Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/bf0/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/bf0d793e6fbc2fe657c71c6ab86dcf48.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Pana қазақстандық жобасы іссапарды жоспарлауға және жергілікті туризмді қалай дамытуда
2233

02.06.2022

Pana қазақстандық жобасы іссапарды жоспарлауға және жергілікті туризмді қалай дамытуда

Pana-ның тауар директоры Адил Нурсанмен экожүйенің дамуы, оның бағыттары мен пайдалы ерекшеліктері жайында сөйлестік.


Адил Нурсан, 27 жас, қаласы — Алматы, Pana тауар директоры, @nursankz

Адил Нурсан.jpg

Бәрі қалай басталды


Біздің компания Aqniet Group фарм, ритейл өнеркәсібі мен HoReCa сегменттінде барлық Қазақстан бойынша белсенді дамуда. Іссапар кезінде қызметкерлер әртүрлі өңірлерге жолға шығады. Біз командаға мемлекет бойынша іздеу мен орын брондау кезінде қиындықтарға жолықтық.

Booking-та брондау кезінде фотосуреттерде лайықты көрінетін, ал шын мәнінде үлкен айырмашылық бар. Тұруға корпоративті жеңілдік алу үшін бөлек қонақ үйлермен шарт жасасу керек. Мұндай серіктестік үлкен жабу құжаттарына алып келеді: шот-фактура, АВР, салыстыру актісі. Бұл тиімсіз.

Біз тек өзімізге ғана емес, өзге де компанияларға да іссапар жоспарлау процесін жеңілдеттік. Ұжымдық тұрғын үйлерді табу және брондау нарығын зерттегеннен соң, барлық қиындықтарды шешетін отандық брендті IT-платформасымен іске қостық. Бізде қонақ үйлерді Accor, IHG халықаралық операторлармен іске қосу бойынша Ресей мен Қазақстанда тәжірибе болды.

Pana деген не


Pana жобасы — бұл қонақ күту саласындағы эко-жүйе. Ол 5 құрамдас бөліктен тұрады.

Pana платформасы жалға алушылар мен берушілерге арналған. Алғашқылары қонақ үйлерді, апартаменттерді, пәтерлерді таңдайды және брондай алады, ал екіншілері қонақтардың сұранысын қабылдайды және өзінің жылжымалы мүлігінің қалпын бақылай алады. Оның артықшылықтары: жылдамдатылған қонақтарды тіркеу, бағаны бақылау, сату каналдарының аналитикасы, сонымен қатар қызмет көрсетуді қосу және қорларды басқару да бар.

Біз тек өзімізге ғана емес, өзге компанияларға да іссапар жоспарлау үдерісін жеңілдеттік


Жылжымайтын мүліктің құрылысшылары, иесі мен басқарушылармен жұмыс жасап, жалға алушылардың үйді бірге қолдануын және үй иелеріне таңдауды жеңілдетеміз, біз онлайн-құрал мен офлайн-шешімді ұсынамыз.

Үй иелері үшін арнайы Pana Insurance сақтандыруы мүліктің бүлінуі мен ұрлануына қарсы келісілген соманы жабуды қамтамасыз етеді.

Pana Boutique and Hotel — жұмыс сапарлар мен отбасылық демалысқа арналған алғашқы қазақстандық бутик-қонақүйлер желісі. Біз декордағы этникалық детальдармен замануи қызмет көрсетуді жергілікті қонақжайлық дәстүрлерді жаңғырту үшін байланыстырдық. Әр бутик-қонақүйдің интерьері өңірлік ерекшеліктерінің негізінде жасалған.

Біздің қонақ үйлерде темекі шегуге және алкогольді сусындар ішуге тыйым салынады. Бұл отбасы және балалармен тыныш әрі жайлы уақыт өткізуге мүмкіндік береді. Қонақтар Tary этно-кафе мен жаттығу залын қолдана алады.

Pana for Work — ұйымдастыру мен ұйымдық іссапарларды басқару бойынша қызмет. Ол қонақ үйлерді, апартаменттерді және конференц-пакеттерді бір келісімшарт негізінде ұйымдық тарифтерге брондауға мүмкіндік береді. Платформа шығындарды азайтуға, орналасқан жері мен қызметкерлердің шығындарын қадағалауға, сондай-ақ шот-фактураны «бір терезеден» алуға мүмкіндік береді.

Pana Unique-тің міндетті — қазақстандықтардың назарын жергілікті туристік объектілерге ауыстыру, ішкі туризмді дамыту және инфрақұрылымды жақсарту. Бұл жобада біз тұтынушыларды ерекше жерлер мен олардың тарихымен, онда қалай жетуге болады және нені аралауға болатынын таныстырамыз.

Pana Experience саяхаттаушыларды жергілікті қауымдастыққа жақындастыруға қайталанбас іс-шаралар, ортаға толық енуге арналған авторлық турлар ұсыну арқылы көмектеседі. Бұл жылқымен серуендер, фермада ірімшік дайындау бойынша мастер-класстар, бақшада алма жинау болады.

Жоспарлар жайында


Pana қызметімен келесі өңірлерді бағындыруды жоспарлап отырмыз: Армения, Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Белоруссия, Қырғызстан, Татарстан, Қырым, Башқұртстан, Дағыстан, Грузия. 40 000 000-нан астам туристер жыл сайын — туристік ағым күтіп отырмыз.

2027 жылға дейін 6000 нөмірі бар 200-ге жуық бутик-қонақүй құрастыру, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Әзірбайжандағы франщизаны кеңейту.

Pana Work үшін іссапар қызметіне 2500-ден астам компанияларды және қонақ күтуге арналған 200-ге жуық қонақ үйлерді тартамыз. Бұл жоба тек Қазақстанда ғана жұмыс істейді.

Pana Experience-тің мақсаты — жергілікті эксперттермен 4000-ға жуық тур құрау.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу