facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
petropavldan-italiya-a-k-sh-p-model-bolyp-zh-mys-steyt-n-aza-standy-yzdy-g-mes
logo
Петропавлдан Италияға көшіп, модель болып жұмыс істейтін қазақстандық қыздың әңгімесі

11.05.2019

Петропавлдан Италияға көшіп, модель болып жұмыс істейтін қазақстандық қыздың әңгімесі

Динара Сафина, 27 жаста, туған қаласы — Петропавл, модель

Тұрып жатқан елі: Италия, Флоренция

FullSizeRender-23-03-18-15-02.jpg


Көшіп кетуі жайында


Еуропа мені әрқашан еліктіретін, оның бір ерекшілігі бар. Қазақстанда, Петропавлда тұрған кезде, мен алты жыл бойы «Томирис» сән театрында оқып жүрдім. Бірде біз театрмызбен Испаниядағы фестивальге қатыстық және содан кейін көшу туралы ойланан бастадым.

Барлығы өзінен өзі болып шықты, бірақ елдің таңдауы кездейсоқ болған жоқ. Әрине, қиындықтар болды, бастысы – нәтижесі. Қазірде Италияның ғажайып қаласы Флоренцияда тұрып жатқаныма үш жыл болды.


Италиядағы модель жұмысы жайында


IMG_2260-23-03-18-15-02.PNG

Біз театрда дефилені, актерлік щеберлікті, хореографияны, йоганы, дизайнды оқыдық, сахналық киімнің топтамаларын жасап шығардық. Сол уақытта жинаған тәжірибем бұл салада әрі қарай дамуыма ықпал етті.

Іс жүзінде Италияда барлығы эксперимент ретінде басталды. Мен бірнеше түсірілімдерде жұмыс істеп көрдім және мені әрқашан сенімсіздікпен қабылдады, барлығын қадам қадаммен түсіндіріп беруге тырысты. Бірақ жұмыс процесі кезінде барлығы дұрыс болды.

Сен әрқашан түсірілімге дайын болуың керек, себебі кесте күн сайын дерлік өзгеріп, ауысып отырады – бұл модель болып жұмыс істеудің артықшылығы мен қиындығы. Мобильді болып, ұсынысқа қысқа уақытта жауап беру керек.

IMG_0410-23-03-18-15-02.JPG

Әрдайым күнделікті өмірде кимейтін жаңа үлгілерді шақтап көре алатыным ұнайды. Бірақ бұның өзінде осы қызметте жеке пікірің болмайтыныңа және сенің талғамыңа мүлдем сай келмейтін үлгілерді жақсы жағынан көрсету керек екеніне үйрену керек.

Түсірілімдер процесі кезінде әрқашан стилистермен, фотографтармен, визажистермен, шаштаразшылармен танысасың. Қызықты танысуларға, ұсыныстарға ие боласың және ең бастысы – тәжірибе жинайсың.


Италиядағы өмір жайында


IMG_4984-23-03-18-15-02.JPG

Италияда жас шектелімі жоқ және бұл осы елдің ерекшелігі болып табылады. Осы жерде жасың емес, қалай көрінетінің маңызды. Қазақстанда барлығы басқаша, әрқашан жастық шектемелер болады.

Италиядағы жалақының орташа мөлшері айына шамамен 1200 € құрайды, тұрғын пәтерді жалдау 500 €-дан кем түспейді, сол себепті адамдардың басым бөлігі жасы келсе де, ата-аналарымен тұруды жөн көреді. Италияда мені таң қалдырған тағы бір нәрсе – коммуналды қызметтердің құны жоғары болуы, әсіресе жылу беру маусымында. Қазақстандықтар үйдің ішінде жылы болатынына үйреніп қалды. Италияда «жылы» - сирек болатын жағдай, себебі адамдар қымбатқа түсетін газбен жылыту бойынша үнемдеуге тырысады.

Мен Флоренцияға бір көргеннен ғашық болдым


Мен Флоренцияда тұрамын – бұл Тоскананың жүрегі, өнердің, сәулеттің, сәннің қаласы, жыл бойы көп саяхатшылар болады. Мен Флоренцияға бір көргеннен ғашық болдым.

IMG_4985-23-03-18-15-02.JPG


Жергілікті халық жайында


Итальяндықтар күндерін барға барып, жаңа газеттің санын оқумен және кофемен, пастамен, оған қоса тәтті нанмен бастайды. Кофе іше отырып, футболды немесе саясатты талқылауды жақсы көреді. Осында кез-келген жерде, кез-келген бос уақытта кофе ішеді.

Саяхатшылар көп болатынына қарамастан, итальяндықтар әдепті және біз үшін оғаш болып көрінетін күн тәртібімен өмір сүреді. Дүкендер шамамен сағат 10:00 ашылады және түскі 13:00-ден 16:00 дейін түскі асқа жабылады, мейрамханалар түскі ас пен кешкі астың белгілі уақытында жұмыс істейді. Әрине, тез тамақтанатын немесе саяхатшылар үшін жұмыс істейтін дәмханаларды табуға болады, бірақ олардың қызмет көрсетудің сапасы мүлдем басқа.

Жалпы, итальяндықтардың өмір ырғағы бірқалыпты, олар ешқайда асықпайды, кешігіп жүрумен ерекшеленеді.

IMG_5123-23-03-18-15-02.JPG


Жоспарлар жайында


Мүмкіндігім болған кезде, Петропавлға барып тұруға тырысамын. Себебі жақындарым, туыстарым, достарым Қазақстанда тұрады, туған жердің атмосферасы мүлдем басқа.

Қай жерде тұруды қалайтыным жайында әлі айта алмаймын, бірақ қай жерде өмір сүрсем де, елімнің лайықты өкілі болуға және ата-анамның үмітін ақтауға тырысамын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.