайырақ орналасуға болатыны жайында

Ермұрат Такен, 20 жаста, туған қаласы — Көкшетау, студент

WhatsApp Image 2018-07-12 at 22.10.48 (1).jpeg

Мен Польшаға үш жыл бұрын көшіп келдім. Мектепті бітіргесін, Қазақстанда қалу немесе Польшаға кетіп қалу таңдауы болды. Мен біраз ойландым, бірақ анам Польшаға баруға көндірді. Ол сондай мүмкіндіктерге ие болған жоқ, сол себепті менің әлемді көргенімді қалады. Бұдан бөлек, жайлы зонадан шыққан кезде, міндетті түрде дамып жетілесің.

Польшаны таңдаған себебім – бұл Қазақстанға ең жақын орналасқан еуропалық елдердің бірі. Сонымен қатар бұл елде еуроның орнына жеке валютасы бар. Сол кезде Қазақстанмен салыстырғанда Польшаның бағалары төмен болды. Құжаттарымды тапсырған кезде, алтынның теңгеге қатынасы 50-ге тең болды, бірақ бірнеше айдан кейін, ұшып кетудің алдында девальвация болды және курс өзгерді. Қазірде курс бойынша 1 теңге 94-ке тең.

Бұрын Польшадан Қазақстанға ұшатын билеттердің құны қымбат болды және Украина, Белорусия, Ресей арқылы ауысып ұшу керек болды. Бірақ қазірде Варшава мен Будапешттен Қазақстанға бағытталған тура рейстер ашылды. Қазіргі кезде, егер билеттерді уақытында алсаң, Будапешттен Астанаға және қайтадан ұшып келу үшін 24 000 теңге кетуі мүмкін.

WhatsApp Image 2018-07-12 at 22.10.48.jpeg

Мен келген кезде, тілдік кедергінің себебінен қиындықтар болды. Бұл Еуропа болса да, осында көбінесе ағылшын тілі қолданылмайды. Бірақ мен шамамен бір жылдың ішінде поляк тілін үйреніп алдым, менде басқа таңдау болған жоқ. Егер дұрыс өмір сүруді қаласаң, жергілікті тілді білу керек. Сонымен қатар мен кейбір кезде ұлттық немесе дін жағынан жағымсыз жағдайларға тап болдым. Қазақстандағы халық бұл орайда әлдеқайда жұмсақ болып табылады.

Әрине, Қазақстандағы және Польшадағы өмір ерекшеленеді, бірақ қатты емес. Польшаны заманауи Еуропа деп атау қиын. Польшаның артықшылығы – олар шағын қалалар мен ауылдардың инфрақұрылымына көп ақша бөледі, соның арқасында өмірдің деңгейі жоғары деңгейде. Дәрігерлер мен мұғалімдер жақсы жалақы алады. Бірақ бәрібір Отаныңнан жақсы жер жоқ, себебі туған жерің жайлырақ, сол жерде барлық туыстарың, ұлттық тағамың бар, осында дәмді етті таба алмайсың. Менің ойымша, жақында біз экономика және басқа салалар бойынша Еуропаның елдеріне дейін жетеміз. Елімізді Еуропада дамыту керек, ол жайында көп айту керек, себебі осында Қазақстан жайында аз біледі.

WhatsApp Image 2018-07-12 at 22.10.47.jpeg

Польшада этникалық қазақтардың бар екенін білемін, бірақ оларды кездестірмедім. Осында «Барс» деп аталатын үлкен ұлттық қауымдастық бар. Олар әртүрлі іс-шараларды жиі ұйымдастырады. Мысалы, биыл Польшадағы қазақ Елшілігінің қолдауымен Варшавада футбол бойынша EuroKZ турнирі өтті. Бұл шараға Германия, Аустрия, Чехия және Венгрия елдердегі қазақстандық студенттердің ұйымдары қатысты. Келесі турнир Аустрияда өтеді.

Университетті бітіруге жақын қалды, мен дипломды қорғауға дайындалып жатырмын, сонымен қатар Arvato Berte lsmann неміс компаниясында жұмыс істеймін. Қазақстанға қарағанда осында жұмыс табу оңайырақ, тек ағылшын тілін білу керек. Мен сұхбаттасудың бірнеше кезеңінен, тренингтерден өттім де, жұмысқа кірістім. Сол себепті тәжірибе жинау үшін, Польшада біраз жұмыс істеу жоспары бар, себебі Қазақстанда тәжірибесіз жұмысқа орналасу қиынға соғады. Ал кейін Қазақстанға ораламын, себебі Отанымды сағынып жүрмін.


Мадина Игибаева, 30 жаста, туған қаласы — Павлодар, бизнес-талдаушы

88

Мен Польшаға өткен жылдың қыркүйек айында көшіп келдім. Польша мені таңдады: маған жұмыс бойынша ұсыныс түсті. Мен әрқашан саяхаттауды қаладым және кенеттен шақыруға ие болдым. Сұхбаттасулар көп болды, олар қиын болса да, өте қызықты болды. Мен көп ойланған жоқпын. Польша – бұл еуропа, демек, көп елдерді көру мүмкіндігім болады. Оған қоса маған ұсынған жалақы тартымды болды.

Көшу барысында қиындықтарға тап болған жоқпын, релокациямен толықтай компания айналысты. Бұған дейін мен штаттарда оқыдым, сол себепті мені Еуропаның Америкаға тым ұқсамайтыны ғана таң қалдырды. Бастапқы уақытта осында көбісі ағылшын тілін білмейтіндіктен, адамдармен еркін түрде араласа алмайтыным ұнаған жоқ, бірақ мен жұмыс ітейтін компанияның құрамы интернационалдық және біз барлығымыз ағылшын тілінде сөйлесеміз.

Қазіргі кезде мен ірі инвестициялық банкте бизнес-талдаушы болып жұмыс істеймін. Біз банктің негізгі құрылымы үшін бағдарламалық жасақтаманы өңдеп шығарамыз. Көбінесе шетелдік әріптестеріммен араласамын, өнімге деген сұранысты айқындаймын, командамен жұмыс істеймін.

Менің айналамдағы адамдар – Бразилиядан, Ресейден келген адамдар, поляктар аса көп емес. Бірақ олар өздерін әлдеқайда емін-еркін ұстайды, қарым-қатынасқа деген көзқарастары кішкене басқаша деп айта аламын. Поляктар барлық еуропалықтар сияқты сырт келбетке, жұмысқа жеңіл қарайды. Менің байқағаным – осында жеке өмірді бағалайды. Белгілі уақыттан асып жұмыс істеу – сирек кездесетін жағдай, адамдар сегіз сағат жұмыс істеп, үйлеріне қайтады. Бірақ жай отырмай, шынайы жұмыс істейді және бір-біріне көмектесуге тырысады.

Жалпы осындағы өмір басқа Шығыс Еуропалық елдерден қатты ерекшеленбейді. Польша Батыс Еропадан алыс деп айтады, бірақ бұл жақсы шығар. Маған бәрінен бұрын орналасқан жері ұнайды. Еуропа бойынша саяхаттауға болады, бұның өзінде Франция, Бельгия және басқа елдерге қарағанда осында әлдеқайда арзанырақ. Мысалы, пәтерді жалдаудың құны Астанадағы бағалардан қатты ерекшеленбейді.

Мен Польшадағы қазақтармен араласпаймын. Басқа мәдениетті зерттей отырып, әрдайым қазақтармен болудың мәні жоқ деп ойлаймын. Әртүрлі ұлттың адамдары өзара аса ерекшеленбейді деп санаймын. Біз бірдейміз және барлық ұлттардың армандары мен ниеттері бірдей. Бұның өзінде маған отбасым мен достарым жетіспейді, Польшаның тамағы аса дәмді емес, сол себепті анамның пісірген тағамдарын сағынып отырамын. Бірақ үйге баруды қаламаймын, ата-анамның осында келіп, Еуропадағы өмірді көргендерін қалаймын.

Мен Еуропаны, оның мәдениетін, салт-дәстүрлерін танып білуді, білім алуды, кәсіпқой ретінде өсіп, әрі қарай кетуді қалаймын. Жалпы Польша және Еуропа маған үшін сай келетінін түсіндім. Егер мен Қазақстанға оралсам, тек отбасым үшін ораламын, себебі Қазақстанда табыс табу қиынырақ. Қазіргі кезде қолыма түсетін табысым арқылы ата-анама көмектесу мүмкіндігім бар.


Азиза Маемгенова, 24 жаста, туған қаласы — Алматы, экономист

880

Мен Польшаға төрт ай бұрын көшіп келдім. Елді таңдау кенеттен болды: АҚШ-қа визаны екі рет бермегеннен кейін, мен біраз уақыт Еуропада тұруды шештім және демократияшыл бағалары үшін Польшаны таңдадым. Мен тілдік мектепті таптым, мені бірден қабылдады және ешбір қиындықсыз визаға ие болдым. Хостелға келгесін бірден поляк қыздарымен таныстым. Олар мені жылы қарсы алып, барлығын көрсетті және біз әлі күнге дейін араласамыз.

Маған тұрып жатқан қалам ұнайды. Ол қызықты, әдемі, таза. Маған поляктар пісіретін нандары және олардың жылы шырайлы болатындары ұнайды. Оған қоса поляктар саламатты өмір салтын ұстанады. Таңғы немесе кешкі жүгірістер кезінде көп адамдарды көруге болады. Адамдар көшелер бойымен роликтерді тебу бойынша бұқаралық шаралар ұйымдастырады, адамдардың басым бөлігі велосипедпен жүреді. Поляктар даулы мәселелерге берілмейді, осы уақыт ішінде мен бір де бір даулы жағдайға тап болған жоқпын. Жергілікті адамдарға бізідің тойларымыз жайында айтқан кезде, қызықты болды, олар таң қалып тыңдады, себебі олар үшін тойлар – бұл 30-50 адам, яғни ең жақын туыстар жиналатын мейрам. Поляктардың басым бөлігі вегетарианшылдар және мен де осындай өмір салтын ұстану туралы ойланып жатырмын.

09

Мен белсенді түрде тілді оқып жатырмын, магистратураға түсуге дайындалумен қатар жұмыс істеймін. Осында көшіп келгесін, екінші күні жұмыс таптым. Шағын кофеханада кондитер болып жұмыс істеймін. Бұл кестесі өзгеріп тұратын жұмыс, бірақ маған жалақысы жетеді. Қазақстанда «Альфабанкта» кассир қызметін атқардым және қазірде қызмет түрімді толықтай ауыстырдым. Бастапқы уақытта қиын болды, бірақ жұмысым ұнайды, менің басшым өте жақсы адам. Ол сабырлы және жұмсақ әйел, мені қолдап жүреді.

Сонымен қатар Польшада бірнеше айдың ішінде жақсы көлікке ақша жинауға болады. Яғни сенің айлығың өмір сүруге және ақша жинауға жетеді.

Әзірге Польшада тұруды жоспарлаймын, маған барлығы ұнайды. Таяудағы үш-төрт жылғы жоспарлар Еуропамен байланысты, кейін басқа елдерді көріп, тұрақты тұрғылықты жер үшін сай болатын қаланы таңдауды қалаймын.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Албания, Черногория және басқалары: Еуропаның қай елдеріне визасыз баруға болады
Албания, Черногория және басқалары: Еуропаның қай елдеріне визасыз баруға болады
Хеопс пирамидасы. Әлем ғажайыптарының біріне апаратын жолсерік
Хеопс пирамидасы. Әлем ғажайыптарының біріне апаратын жолсерік
Малайзия, Мальдив және Сейшел аралдары — дайвинг және снорклинг үшін әлемдегі ең жақсы орындар
Малайзия, Мальдив және Сейшел аралдары — дайвинг және снорклинг үшін әлемдегі ең жақсы орындар
Венгрия, Грузия және БАӘ: шетелге алғашқы сапар үшін ең жақсы 3 ел
Венгрия, Грузия және БАӘ: шетелге алғашқы сапар үшін ең жақсы 3 ел
Еуропадағы ең әдемі қамалдар мен сарайлар: көруге тұрарлық орындар
Еуропадағы ең әдемі қамалдар мен сарайлар: көруге тұрарлық орындар