facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
otbasyly-s-alaysha-tu-an-apaly-s-l-astanada-balaba-sha-ashty
logo
Отбасылық іс. Қалайша туған апалы-сіңлі астанада балабақша ашты

Баян Ахатаева, 42 жаста, туған жері — Астана, «Тәй Тәй star» балабақшасының директоры


Тамара Ахатаева, 37 жаста, туған жері — Қызылорда, психолог-мұғалім, «Тәй тәйstar» балабақшасының меңгерушісі

24.10.2018

Отбасылық іс. Қалайша туған апалы-сіңлі астанада балабақша ашты


Барлығы қалай басталды



Баян. Жеке меншік балабақша ашу туралы ой бұрын пайда болды. Әпкем мектепке дейінгі білім берудегі мұғалім, ал мен жоғары санатты тарихшымын, ортақ іс ашу үшін бірігіп жұмыс істейміз деп шештік.

20181015-WED_0374.jpg

Бастапқы капиталымыз болған жоқ, бірақ бізге сенңм артқан адамдарды таптық. Инвестициялардың арқасында 2018 жылдың қаңтар айында біз өз балабақшамызды аштық. Енді Астанада екі балабақшамыз бар, біреуінде өзіміз жетекшілік етеміз, екінші филиалын әпкеміз басқарады.

Ата-аналары балаларының бізде тәрбиеленуін қалайды, сол себептен бізде кезек қалыптасты


Тамара. Ата-аналары балаларының бізде тәрбиеленуін қалайды, сол себептен бізде кезек қалыптасты. Ең алдымен бұл тәрбиешілеріміздің арқасында, олардың тәжірибесі мен әрбір баланың тілін таба алуында.

Баян. Сондай-ақ, ашылу кезінде жақындарымыз бен туысқандырымыз көмектесті. Олар барлық уақытта бізбен бірге: жөндеу жұмыстарын жасау барысында немесе кешке азық-түліктерді сатып алуға баратын кезде.

20181015-WED_0364.jpg

Тамара. Балабақшаның арқасында балалар өзара жақын араласа бастады. Бұрын әркімнің өз өмірі, бөлек мектебі, үйірмелері болатын және олар айына тек бірнеше рет кездесетін. Ал енді олар үнемі осында: кішілері ойын ойнайды, ал үлкендері бізге көмектеседі.



Біздің қағидалар



Баян. Тәрбиешілер — балалармен және олардың ата-аналарымен байланысатын ең бірінші адамдар, сондықтан оларға барлық жақтан қолдау көрсетуге тырысамыз. Бізге қызметкерлеріміздің әл-ауқаты маңызды.

20181015-WED_0333.jpg

Ұжымымыз ұйымшыл және менің бірінші меңгеруші болғаныма қарамастан маған кез келген қызметкер жүгіне алады. Арамызда ешқандай шектеулер жоқ.

Тамара. Жұмыс барысындағы ең бірінші қағидам — балаларға деген махаббат. Онсыз балабақша ашып, балалармен жұмыс істеп, тіл табысу мүмкін емес.

Ұжым ішінде бір-бірімізге сенеміз және әрдайым қол үшін беруге дайынбыз.

Баян. Тамара бала кезімнен бірге өскен туған сіңлім, сенімді құрбым. Оған сеніп, қолдауына ие бола аламын. Тамара мен секілді өтірікке бара алмайды, өйткені ата-аналарымыз солай тәрбиелеген. Кейбір жағдайларда пікірлеріміз келіспей қалады, алайда көнуге тырысамыз.

20181015-WED_0352.jpg

Ең кереметі онымен бірге өзімді өте көңілді және жайлы сезінемін, бірге көп күлеміз.

Тамара. Жұмыста ара қашықтықты сақтауға тырысамын: ол менің директорым және таңғы сегізден кешкі алтыға дейін оны аты-жөні бойынша атаймын.

Баян менің тәлімгерім, мені жақсы жаққа итеретін жол бағдарлаушым.



Біздің тәжірибе



Баян. 20 жылдан астам уақыт мемлекеттік білім беру мекемелерінде қызмет еттім. Егер де бұрын менің жұмыс уақытымды біреу шешсе, қазір бизнеске келіп, еркіндікті сезініп, мұның қаншалықты қиын екенін түсіндім. Енді жұмыстарымды өзім жоспарлап, жұмыс кестесіне ілесуге тырысамын. Бірақ, барлығына үлгеру мүмкін емес, оған қоса жас бизнес көп тартылуды қажет еткендіктен, мен аз ұйықтаймын және кейде жеке өзіме уақытым жетпей қалады. Сонда да жұмыстан ләззат аламын және таңертең қуана-қуана жұмысқа оянамын.

20181015-WED_0343.jpg

Отбасылық бизнесте әркім қолынан жақсы келетін нәрсемен айналысуы тиіс. Сондықтан бірінші кезден бастап міндеттерді бөліп алдық, Тамара қызметкерлерге жауап беретінін айтты. Ол бұл сұраққа бар жауапкершілігімен қарайды.

Тамара. Балалар тәрбиешімен жарты күннен артық уақыт өткізеді, демек, сол адамның айтқан сөздері мен әрекеттерін бойларына сіңіреді. Сол себепті балабақшаны таңдаған кезде тәрбиешілерге назар аудару қажет.

Меңгеруші ретінде сонымен қатар оқыту үрдісін ұйымдастыруға да қатысамын, алайда кабинетте аз жұмыс жасаймын. Балабақшамызға баратын балалардың 50% өзім бейімдедім. Балаларды тыныштандырып, олармен ойнай аламын.

Біздің балабақшаны бітірген балалар, ары қарай сол жерде оқитындай мектеп ашуды армандаймыз


Баян көбінесе әкімшілік қызметпен, құжаттармен айналысады.

Баян. Кеңейіп, ары қарай дамуды қалаймыз. Біздің балабақшаны бітірген балалар, ары қарай сол жерде оқитындай мектеп ашуды армандаймыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.