facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/1ab/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/1aba3491ed5e3152e190849bb474e646.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
politecnico-di-milano-italiyany-zd-k-o-u-ornyna-alay-t-suge-zh-ne-o-u-a-bolady
logo
Politecnico di Milano. Италияның үздік оқу орнына қалай түсуге және оқуға болады

15.06.2022

Politecnico di Milano. Италияның үздік оқу орнына қалай түсуге және оқуға болады

Politecnico di Milano — Италиядағы QS рейтингіндегі үздік жоғарғы оқу орны. Біз бұл университетті студенттер неліктен жақсы көреді, оған қалай оқуға түсуге болады және жергілікті білім беру жүйесінің қандай айырмашылықтары бар екенін анықтауды шештік.



Рамазан Айткалиев, 24 жаста, қаласы — Милан, Politecnico di Milano магистранты, @jef.rey.news


Рамазан Айткалиев.jpg

Университет таңдауы жайында


Мен АҚШ пен Италия арасында таңдадым. Екінші нұсқа жайлы маған досым айтты — ол Instagram-да Politecnico di Milano жарнамасын көріп, менімен бөлісті.

Магистратураны таңдаудағы басты талаптарымның бірі қаржы мәселесі болды. АҚШ-та шәкіртақы алу қиын. Тіпті жеңілдік жасаса да бәрібір үлкен сома шығады. Ал Италияда білім алу арзандау. Менің ЖОО-дағы оқу бағасы 4000 € тұрады, сонымен қатар гранттар мен need-based scholarships — қаржылық көмекке мұқтаж адамдарға арналған шәкіртақыларлар бар.

Сонымен қатар мен өзім оқыған Назарбаев университетінің профессорларымен сөйлестім, оқу бағдарламасын қарап шықтым, бітірген түлектерін тауып, олардан пікірлерін сұрадым. Осының бәрі маған шабыт берді және мен дәл осы жерге оқуға түстім.

Оқуға түсу жайында


Магистратураға түскісі келетіндерге кеңес: құжаттарды жазда, бакалавриаттың үшінші курсынан кейін дайындаңыз. Осы арқылы сіз Early Admission — оқуға түсушілердің бірінші легіне ілінесіз. Бұл жағдайда бәсекелестік аз, жауапты әдеттегіден ертерек білуге болады — көшуге дайындалуға уақытыңыз қалады.

Құжаттар пакеті: IELTS сертификаты – кемінде 6,5-7 балл, ұсыныс хаттар, түйіндеме. Сондай-ақ өтінішті қарау үшін 50-60 € шамасында тіркеу жарнасын төлеу керек.

Мотивациялық хат — маңызды құжат. Оны әр өтініш үшін бөлек жазу қажет. Кейде талапкерлердің таңдаған мамандығына дайындығы сәйкес келмейтін жағдайлар болады. Сол кезде олар хатта неге дәл осы университетте және осы бағдарламада оқығысы келетінін түсіндіре алады. Егер өзіңіздің мотивацияңызды толыққанды жеткізе алмасаңыз, сіз мықты талапкер болсаңыз да бас тартуы мүмкін. Екінші жағынан бұл әділетті – өзіңіздің қызығушылығыңызды көрсете алсаңыз университетке түсу мүмкіншілігіңіз жоғарылайды.

Әртүрлі мамандықтарға бірнеше өтініш беруге болады. Комиссия профильге қарап, қаншалықты лайықты екеніңізді бағалайды. Мен бакалавриатты математика бойынша бітірсем де, қаржы инженеріне тапсырдым. Маған шарт қойды – білмейтінімді меңгеру үшін мен қосымша бірнеше пәндерді оқуым керек болды.

Оқытудағы ерекшеліктер жайында


Университеттің материалдық-техникалық базасы өте жақсы. Менің оқуымның бірінші жылы карантинге сәйкес келді. Бұл ретте мұғалімдер кеңсеге келіп, арнайы камераларға дәрістер түсірді. Оларды кез-келген уақытта жүктеп, қайта қарауға болатын.

Университеттің материалдық-техникалық базасы өте жақсы


Профессор-оқытушылар құрамы керемет. Мұнда шынымен де жұмысқа қажетті білім береді. Әр жарты-бір жыл сайын курс бағдарламасы жаңартылып өзекті трендтер мен бағыттар енгізіледі.

Пәндердің 90%-ында қорытынды баға емтихандарға байланысты. Бұл ыңғайлы жүйе, оның барысында студенттерді ешкім мәжбүрлемейді — бәрі өз қарқынымен оқиды. Бірақ мен мұны кемшілік деп есептеймін. Мен үшін семестр бойы баға алатын процесс тиімдірек.

Атмосферасы жайында


Politecnico di Milano — үлкен жоғарғы оқу орны. Мұнда екі ірі кампус, 44 магистрлік бағдарламалар бар. Студенттердің жалпы саны 40 000 астам. Студенттер әртүрлі нәрселермен айналысады, қызығушылықтары бойынша көптеген клубтар құрады. Атмосферасы керемет, классикалық студенттік фильмдерді еске түсіреді.

Егер итальян тілін білмесеңіз, қиындықтар туындауы мүмкін. Университетте шетелдіктер көп, бірақ менің мамандығымда жергілікті тұрғындар басым. Олар өзара көбіне ана тілінде сөйлейді.

Еуропалық елдердің артықшылығы — бәрі жақын орналасқан. Керемет көрінісі бар өзенге бару үшін жолға 40 минут кетеді. Миланда жол инфрақұрылымы жақсы дамыған —қаланың кез келген шетіне жарты сағатта жетуге болады. Тамақтары да керемет — пиццаны дәл осындай дәмді етіп еш жерде дайындамайды. Климаты ұнайды — қыста көшеде тыныштықта отырып кофе ішуге болады.

Сонда да итальяндықтар — консервативті адамдар. Олардың басым көпшілігі қолма-қол ақшаны пайдаланады. Үстемдік көп. Дәстүрлі ерекшеліктері де бар, мысалы, барлық кафелер мен мейрамханалар 15:00-ден 19:00-ге дейін жабық.

Университет не үйретті


Мен халықаралық топтарда қалай жұмыс істеу керектігін білдім. Итальяндықтардың өте көп жұмыс істейтінін көрдім.

Кәсіби салада көптеген пайдалы дүниелерді біліп, өзекті дағдыларды меңгердім.
Мұнда дәріс оқуға индустриядағы мамандарды жиі шақырады. Лекциядан кейін нетворкинг басталып өзіңізге пайдалы таныс таба аласыз.

Италияның білімі мықты деп есептеймін. Оқуға түсуге тұрарлық, әсіресе студенттерге қаржылай қолдау көрсетілетіндіктен.


Дана Максут, 20 жаста, қаласы — Милан, Politecnico di Milano студенті, @dais_wise


Дана Максут.jpg

Университет таңдауы жайында


Мен Венгрия мен Италияға оқуға түстім. Маған итальяндық атмосфера көбірек ұнады. Сонымен қатар, венгриялық шәкіртақы бойынша мен төрт жыл оқу барысында мамандығымды өзгерте алмаймын, ол кезде мен инженер мамандығы маған қаншалықты сәйкес келетініне сенімді емес едім.

Мен итальяндық Sapienza University-де бір жыл оқыдым. Оқу онлайн форматта өтті және мен кейін ЖОО ауыстырдым.

Politecnico di Milano-ны бірнеше себептерге байланысты таңдадым. Бұл Италиядағы ең жақсы техникалық университет және ол архитектура мамандықтары бойынша үздік ондыққа кіреді. Мен мықты орта іздедім, ал университеттің беделі мықты, студенттері тағылымдамадан өту үшін компаниялармен және алмасу бағдарламасымен оқу үшін басқа университеттермен көптеген келісім шарттары бар.

Оқуға түсу жайында


Ұйымдастырушылық тұрғыдан қарастырсақ, оқуға түсу үдерісі жеңіл. Қабылдау емтиханына тіркеліп, оны тапсырып, қабылданған жағдайда университетке түсе аласыз. Қиыны тест нәтижелері бойынша рейтинг құрылады, оның ішінен алғашқы 50-100 адам ғана келесі кезеңге өтеді.

Емтихан — қабылдау комиссиясы қарайтын негізгі фактор. «Логика», «архитектура тарихы», «дизайн және репрезентация», «математика» және «физика» сияқты бөлімдер бар. Италияның сәулет өнері туралы көбірек білу керек, өйткені біздің білім беру жүйемізде бұл салаға көп көңіл бөлінбейді.

Сондай-ақ ағылшын тілін білу туралы сертификат қажет — IELTS немесе TOEFL.

Оқытудағы ерекшеліктер жайында


Маған осында оқыған ұнайды. Оқу бағдарламасынан артық пәндер жоқ, оның орнына жұмыста қолдана алатын көптеген практикалық білімдер беріледі. Топтық жобалар жетерлік, оның барысында біз ғимараттарды жобалаумен айналысамыз.

Университет көптеген мүмкіндіктер береді. Семинарлар мен конференциялар жиі өткізіліп тұрады.

Оқу бағдарламасы ағылшын тілінде. Соған қарамастан кейбір профессорлар итальян тіліне басымдық береді. Politecnico di Milano-ға белгілі бір білім мен дағдылармен келуге кеңес беремін, сонда оқу оңайырақ болады.

Университет көптеген мүмкіндіктер береді


Итальяндық білім берудің ерекшелігі — сессиялар. Студентке пәнді тапсыруға бес мүмкіндік беріледі. Егер бірінші қойылған баға ұнамаса, қайта тапсыруға болады. Егер барлық мүмкіндік аяқталып, ал сіз өтпесеңіз онда курс келесі жылға ауысады — бұл қорқынышты емес. Бірақ ескерте кетейін, шәкіртақы алатын студенттерге нақты кредиттер саны бекітілген және өз уақытында тапсыру керек.

Жүйе ақпаратты меңгеруге бағытталған. Оның үстіне бәрін түзетуге болатындығы жан тыныштығын береді.

Көптеген курстарға қатысқан дұрыс, бірақ міндетті емес — бұл студенттің жауапкершілігінде. Сондай-ақ барлық түлектер міндетті тағылымдамадан өтеді.

Атмосферасы жайында


Семестрдің басында университет атмосферасы босаңсыған күйде. Ал соңына қарай көптеген студенттер оқу орында түнге дейін қалып, жобаларын аяқтайды. Сабақ оқитын аймақтар жиі адамдарға толы болады. Сонда да бұл жердегі адамдар ақкөңіл әрі мейірімді.

Максут Дана.jpg

Маған Миландағы өмір ұнайды. Бұл Италиядағы ең дамыған, әдемі және өмір сүру үшін жайлы қала. Мұнда көрмелер, сән апталықтары мен өзге де шаралардың басым бөлігі өтеді.

Университет не үйретті


Италия — білім алу үшін жақсы ел, бірақ оны ең үздік деп айтпас едім. Мұнда үстемдік көп, ал тағылымдамаларға жиі ақы төленбейді. Сонда да мұнда студенттік өмірді қызықты өткізуге болады, оқу үшін бар жағдай жасалынған, ал жергілікті жоғары оқу орындарында қолжетімді әрі сапалы білім алуға болады.

Politecnico di Milano-ға түсуге кеңес беремін. Университет шынайы өмірде қажетті жұмыс дағдыларына үйретеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.