Шатырлы қалашықтар, киіз үй лагерьлері және люкс глэмпингтар — Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанда қайда әдемі демалуға болатыны жайлы айтамыз.
Тәжікстан
Camping Village
Тәжікстандағы шатырлы қалашық түріндегі жалғыз кемпинг 2500 метр теңіз деңгейінен жоғары, Сарытаг шатқалына жақын орналасқан — елдегі ең таңғажайып жерлердің бірі, Ескендіркүлден алыс емес.
Құны: адам басына 20$-дан бастап және одан жоғары. Әртүрлі жеке пакет түрлері бар.
Шарты: пакетке байланысты мүмкіндіктер әртүрлі. Ең қымбат нұсқаға кіреді: трансфер, матрасы бар шатыр мен үш мезгілді тамақтану. Қалашықтың аймағында жуынатын бөлме бар.
Өзбекстан
«Аяз-Кала» киіз үй лагері
Лагерь Қарақалпақстан республикасындағы Еликқала ауданында, «Аяз-Кала» көне қамалдың қирандылары бар әсерлі төбеде орналасқан. Мұнда бірнеше сағатқа экскурсияға келуге немесе қонуға болады.
Құны: адам басына 50$-дан бастап және одан жоғары, таңдалған шарттарға байланысты.
Шарты: қонақтар киіз үйде тұрады. Екі немесе 25 адамдық жалпы орындар бар. Лагерьде екі душ, екі жуынатын бөлме және үш ошақты ас үй бар.
Құнына ошақта дайындалған қарақалпақ, қазақ және өзбек тағамынан тұратын үш мезгілді ас кіреді.
«Сайед» киіз үй лагері
Лагерь тауда орналасқан, айналасында табиғат. Киіз үйден шығып бірден жорыққа аттануға болады.
Құны: адам басына 30$-дан бастап және одан жоғары.
Шарты: қонақтар жайлы кереуеті, душ кабиналары мен жуынатын бөлмесі бар киіз үйде тұрады. Жылдам WI-FI, бассейн және толық тамақпен қамтамасыз етіледі. Кешкі ас пен таңғы ас 7-10 түрлі тағамды үй асынан тұрады.
Қырғызстан
Hippohae Issyk-Kul Camping
Ыстықкөл жағасындағы үнді типтегі этно-кемпинг. Мұндай атмосферада қонақтарды тыныш демалыс пен табиғатпен үйлесімділік күтеді.
Құны: адам басына 30$-дан бастап және одан жоғары.
Шарты: өз шатырыңызбен келуге немесе сонда жалға алуға болады. Кереуеттерде да бар. Қаласаңыз трансферге тапсырыс беруге болады. Экологиялық душ, вегетариандық мәзір мен WI-FI бар.
Yurt camp Sonun
Боконбаевода орналасқан «сонунь» киіз үй лагерінен әдемі өзенге көрініс ашылады. Аумағында барбекюге арналған жабдықтары бар бақ орналасқан. Қонақтар жаяу жорыққа бара алады.
Құны: адам басына 13$.
Шарты: қонақтардың қызметіне тегін WI-FI, жеке көлік тұрағы, тегін дәретхана керек-жарақтары бар толық жабдықталған ортақ ванна бөлмесі. Күнделікті кемпингте азиялық таңғы ас беріледі.
Nomad's Dream
Бішкектен 365 километр жерде Сон-құл өзеннің жағасында орналасқан киіз үй лагері. Жобаның концепциясы: колорит және жайлылық.
Құны: адам басына 35$-дан бастап.
Шарты: 15 киіз үй, 2 мейрамхана-киіз үй, 4 VIP-дәретхана және 3 VIP-душ кабинасы бар. Әр киіз үй төрт адамның тұруына арналған. Жайлы демалысқа керектінің бәрі де бар.
«Территория путешествий»
Бішкектен 23 километр жердегі бюджетті таудағы демалыс. Бір тәулікке келуге болады. Таңдауға әртүрлі бағдарламар бар.
Құны: адам басына 10$.
Шарты: стандартты түрде кемпинг орнына дейін және қайтатын трансфер, шатырларда орналасу, байқаулар, серуендеу және ортақ алау құнына кіреді.
Sky Glamping
Демалып, тауда серуендеу және керемет тау көрінісімен ояну, күннің батуын жылы төсекте тамашалау — мұның бәрін Оруу-Сай шатқалында орналасқан Кашка-Сууда жасауға болады.
Құны: апта күніне байланысты адам басына 100$-дан бастап.
Керектінің бәрі бар: мангал, гигиеналық құралдар, сусындар мен таңғы ас куполдағы нөмір құнына кіреді.
Қазақстан
Scout Glamp
Ақмола облысындағы Ақкөл ауданындағы қылқан жапырақты ормандағы глэмпинг Нұр-Сұлтаннан 120 километр жерде орналасқан. Бұл Lux форматындағы демалыс: қарапайым кемпингтік шатырлар мен ұйықтау қапшықтар орнына — кереуеті бар жайлы сафари-тент.
Құны: адам басына 70$-дан бастап.
Шарты: кез-келген тарифке кереует, түскі ас үстелі, гардероб, комод, қол жуғыш, ыдыс жинағы кіреді. Биодәретханасы бар ағаш кабина орналасқан. Қымбат тарифтерде — үйшікте дәретхана бар.
Orbita
Бірегей жер Жүйке кентінің ауданында, Щучинск қаласынан 25 километр жерде орналасқан. Жобаның басты мақсаты — «Бурабай» ұлттық саябағының табиғатын көрсету және қонақтарға табиғатта керемет, жайлы демалыс өткізуге мүмкіндік беру.
Құны: адам басына 80$-дан бастап.
Шарты: базалық қызметтерден өзге ортақ мангалдық зонаны қолдану, ас үй зонасы мен аумақтағы ойын-сауық кіреді.
Aglamp
Жайлы жағдайда табиғатпен бір болуға арналған орын — тау көрінісмен панорамалық терезе, камин жанындағы жайлы кештер және сәнді фин саунасы бар.
Шарты: жайлы жиһаз, мангал, шезлонг, таңғы ас, мангалға арналған ағаш және жеке гигиеналық құралдар.
«Гора»
Жайлы глэмпинг. Қонақтарды таза тау ауасы мен Іле Алатауына көрініс күтеді.
Құны: адам басына 93$.
Шарты: жайлы орналасуға бәрі бар: жұмсақ кереует, жылы еден және дәретханасы бар душ бөлмеде.
Menin
Панорамалық көрінісі бар глэмпинг Алматыда, телемұнарадан әрі қарай орналасқан.
Құны: адам басына 70$-дан бастап және одан жоғары.
Шарты: террасасы бар жайлы купол, тоңазытқыш, шәйнек, микротолқынды пеш, душ кабинасы, дәретхана, жылы еден, кереует, барлық керекті ыдыс-аяқ және басқа қосымша заттар.
Nomad Spa
Нұр-Сұлтаннан 25 километр қашықтықта демалыс зонасы бар глэмпинг орналасқан. Бұл жерде жақсы демалуға және моншаға түсуге болады.
Құны: демалыс зонасы құрылыс стадиясында. Бағалары жақында белгілі болады.
Шарты: моншалар, «ДубльДом» концепциясындағы үйшіктер және барлық жағдай жасалған жайлы нөмірлер.
«Лес и звёзды»
Щучинсктен 23 километр жерде. Мұнда табиғатта ең жақсы жағдаймен демалуға болады, қарағай орманында серуендеуге және алаудың жанында отыруға болады.
Құны: адам басына 70$-дан бастап.
Шарты: қонақтарға монша, барбекю зонасы, таңғы ас және шай үйшігі ұсынылады. Сонымен қатар максималды ыңғайлы тентхаустар.