facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/91b/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/91b954be56aa5b5c9f9682063964d58f.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
perekrestok-vuzery-zh-ne-sheker-k-ruge-t-rarly-15-aza-standy-serial
logo
«Перекресток», «ВУЗеры» және SHEKER: көруге тұрарлық 15 қазақстандық сериал

07.01.2023

«Перекресток», «ВУЗеры» және SHEKER: көруге тұрарлық 15 қазақстандық сериал

Кешке не көруге болады. 15 тамаша қазақстандық сериал.


«Тоғысқан тағдырлар»




1996 — 2000 жылдар

90-жылдардағы танымал сериалдардың бірі. Оны «Хабар» арнасынан көрсеткен болатын. Сериал бойынша бірнеше отбасының оқиғалары, олардың ішкі толғаныстары мен қарым-қатынастары қамтылады. Сериалдың
сюжеті Алматы қаласында орын алады.

«Қара шегіртке»




2001 — 2003 жылдар

Отбасылық дастан жайлы сериал аяқталып, оның орнына түрлі құпияға, тергеулер мен атыс-шабысқа толы қылмыстық сипаттағы оқиға келді. Сюжет бойынша басты кейіпкер Бек «шегірткенің уы» деп жасырып, есірткінің партиясын сатуға ұмтылады. Оқиға осының айналасында өрбиді.

«Наша KZаша»




2008 — 2013 жылдар

Сол жылдардағы әйгілі КВН ойыншыларының әзіл-оспақ скетчтері. Ол ресейлік ««Наша Russia» шоуының отандық нұсқасы болып саналады. Әрбір серияда кейіпкерлер өмірінен күлкілі сәттер көрсетіледі.

«Ағайындылар»




2009 жыл

«Рэкетир» фильмінің атмосферасы сезілетін Ақан Сатаевтың алты сериядан тұратын драмасы. Сериалда әрқайсысы өз жолын таңдаған үш ағайынды туралы айтылады: үлкендері қалаға қоныс аударса, ортаншысы бандиттік ортаға тап болады, ал ең кенже інілері қарт ата-анасының жанында қалады.

«Астана – махаббатым менің»




2010 жыл

Аналары бала кездерінде үйлендіреміз деп келіскен екі ғашық жайлы хикая. Ұшақ бортында бір дәрігер
жолаушыға босануға көмектеседі, сөйтіп ол аман-есен қыз баланы дүниеге әкеледі. Екеуі достасып, есейген кездерінде балаларын үйлендіреміз деп келіседі. Осылайша, араға 20 жыл салып, жігіт пен қыз Қазақстанның астанасында жолығады.

«Әсел және оның достары»




2010 — 2011 жылдар

Алматылық жастардың өмірі жайлы сериал. Олардың бірі білім алып, енді бірі жұмыс жасап жүр. Арасында басқосуларда кездесіп тұрады. Француздың «Элен и ее друзья» сериалын еске түсіреді. Кездесулерден, университеттегі оқуларынан бөлек, олар бір жатақханада тұрады.

«ВУЗеры»




2012 — 2014 жылдар

Ресейдің комедия жанрындағы «Обащага» сериалының баламасы. Оқып жүріп жеке өмірлерін құруға тырысқан студенттердің басынан өткен күлкілі әрі қызық оқиғалары. Бұл сериал отандық телеарнаның ең танымал сериалдарының бірі саналады.

«Базарбаевтар»




2012 — 2014 жылдар

«31» арнадан көрсетілген алматылық бір отбасының өмірі жайлы сериал. Ата-анасы, олардың үш ересек ұлы және студент қыздары бір шатырдың астында тұрып жатыр. Олардың жарасымды қарым-қатынасы отбасының жаңа мүшесі — келіннің пайда болуымен өзгеріп сала береді.

«Q-елі»




2015 — 2017 жылдар

Salem Social Media түсірген танымал скетчком. Әр сериясы кейіпкерлер өмірінен алынған түрлі оқиғаны қамтиды. Көрермендер ұлдарын инстаграм жүргізуді жақсы көретін қызбен, блогер және гаишник, т.б. қыздармен таныстырып үйлендірмекші болатын отбасының өмірін тамашалады. Тіпті сериалдың кейбір кейіпкерлері туралы толық метражды фильмдер түсірілді.

«Ирина Кайратовна»




2017 — 2021 жылдар

Бұл жігіттер өздерін 2017 жылдан бастап танытып келеді. Сол жылдары ұжым түрлі оқиғалардан және кейіпкерлерден тұратын скетчкомдар түсіре бастаған еді. Ерекше әзілдері, оларды көрерменіне жақсы жеткізе білуі, сондай-ақ орыс тілді және қазақ тілді аудиториясына бірдей өтімді етулері бұл шоуға үлкен танымалдылық әкелді. Роликтерді толыққанды сериал деуге келмес, алайда олар қазақсатандық YouTube-контенттің дамуына жол салып берді.

«Қазақ хандығы. Алтын тақ»




2019 жыл

Тарихи сериал Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының негізінде түсірілген. Оны 2018 жылы шыққан, Қазақ хандығының құрылуы баяндалатын «Алмас қылыш» фильмінің толықтырылған нұсқасы деуге болады.

SHEKER




2020 — 2022 жылдар

Азиялық Канн фестивалінде марапатталған веб-сериал. Сюжеттің қақ ортасында дилер болып жұмыс істей бастаған студент. Әдеттегідей жас жігіт көптеген проблемалардың шырмауына түседі. Көруге ұсынамыз.

«Саке»




2020 — 2022 годы

Жаңа лауазымға келе салып өз ережелерін орнатпақшы болған Чапаев ауданының жаңа әкімі туралы сериал. Барлығы «Сәке» деп кеткен Саят Саматұлы ауылдастарының тұрмыс-тіршілігін жақсартуға барын салып жүр. Алайда жаңа әкім халқына шынымен де адал ма?

«Мыстан»




2021 жыл

2021 жыл қазақстандық кино үшін жемісті жыл болды. Бұл сериал халықаралық Realist Web Fest фестивалінде марапатқа ие болды. Сюжеті бойынша үш кейіпкер қыз тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шегеді, сөйтіп олар өздеріне азап тартқызған адамдардан кек алмақшы болады.

Сондай-ақ Берлиндегі веб-фестивальде The Best Drama Short Series номинациясын жеңіп алды.

5:32




2021 жыл

2021 жылдың ең атышулы веб-сериалы. Тергеуші Шалқар қызметіне қайта оралып, ескі тергеуді қайта жүргізуге мәжбүр болады. Көрермендер сериалдың атмосферасына еніп, түрлі оқиғалардың бел ортасында жүргендей әсер алады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
«Өз ісіңнен шабыт алу маңызды», — Мирас Баянов суретке деген сүйіспеншілік пен тарихта із қалдыру ниеті туралы
«Өз ісіңнен шабыт алу маңызды», — Мирас Баянов суретке деген сүйіспеншілік пен тарихта із қалдыру ниеті туралы
Сәнді көрінуге көмектесетін Қазақстандық 7 этникалық бренд
Сәнді көрінуге көмектесетін Қазақстандық 7 этникалық бренд
Достарыңызбен бірге фильмдер көруге арналған 8 платформа
Достарыңызбен бірге фильмдер көруге арналған 8 платформа
Рейтингі ең жоғары 5 Қазақстан сериалдары
Рейтингі ең жоғары 5 Қазақстан сериалдары
Қазақтың ұлттық киімі: тарихи ерекшеліктері мен қазіргі заманғы өзгерістері туралы
Қазақтың ұлттық киімі: тарихи ерекшеліктері мен қазіргі заманғы өзгерістері туралы