facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/ba6/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/ba676c4354d778e75cc4ad5f5ec68588.JPG
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
pavlodardan-seulge-nel-hasenova-o-t-st-k-koreyada-y-o-uy-zh-ne-hyundai-engineering-kompaniyasynda-y-zh-mysy-turaly
logo
Павлодардан — Сеулге. Әнел Хасенова Оңтүстік Кореядағы оқуы және Hyundai Engineering компаниясындағы жұмысы туралы

25.01.2023

Павлодардан — Сеулге. Әнел Хасенова Оңтүстік Кореядағы оқуы және Hyundai Engineering компаниясындағы жұмысы туралы

Әнел Хасенова Оңтүстік Кореяға Павлодардан көшіп келген. Қазір қазақстандық ару Hyundai Engineering компаниясында жұмыс істейді. Оның шетелдегі өмірі мен мансап жолы жайлы толығырақ бүгінгі мақаламызда.


Әнел Хасенова, 26 жаста, қаласы — Сеул, Hyundai Engineering-те HR-менеджер, @khssnva

анель хасенова

Қоныс аударуы туралы


Мен Павлодар қаласында туып-өстім. С. Торайғыров атындағы университетінде «Аударма ісі» мамандығын алып шықтым.

Оңтүстік Кореяға 2020 жылы қоныс аудардым. TJ POSCO Foundation стипендиясын ұтып алып, Yonsei University-дің магистратурасына түстім. 2022 жылы International Trade, Finance & Management мамандығы магистрі дәрежесін алды. Ал маусым айында маған Hyundai Engineering компаниясы жұмыс ұсынды.


Қазір мен Сеулде тұрамын және жұмыс істеймін.



Жаңа өмірге бейімделуі және қиындықтары туралы


3914a8ad5f76dc89be43767b95fa2ee2.JPG


Оңтүстік Кореядағы тап болуың мүмкін ең үлкен қиындық – тіл. Мұндағы халықтың 80-90 пайызы тек кәріс тілінде сөйлейді. Сондықтан тіл білмесең, шетелдіктің бұл елге сіңісіп кетуі қиынға соғады. Оған қоса жұмыс табу мүмкіндіктері де шектеулі болады.


Оңтүстік Кореядағы тап болуың мүмкін ең үлкен қиындық — тіл


Мен Оңтүстік Кореяға көшуге тыңғылықты дайындалдым: кәріс тілін жақсылап меңгердім, Корея Республикасы елшілігінің Білім орталығында жұмыс істедім. Содан болар, бұл жаққа қоныс аударғанымда ешқандай «мәдени шок» алмадым және жаңа өмірге бейімделіп кетуде еш қиындықтарға тап болмадым.

Бастапқыда адамдардың көптігіне таңданып жүрдім. Бірақ соған қарамастан, барлығы шыдамды, у-шу болып жатпайды, барлық жерде тәртіп бар. Кореяда барлығы автоматтандырылған, адамдар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Мысалы, қызмет көрсететін персоналы жоқ дүкендер көбейді. Адамдар қажетті тауарларды алып, өз-өзіне қызмет көрсету кассасына төлейді. Ешкім сатып алған заттарын төлемей кетуге тырыспайтынына таңғалдым. Адамдары сондай тәртіпті.

анель хасенова

Көшкен кезде бұл елдің өз мәдениеті мен үйреншікті өмір салты бар екенін түсінген жөн. Мұны қабылдап, құрметтеп, жергілікті қоғамдастыққа қосылуға тырысуыңыз керек. Өз ережелеріңізді тықпалаудың қажеті жоқ, дегенмен өз ерекшелігіңізді жоғалтып алмауға да тырысыңыз.

Көбінесе шетелдегі адамдар қиындықтарды бөлісу үшін, ана тілінде сөйлесу үшін бірден жерлестерін іздей бастайды. Жерлестердің болғаны әрине, жақсы, алайда мен сізге жергілікті тұрғындармен көбірек араласуға кеңес беремін. Бұл — елдегі өмірдің ерекшеліктері, кәрістердің лайфхактары немесе адамдардың қандай принциптер мен құндылықтарды ұстанатынын білудің жалғыз жолы. Сонымен қатар тілді тезірек үйренуге де көмектеседі.

Оңтүстік Кореяда қалай жұмыс табуға болады


Магистрант ретінде оқу бітірген соң жұмысқа орналасу үшін портфолиоммен жұмыс жасадым. Бірінші семестрдің соңында Сеулдің қалалық мэриясында тағылымдамадан өттім, ал екінші семестрден кейін Кореядағы орыс тілді шетелдік студенттерге кеңесші ретінде National Institute for International Education-де жұмыс істедім. Университетті бітіргеннен кейін шетелдерге ақша аударымдарын жүзеге асырумен айналысатын компанияда қызмет еттім. Ал бос уақытымда мотивациялық хаттар жазып, құжаттарымды түрлі компанияларға жолдайтынмын.

Кореяның еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілік өте жоғары дер едім. Жақсы компанияға кіру тіпті кәрістердің өздері үшін де қиын. Мұнда мұқият іріктеу жүргізіледі, ол шамамен үш-төрт айға созылады. Өтініш беру процесі оңай емес, бұл мотивациялық хаттар жіберуден басталады. Бір компанияға өтініш беру үшін аппликант түрлі тақырыпта кемінде үш хат жазуы керек. Ал ол жыл сайын өзгеріп отыруы мүмкін. Екінші кезең күрделі тест сынақтарынан тұрады. Мұнда аналитикалық ойлауды, soft skills және сіздің белгілі бір лауазымға және тұтастай алғанда компанияға қаншалықты сәйкес келетініңізді тексереді. Әңгімелесудің бірнеше сатысы бар. Жалпы алғанда, іріктеу процесінің 99% кәріс тілінде өтеді. Сондықтан жергілікті компанияға жұмысқа тұру үшін кәріс тілін білуіңіз міндетті.

анель хасенова

Бәсекелестік ортада суырылып алға шығу үшін кәріс және ағылшын тілдерін жақсы білуіңіз қажет, түрлі сертификаттар мен сіз тапсыратын саладағы жетістіктерден тұратын портфолиоңыз, сондай-ақ өсуге және дамуға деген үлкен құлшынысыңз болуы керек.

Сонымен қатар сізде diverse background болуы қажет. Мысалы, қаржы саласында жұмыс істегіңіз келсе, тиісті сертификаттарыңыз болуы керек. GPA-сы жоғары диплом және білім алған университетіңізді беделі де артықшылық болады.

Hyundai Engineering компаниясындағы жұмысы туралы


анель хасенова

Мен Hyundai Engineering компаниясында HR менеджері болып қызмет етемін. Бас кеңседе шетелдік үміткерлерді жалдаумен және қызметкерлерді басқарумен айналысамын.

Біздің компания машина жасау және құрылыс саласында бизнес жүргізеді. Жобалардың басым бөлігі Кореядан тыс жерлерде жүзеге асырылады. Сондықтан менің жұмысымда әртүрлі елдердің визалық ережелері мен талаптарын білу, сонымен қатар жоба жүзеге асырылып жатқан мемлекеттің Еңбек кодексінің ерекшеліктерін түсіну талап етіледі.

Қоныс аудару қалай әсер етті


Кореяға қоныс аудару тұлғалық жағынан өсірді


Кореяға қоныс аудару тұлғалық жағынан өсірді. Әлемдегі қазіргі тенденцияларды білудің қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Өмір – қозғалыс, ештеңе де бір орнында тұрмайды, сондықтан әрқашан алға, заман ағымына сай жүріп отыруыңыз керек.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.