facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
pekindeg-aza-tar-gauhar-m-ratova-teg-n-o-yp-500-000-te-gege-dey-n-tabys-tabudy-zholy-zhayynda
logo
Пекиндегі қазақтар. Гаухар Мұратова тегін оқып, 500 000 теңгеге дейін табыс табудың жолы жайында

08.05.2019

Пекиндегі қазақтар. Гаухар Мұратова тегін оқып, 500 000 теңгеге дейін табыс табудың жолы жайында

Гаухар Мұратова, 23 жаста, туған қаласы — Ақтау, Солтүстік Қытай электроэнергетикалық университетінің студенті

WhatsApp Image 2018-05-22 at 12.40.22 PM.jpeg


Көшуі жайында


2013 жылы 11 сыныпты бітіріп, ҰБТ-ны тапсырғаннан кейін, мен Қазақстандағы жоғары оқу орнына түсу жайында ойландым. Құжаттарымды грантқа жинай бастадым. Диплом табыстаған күні мектепке грант негізінде Қытайда оқу туралы ұсыныс түсті. Бірнеше талаптар айтылды, соның барлығына сай болдым. Бірақ үлкен бәсекелестік болғандықтан, мүмкіндігім аз болады деп ойладым.

Дегенмен көп ойланбастан, ата-анаммен келісіп, құжаттарды тапсыруды шештік. Барлығы үш кезеңде өтті. Бірінші кезеңде құжаттар, гранттар және сертификаттар жиналды. Екі аптадан аса жауап болған жоқ, бірақ кейін маған хабарласып, екінші кезеңге өткенімді айтты. Келесі кезеңде ағылшын тілінің білімі тесерілді. Екі күннен кейін кеңсеге шақырып, соңғы кезең – сұхбаттасуды өткізді. Байқаудың соңында сегіз адам қалдық, біз Қытайдың астанасы Пекин қаласындағы оқу гранттарына ие болдық.

Пекинге кеткенше дейін, жаз бойы бұның бәрі менімен болып жатқанына сене алмадым


Мен әлі күнге дейін осындай мүмкіндік пен сәттіліктің болғанына алғысымды білдіремін.


Көшудің қиындықтары жайында


Сегіз адамнан құрылған топпен компанияның адамы еріп жүрді. Сегіздің алтауы басқа университетте оқыды. Мен қалған екі адамның құрамында едім.

WhatsApp Image 2018-05-22 at 12.40.27 PM.jpeg

Әуежайға келген кезде, бізді ерекше иіс қарсы алды, бұл туралы достарым алдын-ала ескерткен. Күтіп тұрған кезекте мен университетіміздің тақтайшасын байқадым. Бізді университетіміздің студенті қарсы алды, ол тек қытай және кішкене ағылшын тілінде сөйлесетін.

Біздің қытай тіліміз сол кезде төмен деңгейде болды. Біз қарапайым «НиХао» сөзін де білген жоқпыз. Бір-бірімізді түсінбестен, көлікті іздей бастадық. Көлікті іздеуге екі сағаттай уақытымыз кетті, себебі ол қай жерде тоқталғанын, көліктің түсін, нөмірін және жүргізушінің нөмірін ұмытып қалды. Он сағат жолдан кейін біз қатты шаршадық, сол себепті жай ғана бір ғажапты күтіп тұрдық. Және ғажап нәрсе болды – көлік өзі бізді тауып, университетке апарды.

Таңертең ерте келгендіктен, жатақһананың есіктері жабық болды. Осылайша біз бір сағат күтіп тұрдық. Есіктері ашылғаннан кейін, бізді тіркелуге кіргізді және қасымызға қазақ қызын шақырды, ол да сол компания арқылы оқуға келген. Тіркелу кезінде депозит ретінде 50 000 теңге ақша тапсыру қажет болды. Бұндай ақша бізде болған жоқ. Сол күні болған жалғыз жақсы жаңалық – біздің жаңа жайлы жатақһанада тұратынымыз болды.


Алғашқы әсер жайында


Алғашқы жыл есімнен кетпес: жер ғаламшарының әртүрлі нүктелерінен келген алуан түрлі адамдармен болған жаңа танысулар, жаңа орта, тілдер. Барлығы қызықты болды. Бірінші жыл толықтай қытай тілін үйренуге арналды. Алғашқы екі ай бойы мен ағылшын тілі арқылы оқыдым: біраз күш салғасын, қиын және түсініксіз тілде сөйлесе бастадық. Мен үшін иероглифтерді жазу оңай болды. Бастапқыда тіпті оларды жазбауға тырыстым. Сурет салуды жақсы көремін, сол себепті мен оларды салып жүрдім. Қытай тілінде 80 мыңнан астам иероглифтер бар, олардың кейбіреулерін қытайлықтардың өздері де білмейді.


Қала жайында


Алғаш рет университеттен тыс жерге шыққан кезде, Пекинге ғашық болдым. Модерн стиліндегі зәулім ғимараттар, көліктері шексіз автомагистральдар, метро, әрдайым бір жерге асығып отыратын адамдар таң қалдыратын.

Бұл күні-түні өмір сүретін қала


Пекин — әлемдегі ең үлкен қала. Күнделікті өмірдегі ең қиыны – көлік мәселесі. Бір жерге уақытында жетемін деп ойлаған кезде, таксимен екі сағаттан астам уақытты кептелісте өткізесің. Метромен қала бойынша тезірек жүресің. Бірақ адамдар өте көп болады. Аспан асты еліндегі адамдардың басым бөлігі ағылшын тілінде сөйлеседі. Қытайдың басқа бөліктерінде сияқты Пекинде өзіндік путонхуа деген диалектісі бар. Бұл диалектті барлық өңірлерде түсінеді, ал басқа диалекттерді аса түсінбейді.

WhatsApp Image 2018-05-22 at 12.40.25 PM.jpeg


Жұмыс жайында


Оқу кезінде сериалдарда, фильмдерде түсу сияқты әртүрлі қосымша жұмыс түрлері бар. Алғашқы тәжірибе ретінде қытайлықтармен түсірілім жұмысы болды, бірақ жалақысы шетелдіктерге төленуге тиісті сомадан аздау болды. Сол кезде қанша төлеуі қажет екенін білмейтін едік. Бірақ біз үшін бұның да артықшылығы болды. Біз қытай тілінің деңгейін көтердік және еркін сөйлесе бастадық.

Кейін үлкен сома үшін жұмыс істей бастадық. Бізде сөздері бар және алдыңғы пландағы рөлдер болды. Көптеген шетелдіктер Қытайға тек осындай жұмыс үшін келеді.

WhatsApp Image 2018-05-22 at 12.40.27 PM (2).jpeg

Модельді бизнес, дефиле, түсірілімдер сияқты басқа сала да бар. Бұндай қызметтің түрі әртүрлі саладағы адамдармен танысу мүмкіндігін береді. Сондай таныстардың арқасында құрбым екеуміз мейрамхананың ресепшні қызметіне орналастық. Сонымен қатар көптеген шетелдіктер түнгі клубтар, мейрамханалар, барлар, қонақ үйлер сияқты мекемелердің пиары мен жарнамасы саласына немесе ағылшын, француз, испан тілдерінің мұғалімі қызметіне орналасады.

Орташа жалақы 250 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін өзгеріп отырады.


Көлік жүйесі, тұрғын үй, медицина ерекшеліктері жайында


Пекинде бес жыл тұрып жатқан уақыттың ішінде пекиндік қытайлықтарды сирек кездестірдім, көбісі астанаға жұмысқа орналасу үшін келеді. Метрода күн сайын шабадандарымен жүретін адамдарды көруге болады, ал демалыс немесе мейрам күндері қалада тыныштық орнайды: көшеде адам болмайды. Мейрамдар алдында барлық адамдар киімдерін жинап, билеттер алып, басқа жерге кетеді.

Поездар жүйесі жақсы дамыған. Поездардың бірнеше түрлері бар. 40 сағаттай жүретін жай поездар да бар, бірнеше мыңдаған километрді 5 сағаттың ішінде жүріп өтетін шапшаң поездар да бар.

Пекинде көбісі пәтер жалдап тұрады, тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі бола бермейді. Екінші шеңбердің орталығында жалдаудың құны бір миллион теңгеге жетуі мүмкін. Шетелдіктер тұрғын үйді ай сайын жалдап тұрады, ал қытайлықтар 70 жылға жалдап қоюы мүмкін.

Медицина жайында айтсам, ол қытай халықтық және батыстық болып бөлінеді. Сонымен қатар осында көптеген емдік дәрі-дәрмектердің аналогтарын табуға болады.

Қытайлықтар арасында ыстық сумен емделу кеңге таралған


Қандай да бір жерің ауырса, қайнатылған суды ішсең, бәрі де кетеді. Бұл олардың бере алатын жалғыз кеңесі.

Сонымен қатар Қытайда тіс емдеу қатты дамымаған деп айта аламын. Құрбым екеуміз қызыл иек мәселесімен қаралған кезде, дәрігер тісті жұлып беруді ұсынғаны есімде.


Бағалар жайында


Қытайда барлығы арзан деген стереотипті оңай бұзуға болады. Дүкендердегі бағалар біздікіндей.

Ең танымал және ыңғайлы тәсіл – TaoBao арқылы сатып алу. Сол жерде киімдерді, тұрмыстық тауарларды, тамақты, кино билеттерін, әуе және теміржол билеттерін, қонақ үйлерге, мейманханаларға бронь жасау, сұлулық салондардың қызметтерін – барлығын сатып алуға болады, тіпті телефон теңгерімін толықтыруға болады. Барлығы жеңіл және ыңғайлы.

WhatsApp Image 2018-05-22 at 12.40.27 PM (1).jpeg

Сонымен қатар WeChat бағдарламасын атап өтуге болады, бұл бағдарлама мессенджер ретінде қызмет етумен қатар жаңалықтарды оқып, банк карталарын қолдануға мүмкіндік береді. Осы бағдарлама арқылы ақша аударуға, такси жалдауға болады. Бұл орайда үйден шыққан кезде, әмияныңды ұмытып кеткенің жайында алаңдамауға болады. Бастысы – ұялы телефоның қосулы тболғаны жөн.


Қаланың берген мүмкіндіктері


Қытайға келген кезде, мен 18 жаста болдым және мен үшін барлығы жаңадан болды. Осындағы өмір көп жаңа реңктер берді. Пекин – оралуды қалайтын қала. Адамдармен араласқан кезде, қытай тілі мен ағылшыннан бөлек, француз, португал, корей және испан тілдерін аздап үйрендім. Жердің әрбір түкпірінен достарым бар, олар өз елдеріне шақырып, өз мәдениеттерімен танысуды ұсынады.


Жоспарлар жайында


Мен университетті осы жылы бітіремін, бірақ біраз уақытқа осында қалып, жұмыс істеуді қалаймын. Әрине, мен жақындарымды, үйімді сағындым, дегенмен жылына екі рет үйіме барып, уақытымды отбасыммен өткіземін. Жастық шағымда және күш-қуатым мол кезде, жұмыс істеуге, тәжірибе жинап, әлемді көруге дайынмын. Осында тағдырымды кезіктіруім мүмкін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Албания, Черногория және басқалары: Еуропаның қай елдеріне визасыз баруға болады
Албания, Черногория және басқалары: Еуропаның қай елдеріне визасыз баруға болады
Алакөлде демалу: қалай бару, қайда демалу және оның құны
Алакөлде демалу: қалай бару, қайда демалу және оның құны
Хеопс пирамидасы. Әлем ғажайыптарының біріне апаратын жолсерік
Хеопс пирамидасы. Әлем ғажайыптарының біріне апаратын жолсерік
Еуропа бойынша 50 жылдан кейін саяхат және тек қана емес: шабыт, тәжірибе және жаңа көкжиектер туралы
Еуропа бойынша 50 жылдан кейін саяхат және тек қана емес: шабыт, тәжірибе және жаңа көкжиектер туралы
«Алтын виза» дегеніміз не және ол қай елдерде жұмыс істейді
«Алтын виза» дегеніміз не және ол қай елдерде жұмыс істейді