Мадина Махмұт, 32 жаста, туған қаласы — Семей, менеджер, @ahmutodi
Алматы — Париж
Мен Семей маңындағы Шүлбі ауылында тудым, бірақ Алматыда өстім – Лингвистикалық гимназияда, фортепиано және скрипка класы бойынша музыкалық мектепте оқыдым.
Мен мектепті уақытынан бұрын бітірдім және және «бизнестегі ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша ҚазМУ-нің механика-математикалық факультетін бітірдім. Одан кейін мен аяқ астынан сұхбаттасудан өтіп, Air Astana әуе компаниясына стюардесса қызметіне орналастым. Франкфуртте арнайы оқудан өтіп, шамамен екі жыл бойы жергілікті және халықаралық бағыттар бойынша ұшып жүрдім.
Жұмыс кезінде біз құрбыларымызбен шетелдегі білім беруге арналған көрмеге бардық. Мектеп кезінде француз тілін оқығандықтан, маған магистратура бойынша Францияда оқу идеясы ұнады.
Мен Францияға информатика саласында білім алуды жалғастыру үшін келдім
Мен Францияға информатика саласында білім алуды жалғастыру үшін келдім, «өндірісті басқарудағы ақпараттық әдістер» мамандығы бойынша магистратураға түстім. Осында тұрып жатқаныма он жыл болды.
Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында
Мен стюардесса болған кезде, көп саяхаттасам да, Францияда бір де бір рет болып көрмедім.
Бұл мемлекет маған бірден ұнады. Жұмсақ климаты, шуақты ауа райы, Париждің көрікті жерлері және ескі архитектурасы ұнады.
Қиындықтардың бірі – қағазбен қатысты іс-әрекеттер. Францияда көптеген рәсімдер үшін пошта қолданылады, тіпті студенттік жол жүруге арналған құжат пен медициналық карта пошта арқылы жасалады. Бірақ барлығы жұмыс істейді, бұл узақ уақытыңды алса да, нәтижесінде жауабыңды аласың.
Университеттегі білім берудің деңгейі таң қалдырды. Бізде курстар білім беру сағаттарын толықтыру үшін өткен жоқ – барлығы алдын-ала ойластырылған және өз жұмысымен жүргізілді. Компьютерлік кластардың материалдық және бағдарламалық жабдықтауы жоғары деңгейде.
Маған адамдардың жарқын жүзділігі, мейірімділігі ұнады. Француздар шетелдіктерге деген шынайы ниеттілігімен ерекшеленеді, Парижде және оның маңындағы жерлерде дәл солай. Осындағы адамдар басқа мәдениеттерге ашық, ал Қазақстан олар үшін көп сұрақтар туғызатын экзотикалық ел.
Француздар шетелдіктерге деген шынайы ниеттілігімен ерекшеленеді
Франциядағы өмір жайында
Франция мен Қазақстандағы өмірді салыстыруға болмайтын сияқты. Әрбір жердің өзіндік әсемдігі мен кемшіліктері болады.
Француз менталитетінің ең басты ерекшелігі – олар өздерінің, сіздің, жалпы адамдардың, шетелдіктердің құқықтары үшін күреседі. Бұл үлкен құрметті тудырады.
Француздар әрқашан және әр жерде қырындауды жақсы көреді. Менің ойымша олар үшін бұл жұмыс күндерін тезірек өткізудің амалы.
Кемшілік ретінде артық феминизмді атар едім. Бірақ мен Францияда өссем, осы мәселені елемейтін едім деп ойлаймын.
Француз әйелдері эмансипация үшін, өздерінің құқықтары үшін ұзақ уақыт күресті және «жеңіске жеті» – осында ер адамдар әйелдерге орын бермейді және олардың әлсіздігі жайында ештеңе айтпайды.
Париждегі жұмыс жайында
Диплом алғаннан кейін, мен өзімнің алғашқы жұмысымды ұзақ уақыт іздедім, бірақ қалағанымды таптым – IT-жобалардың менеджменті. Менің француз тілі бойынша білімім университетті бітірген кезде де кәсіби деңгейде болған жоқ, мен оны жұмыс істеген кезде көтердім.
Мен жобалардың менеджментімен айналыстым. Бұл негізінен компания құжаттарының мұрағаттарын белгілеу, компаниядағы құжаттардың ағымын жасаудың жұмысы болды. Мен қатарынан бірнеше жобаларды басынан аяғына дейін басқардым: қабылданатын шешімнің техникалық сипаттамасын алдын-ала жазатынмын, софт және компьютерлердің, серверлердің жеткізушілерімен байланысқа шығатынмын, клиенттермен барлық ұсақ түйектерді бекітетінмін, бағдарламашылар командасын, бюджетті және жүзеге асыруды жоспарлауды басқаратынмын, одан кейін дайын шешім үшін тесттер жазып, жобаларды іске қосатынмын.
Мен ол жерде үш жыл істедім және кейін кеңес беруші болып көруді шештім. Кеңес беруші –компания өзінің аутсорстағы функцияларын басқа компанияларға ұсынатын кезде қажет болатын маман, кейін басқа компаниялар бұл функцияларды өздерінің жұмысында қолданады. Мен бір банктің сақтандыру құжаттарын белгілеу жобасында істедім, кейін басқа банкте онлайн-несиелерді беретін платформаның жобасы бойынша жұмыс істедім.
Жақында мен қосымша білім алып, өзім үшін қызықты және өзекті болып табылатын іспен айналысу үшін кеңес беруші қызметінен кетіп қалдым.
Мен мобильді қосымшалар бойынша дизайн және әртүрлі салалардағы курстардан өттім. Келешекте мобильді қосымшаларды жасап шығару бағытындағы жобаларды басқаруды жоспарлаймын.
Франциядағы жұмыс мәдениеті жайында
Басқа жұмыс менталитетіне дағдылану қызықты болды. Мен француз тілінде сөйлесем де, орысша ойлайтынмын. Әріптестерім мен қызметкерлерге хат жазған кезде, бастығым «турашыл, орыс» сипатындағы хаттарыма күлетін. Әдетте мен амандасып, бірден іске немесе өтінішке көшіп, қоштасатынмын.
Француздарда хат жазысудың мәдениеті өзгеше. Мэйлда олар шын көңілден амандасып, қал-жағдайыңды сұрап, барлығы жақсы екеніне үміт білдіріп, өздерінің қал-жағдайлары жайында айтып, ауа-райы жайлы да жаза алады. Тек бірнеше абзацтан кейін іске көшеді, бірақ оның аса маңыздысы жоқ сияқты тез айтады. Кейін бірнеше рет қоштасады. Уақыт өте мен осындай үлгіде хат жазысуды үйрендім.
Жергілікті жұмыс мәдениетінде мені бәрінен бұрын жиналыстар жалықтырады. Талқылау жоспары алдын-ала дайындалады, бірақ іс жүзінде жиналыстарда әркім өзінің пікірімен бөлісуге тырысады. Бұл пікір жиналыс тақырыбынан ауытқуы мүмкін, бірақ бұл маңызды емес – әркім берілген тақырып төңірегінде философиялық тұрғыдан пікір білдіруі тиіс.
Қала қалай өзгертті
Менің ойымша, Францияға көшу мен жергілікті өмір мені өзгертті. Бұл жақсы немесе жаман деп айта алмаймын. Бірақ мен қазіргі кезде 100 % қазақстандық емес екенімді және Қазақстанда тұра алмайтынымды білемін. Дегенмен жыл сайын жақындарыммен көрісу үшін еліме барып тұрамын. Бірақ мен франциялық әйел емеспін – менің кейбір көзқарастарым еуропалықтан гөрі шығыс бағытына жақын.
Мен Францияда өмір бойы өмір сүремін деп айта аламын. Сонымен қатар мен өмір сүргім келетін басқа жерлер көп. Маған тұратын жерді және қызметімді ауыстырып жүру идеясы ұнайды, жолымды осы бағытта жалғастыруды қалар едім.
Қай жерде тұрмасам да, балаларым болған кезде, мен оларды қазақ тіліне үйретемін.