Say Mo, @say_mo__
Say Mo — қазақстандық хип-хоп-орындаушы. ТНТ-ғы «ПЕСНИ» шоуының финалисті. Алдынғы жылдың соңында «Я ПОТ БИТ» атты дебютты жинағын шығарды. Say Mo рэпті қазақша және орысша оқиды.
Tamga, @tamga__
Tamga — Қырғызстанның рэп-орындаушысы. Chingiz Albert Team жобасымен серіктес. Жеке тректерінен бөлек басқа музыканттармен коллаборациялар жазады.
Tatarka, @smelaya_ira
Tatarka — Татарстанның тумасы, рессейлік клауд-рэперші және видеоблогер. Altyn атты трегіне түсірген алғашқы бейнебаяны 46 миллион қаралым жинады. Tatarka тректерді татар тілінде жазады.
A¥WA, @auwalovetveth
Дерек көзі: kick___butovski
A¥WA — Татарстанның баттл-рэпері. Оның шын есімі Айша Лагеева. Татаркаға дисс шығарғаннан кейін танымал болды. Fidelio Punch Club жобасының қатысушысы.
The Kaseta, @the.kaseta
Нармин Алигулиева — азербайджандық хип-хоп-әнші. Рэпті 2013 жылдан бастап орындайды. Жақында Sen трегіне бейнебаян шығарды.