facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
petropavldan-shy-an-k-s-pker-ymyz-festival-zh-ne-zhol-tal-amaytyn-k-l-kpen-sayahattau-zhayynda
logo
Петропавлдан шыққан кәсіпкер қымыз фестивалі және жол талғамайтын көлікпен саяхаттау жайында

Сайран Хамзин

49 жаста, туған қаласы — Петропавл, СҚО рестораторлар және отельерлер қауымдастығының төрағасы

23.01.2019

Петропавлдан шыққан кәсіпкер қымыз фестивалі және жол талғамайтын көлікпен саяхаттау жайында


Өзі жайында


Менің ата-анамда жеті бала болды. Кенжесі, яғни еркетайы мен едім. 10-12 жасымда даяшы туралы фильм көрдім, сол кезден бастап даяшы болуды қалағаным есімде. Мен үшін даяшы – бұл кез-келген тағамды сатып бере алатын және сол үшін көп ақша алатын, тез тіл табысатын адам болып көрінді. Бірақ әкем менің әскери немесе полиция қызметкері болғанымды қалады. Мүмкін, бұл менің тәртіпті, нақтылықты ұнататыныма ықпал еткен шығар. Жұмыста мен маркетинг – бұл барлаудың бір түрі болып табылатынын жиі айтамын. Ал достарым және әріптестерім мені еркелетіп «жолдас полковник» деп атайды.

30 жастан бастап мен қонақ үй бизнесімен айналыса бастадым. Орналастыру қызметін көрсете отырып, мен адамдарға қонақ үй бөлмелерін ұсынумен қатар оларды тамақтандыру керек екенін түсіндім. Сол кезде мен бірінші кафемді, кейін екіншісін, ал одан кейін ресторан аштым. Қазірде мен Солтүстік Қазақстан облысы Рестораторлар және отельерлер қауымдастығына төрағалық етемін. Біз қонақжайлылықты дамыту үшін үлкен жұмыс атқарып жатырмыз, аспаздарды, кондитерлерді, бармендерді, даяшыларды оқытып жатырмыз. Осылайша мен өзімнің балалық арманымды орындадым.

сайран 1.jpg

Мен бақытты адаммын және айналамдағы адамдарды бақытты етуге тырысамын. Бұл менің отбасым, достарым, әріптестерім және көршілерім. Менің дүниеге келіп, өмір сүруімнің өзі –бақыт. Ал әрбір күнді көңілсіз өткізу жақсы емес. Кейбір кезде қиындықтар, күйзелістер болады, бірақ бұл бір нәрсенің соңы мен жаңа, қуанышты, бақытты нәрселердің бастамасы болып табылады.

Менің жақсы достарым көп. Біз достарымызбен жыл сайын жол талғамайтын көліктермен саяхаттаймыз. Біз жағажайлық демалыс пен бес жұлдызды қонақ үйлерді ұнатпаймыз. Өткен жылы біз Уфа, Челябі аррқылы 7000 километр өтіп, Самараға дейін жеттік, Волгада болдық, Тольяттидегі «Жигули» шығаратын зауытта болдық. Сол жерден Орал, Атырау арқылы Ақтауға жеттік. Әрбір саяхаттан кейін біз достарымызбен суреттерімізден фильм жинаймыз. Ал мен әрбір қалаға барып келгеннен кейін, өзімнің алған әсерімді жазып отырамын. Биыл біз Ресей жақтан Алтайға баруды жоспарлап жатырмыз. Белуха тауының көркемдігін, Катунь өзенін көріп, Телецков көлі жағасында шатыр ішінде қонып шыққымыз келеді және Шукшиннің туған жерінде болып қайтқымыз келеді. Сонымен қатар Байқал көліне барып, Грузияға дейін жол жүруді жоспарлаймыз.

сайран.jpg

Мен барлық экстремалдық нәрселерді ұнатамын. Кезінде парашютпен секірдім, дайвингпен айналыстым, теңіздің тереңіне түстім, байк айдадым. Соңғы бірнеше жыл бойы біз сойдақтістілер клубымен сенбі жексенбі күндері жиналып, ойыққа сүңгиміз. Бұның денсаулық және ағза үшін үлкен пайдасы бар. Біз осыны әлеуметтік желілер арқылы тараттық, және өткен жылы біз 20 адам болсақ, биыл шамамен 150 адамбыз. Ойықтан шыққан кезде, денең қызады, шашты кептіріп алу мүмкін емес, себебі олар мұзға айналады – бұл драйвтың бір түрі.

Менің басты өмірлік қағидам – дұрыс және адал өмір сүру

Соңғы кезде мен оянамын да, күнге күлімдеймін. Бұл маған берілген тағы бір күн үшін алғыс білдіру мен сәлемдесудің түрі. Осылайша мен бұл күнде өмір сүріп, жақсылық, қуаныш, бақыт әкеле бастаймын.

Менің басты өмірлік қағидам – дұрыс және адал өмір сүру.

Бүгінде қызығатын нәрселер көп. Жаяу жүретін адам велошабандозға қызығады, велошабандоз автокөлік жүргізушісіне қызығады, жеңіл көлік жүргізушісі қымбат джип жүргізушісіне қызығады және тағы сол сияқты мәселелер бар. Джипі бар адам ұшағы немесе яхтасы бар адамға қызығады. Қызғаныш – бұл бұрыс сезім. Ол зиянды, вирусты болып табылады. Мен адамдардың өз мүмкіндіктері бойынша өмір сүргендерін қалаймын. Несие алып, қымбат көлік сатып алудың қажеті жоқ. Өзіңнің мүмкіндіктеріңе шақ келетін көлік жүргізу керек.


Петропавл жайында


Мен 25 жылдан астам Петропавлда тұрып жатырмын. Біз ауылда тұрдық және әкем екеуміз қалаға әпкеме барып жүргеніміз есімде. Сол кезде Петропавл мегаполис болып көрінетін, бұл қазір Нью-Йоркқа барсам, сондай сезімде болдым. Жылдар өткесін Петропавл мен үшін менің үйім, бизнесім, отбасым, балаларым орналасқан жер. Бұл маған алғашқы өмір сабақтарын берген, абырой және намыс түсініктерімен таныстырған қала. Петропавл мен үшін қымбат. Алматыда мен әрбір екі ай сайын, ал Астанада ай сайын болып тұрамын. Астанада мен Опера театры жанынан өтуді, ал Алматыда тауларда болуды ұнатамын. Бірақ Петропавлда мен ыңғайлылық пен жайлылық сезімде боламын.

сайран 2.jpg

Петропавл – көне, әдемі және бірегей қала. Оның көремет жерлерінің бірі – еліміздегі ең ұзын жаяу жүретін көшесі. Бұрын ол Ленина деп аталатын, ал қазір Қазақстан Тәуелсіздігі деп аталады. Бірақ тұрғындар оны Арбат деп атайды.

Қаланың басты көрікті жағы – адамдар. Мен әлемді жиі аралаймын, бірақ Петропавлдағы адамдарды ешқандай жерде кезіктірмедім. Бізде адамдар асықпай, байсалды түрде өмір сүреді. Кез-келген істер күте тұрады, біз жай ғана өмір сүріп, рахаттанамыз.

Мен қалалық маслихаттың депутаты болдым. Сайлау алдында біз өзіміздің нақты цифрлары бар бағдарламамызбен таныстырдық. Мен берген уәдемді орындамасам, орнымнан кететінім туралы әрбір сайлаушымен келісімшартқа отыруға дайын болдым. Біз командамызбен айтқандарымыздың 92 пайызын орындадық. Бұл дегеніміз менің аймағымдағы алты жатақхананың бесеуіне жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Сонымен қатар барлық шатырларды жөндеп, лифтерді іске қостық, жаңа балалар алаңдарын орнаттық, аулаларға асфальт төседік. Қазір мен депутат емеспін және басқа қоғамдық жұмыстармен айналысамын. Адамдар маған шағымдар мен ұсыныстарын жазуды жалғастырып жатыр. Менің әлеуметтік желілердегі парақшама нақты әрекеттері бар ұсыныстарды жазып жіберу жеткілікті. Адамдар мені қолдайды, ал қалғаны техниканың ісі.

Қаланың басты көрікті жағы – адамдар

Біз отбасымызбен жиі табиғатқа, Есіл өзенінің бойына шығып тұрамыз. Сол жерде біз кәуәп қуыратын жоғары жаға бар.

Оған қоса сүйікті жерлеріміздің бірі – суы классиканың ұлы музыкасы немесе қазақ күйлерінің аясында би билейтін фонтандар.


Жанашыр адамдар және олардың өмірлік істері


Өмірімнің ісі – өмірге не үшін келдім, яғни туған жеріме пайдасы тиетін нәрселермен айналысу. Біз керемет жерде тұрамыз және мен ол туралы қонақтарға айтып, оларды шақырып, көрсеткім келеді. Қонақтардың біздің қаламызға келіп, біздің қонақ үйлерімізде тұрып, біздің ресторандарымызға барғандары маңызды. Біз өзіміздің көлдерімізге назар аударғымыз келген соң, біз «Мөңке балығы күні» деген мерекені ойлап шығардық. Үшінші жыл қатарынан аталмыш мереке аясында көп балықшылар жиналады, ал біз, яғни ресторандар балық сорпасын әзірлейміз. Біз 1300 порция әзірлеп, оны қала тұрғындарына тегін тараттық.

сайран 6.jpg

Біздің өңіріміз жылқыны алғашқы болып қолға үйреткенімен танымал. Және бес жыл бұрын біз достарымызбен Facebook желісінде үлкен «Қымыз фест» шарасын ұйымдастырдық. Бұл Октоберфест және Рио-де-Жанейродағы карнавалдың коктейлі іспеттес. Алдыңғы жылы біз оны алғаш рет өткіздік. Ең басты көшенің бойында күймелерде қазақ киімдегі серілер отырып, әдемі әшекейлендірілген жылқылар жүріп өтті. Олардың соңынан «Құлагер» хоккей клубы және «темір тұлпарлары» бар байкерлер өтті. Екінші бағыттың аясында біз өзім жетекшілік ететін аспаз шоуын өткіздік. Біз қымызды ең көп ішетін қымыз байқауын және ең жақсы бешбармақ әзірлейтін ресторандар байқауын өткіздік.

Өмірімнің ісі – өмірге не үшін келдім, яғни туған жеріме пайдасы тиетін нәрселермен айналысу


Ал өткен жылы біз ұлттық тағам фестивалін өткіздік, сол кезде Ақжар ауданынан келген тағамдарына таң қалдық. Ақжар ауданы – ұмытылған ұлтттық тағамдардың қайнар көзі екен. Биыл біз қойдың, жылқының етін дұрыс мүшелеу, етті сүрлеу бойынша шеберлік кластарын өткізуді және оларды бейнеге жазып алуды жоспарлаймыз. Немесе етті қонаққа қалай ұсыну керек екені: құдалар үшін, құрметті қонақтар үшін қандай мүшелер берілетіні жайында өткізуді қалаймыз. Сонымен қатар біз бауырсақтар және үй бешбармағы бойынша фестивальдерді өткізуді жоспарлап жатырмыз.


Қазіргі сәттегі рухтың күйі


Маған өмір сүріп, алға ұмтылу ұнайды. Рухым жігерлі күйінде.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.