Қыркүйек айында Алматы, Астана, Бішкек және Ташкент қалаларында өтетін 16 керемет іс-шараны ұсынып отырмыз.
Қазақстан
DevOpsDays
Өтетін уақыты: 8 қыркүйек
Өтетін жері: Алматы
Бұл 2009 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу, тестілеу, қауіпсіздік және пайдалану бойынша конференциялардың дүниежүзілік жиыны. DevOpsDays форумнан кәсіби мамандардың дүниежүзілік желісіне айналып, салаға жаңа таланттарды тартуды жалғастыруда.
Next Telecom Generation 2023
Өтетін уақыты: 14 қыркүйек
Өтетін жері: Алматы
Бұл — Орталық Азиядағы IT және байланыс операторлары, Software Hardware провайдерлер мамандарына арналған ең үлкен нетворкинг платформасы. Мұнда аймақтағы ең ірі компаниялардың басшылары мен сарапшылары жиналады.
GopherHub ұсынған митап
Өтетін уақыты: 14 қыркүйек
Өтетін жері: Алматы
IT саласына қызығушылық танытатындар үшін қызықты жиын. Сондай-ақ өз тақырыбыңызды талқылап, көпшілік алдына шығуға болады. Ең бастысы — алдын ала тіркелу керек.
KazHackStan 2023
Өтетін уақыты: 13-15 қыркүйек
Өтетін жері: Алматы
Орталық Азиядағы жетекші киберқауіпсіздік конференциясы. Оған 30-дан астам спикер қатысады.
Raqmet Fest, @raqmetfest
Өтетін уақыты: 14-17 қыркүйек
Өтетін жері: Астана
14-17 қыркүйек аралығында әйгілі стендап комиктерінің қатысуымен бірінші комедия фестивалі өтеді. Raqmet Comedy фестивалі аясында әртүрлі формат: ашық микрофондар, «прожарка», воркшоптар, импровизациялар, комик топтарының миниатюралары, сондай-ақ жеке концерттер ұйымдастырылады.
Digital Wave
Өтетін уақыты: 7 қыркүйек
Өтетін жері: Алматы
Орталық Азия жарнама қауымдастығы Алматыда цифрлық жарнама және маркетинг — Digital Wave тақырыбына арналған конференция өткізеді.
Шара екінші рет өткізіліп отыр. Ол әртүрлі цифрлық салалардың жарнама және медиа индустриясының мамандары мен маркетологтар арасында тәжірибе мен ақпарат алмасудың дәстүрлі алаңына айналды.
Comic Con Astana
Өтетін уақыты: 15-17 қыркүйек
Өтетін жері: Астана
15-17 қыркүйекте Comic Con Astana — комикс, кинематография, аниме және заманауи танымал мәдениеттің басқа салаларына арналған халықаралық фестиваль өтеді.
Comic Con Astana 70 000-ға жуық қонақты қабылдауды жоспарлап отыр. Шара жастар үшін өзекті әрі қызықты мәдени іс-шараларды тартудың жаңа орталығы мәртебесін нығайту жолындағы тағы бір маңызды қадам болмақ. Астана Даму орталығының қолдауымен өтеді.
Human Capital Forum 2023
Өтетін уақыты: 14-15 қыркүйек
Өтетін жері: Астана
Бұл іс-шара — HR саласындағы үздік мамандарды, сарапшыларды, сондай-ақ бизнесмендер мен компания басшыларын біріктіретін интеграциялық алаң.
Форумда өзіңізді және әріптестеріңізді ынталандырудың және дамытудың жаңа жолдарын табуды үйренесіз. Мұнда әр жақтан келген спикерлер мен іс-шараға қатысушылар, құнды тәжірибе алмасу, сондай-ақ жергілікті корпоративтік тенденциялар болады.
Jolbors, @jolbors.festival
Өтетін уақыты: 30 қыркүйек-1 қазан
Өтетін жері: Алматы
Фестиваль Jolbors — Орталық Азияның креатив, жарнама, маркетинг фестивалі. Сала мамандары үшін ең басты, көптен күткен шара. Бұл — адамдар мен идеялардың аумағы. Jolbors бір қадам алда болуға шабыттандырады, нарықтағы ойын қарқынын береді, көзге түсетін және тиімді жобаларды жасауға ынталандырады.
Cyber Nomads
Өтетін уақыты: 14 қыркүйек
Өтетін жері: Алматы
Бұл шарада алты сағаттық этно-кибератмосфера музыка, аттракциондар, фотосессиялар болады, сондай-ақ сіздерді шектеусіз сусын ұсынатын бар, тіскебасар күтеді.
Қырғызстан
«Погружение», @pogruzhenie.kg
Өтетін уақыты: 17 қыркүйек
Өтетін жері: Бішкек
Конференцияда сіз бизнес пен Instagram-ның қызықты әлеміне еніп, брендіңізді дамытудың соңғы трендтері мен табысты стратегиялары туралы біле аласыз.
BMW Snow Leopard Run 2023
Өтетін уақыты: 17 қыркүйек
Өтетін жері: Бішкек
Халықаралық қайырымдылық жартылай марафон, оның бағыты қаланың негізгі көшелерімен өтеді. Жартылай марафон ресми түрде 123 елден 470-тен астам жүгіру жарысын біріктіретін AIMS Халықаралық марафондар мен жүгірулер қауымдастығының мүшелігіне кіреді.
Өзбекстан
Coke Studio Fest, @cocacola_uzbekistan
Өтетін уақыты: 16 қыркүйек
Өтетін жері: Ташкент
16 қыркүйекте «Янги Узбекистон» саябағында өтетін Coke Studio Fest фестивалінде Бір сахнада жергілікті және әлемдік жұлдыздар кездеседі: Artik пен Asti дуэті, Andro, Рухсора Эм, Масса, Далер Аметист, Әлімжанов, Сабина Мұстаева, Dj Bella, Dj Indigo, сондай-ақ Afrojack атымен танымал хедлайнер Afrojack.
Өтетін уақыты: 8 қыркүйек
Өтетін жері: Ташкент
Әлеуметтік желілердегі жұмыстарды басқару қызметі LiveDune мен «Корица» креативті агенттігі Ташкентте кеш ұйымдастырып жатыр.
BahChat GPT — жасанды интеллектімен қалай достасуға болатыны және оның SMM және цифрлық салаларда қалай көмектесетіні туралы воркшоп.