facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ortaly-aziya-studentter-sheteldeg-zd-k-zho-ary-o-u-oryndarynda-o-yp-zh-r-p-alay-zh-mys-steuge-bolatyny-turaly
logo
Орталық Азия студенттері шетелдегі үздік жоғары оқу орындарында оқып жүріп, қалай жұмыс істеуге болатыны туралы
Главный (каз)

01.04.2023

Орталық Азия студенттері шетелдегі үздік жоғары оқу орындарында оқып жүріп, қалай жұмыс істеуге болатыны туралы

Орталық Азия студенттері шетелдегі үздік университеттерде білім алу тәжірибесімен бөлісіп, оқу мен жұмысты қалай қатар алып жүруге болатыны жайлы айтып берді.


Абылайхан Нұрланұлы, 26 жас, Ланкастер қаласы, кәсіпкер, @nurlanuly.a

Абылайхан Н

Оқуға түсуі туралы

Мен академиялық және кәсіби жолымды заңгер мамандығына арнадым. Сүлеймен Демирел атындағы университетте бакалавр және магистр дәрежесін алдым. Ал оқуды бітірген соң бірнеше жыл бойы «Big 4» компаниясының бірінде, сонымен қатар үздің заң фирмасында заңгер-кеңесші болып қызмет атқардым.

Біліктілігімді одан әрі дамытып, ой-өрісімді кеңейту үшін мен шетелдік университетке түсуді ұйғардым. Осылайша мен қазір Ланкастер университетінде магистратурада оқып жүрмін.

Ланкастер университеті — Англияның солтүстік-батысындағы Ланкастер қаласында орналасқан қоғамдық зерттеу мекемесі. Англиядағы 100 университеттің үздік 15-не кіреді. Law School-да LLM International Business and Corporate Law мамандығында білім алудамын.

Мен үшін келесі талаптарға сай келетін университетті таңдау маңызды болды: рейтингісі жоғары, білікті оқытушылар, өмірі қыз-қыз қайнап жатқан қала және жақсы жабдықталған кампус инфрақұрылымы. Бұл жөнінен Ланкастер университеті тамаша таңдау болды.

Оқып жүріп жұмыс істеу туралы

Ағылшын заңы студенттерге оқып жүріп жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бірақ студенттердің оқуына зиян тигізбеуі үшін белгілі бір ережелер бар. Сіз аптасына 20 сағаттан аспайтын жұмыс жасай аласыз. Ол үшін студенттер оқу орнына жұмыс берушінің сағат саны нормадан аспайтынын растайтын құжатты тапсыруы керек. Бұл студенттердің бар назарын оқуға аударуына, сондай-ақ құнды жұмыс тәжірибесін алуға және табыс табуға мүмкіндік береді.

Мен жұмыс пен оқуды қоса алып жүрмін, себебі нетворкинг құрып, практикалық тәжірибе жинақтағым келеді және тілдік дағдыларымды жетілдірсем деймін. Оған қоса, шетелде жұмысқа орналасу процесі қалай жүретінін білгім келді. Бұдан бөлек, қосымша табыс табу мүмкіндігі де ұнайды.

Мен қазір университетте International Student Ambassador және Law School Ambassador болып жұмыс істеймін. Университетті әлемдік платформада таныстырамын, Орталық Азия, ТМД, Түркия және басқа елдердің болашақ студенттерімен байланыс орнатамын. Сондай-ақ түрлі ағылшын мектептерінде университетті таныстырамын, танымдық іс-шаралар ұйымдастырамын.

Жұмысқа өтініш беру үшін мен біліктілігімді, тәжірибемді және лауазымға қызығушылығымды сипаттайтын егжей-тегжейлі мотивациялық хат пен түйіндеме тапсырдым. Алғашқы іріктеуден кейін маған бірқатар тақырыптық зерттеулер ұсынылды. Ақырында, мені жұмысқа қабылдау тобымен жан-жақты сұхбаттасуға шақырды.

Артықшылықтары

Мен жұмыс сағатына шамамен 10 фунт стерлинг аламын. Жалақыдан бөлек, «Болашақ» бағдарламасымен шәкіртақы аламын. Менің жалақым мен стипендиям барлық шығындарды, соның ішінде жүріп-тұруымды, тамағым мен жол жүру шығындарын өтеуге жетеді.

Көп оқуым керек болса да, тек жұмыстан тек артықшылықтар көремін. Жұмыс беруші маңызды емтихандар, сабақ және басқа да іс-шаралар кезінде студенттің бос болмауына ештеңе демейді, тіпті қажет болса қызметкерге кедергі жасамайды. Сонымен қатар жұмыс кестесін өз шаруаларымды ескере отырып құрастырамын.

Студенттердің оқып жүрім жұмыс жасауы әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Англияда кең таралуда. Шындығында, студенттер көбінесе өмір сүру шығындарын жабу үшін жұмыс істеуге мәжбүр болады. Сондықтан көбісі жұмыс пен оқуды қатар алып жүреді.

Ақыл-кеңес

Оқу кезінде жұмыс істегісі келетіндерге алдымен ыңғайлы жұмыс табуға кеңес беремін. Сонымен қатар өз қызығушылықтарыңыз бен болашақ мансабыңызға сәйкес келетін жұмысты таңдау маңызды.

Жұмыс пен жеке өмір арасында балансты сақтау және денсаулығыңызды күту маңызды.


Рамина Фарит, 23 жаста, Париж қаласы, маркетолог, @raminafarit

Рамина Ф

Оқуға түсу туралы

Мен маркетинг және қызмет көрсету менеджментінің магистратурасында білім алып жатырмын және француз компаниясының маркетинг бөлімінде жұмыс істеймін.

Менің университетім IAE Paris-Est деп аталады. Бұл — барлық мамандық менеджментпен байланысты мемлекеттік бизнес мектебі.

Сондай-ақ мен Францияның Гренобль қаласында бакалавриатты аяқтадым.

Оқып жүріп жұмыс істеу туралы

Францияда оқу кезінде жұмыс істеуге рұқсат, тіпті міндетті деуге болады. Алдын ала оқуыңызды және жұмысыңызды таңдауға болатын Alternance бағдарламасы бар. Әр оқу орнында оқу мен жұмыстың өзіндік ырғағы бар. Менде екі де үш: дүйсенбі мен сейсенбіде университетте сабақ оқимыз, ал сәрсенбіден жұмаға дейін жұмыс істейміз.

Жай ғана университетте оқу қызықсыз. Ал менің жағдайымда магистратураны бітіргеннен кейін жұмыс тәжірибесі болады. Оған қоса, қосымша табыс көзі артық болмайды.

Мен B2B компаниясында маркетинг бөлімі басшысының көмекшісі болып жұмыс істеймін. Компания тұрақты даму саласында қызмет көрсетеді және ауа сапасы, ғимараттар ішіндегі энергия тұтыну сияқты көрсеткіштерді қадағалауға көмектесетін арнайы қосымша әзірлеген. Мен клиенттерді тартуға көмектесемін және ішкі процестерге қатысамын.

Күн сайын арнайы сайттарға өтініш бердім, сұхбаттардан өттім. Мен жұмыс істейтін компанияда сұхбат екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең — маркетинг бөлімінің басшысымен, ал екіншісі — директормен. Сұхбаттан кейін келесі күні мені жұмысқа алды. Осыдан кейін виза құжаттарын реттеп, екі жарым айдан кейін жұмысқа кірістім.

Артықшылықтары

Жалақы негізгі шығындарды жауып отырады: пәтер ақысы, электр энергиясы, телефон төлемі және көлік. Кемшіліктердің ішінде: офиске жету үшін күніне екі сағат уақытымды жұмсаймын. Бірақ артықшылықтары одан да көп: тәжірибе аламын, жаңа адамдармен танысамын және жаңа саланы зерттеймін.

Ақыл-кеңес

Alternance — Францияда, әсіресе бос жұмыс орындары көп болатын Париждегі кең таралған бағдарлама. Түйіндемеңізді індетті түрде тексеріп, бірнеше адамнан пікір сұрауға кеңес беремін.


Нұраи Әлішер, 24 жаста, Ланкастер қаласы, Business Development Manager, @nura.alisher

Нураи А

Оқуға түсу туралы

Мен Шаян ауылында туып-өстім. Сегізінші сыныптан кейін Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебіне оқуға түстім. Мектепті бітіргеннен кейін Қытайда мемлекеттік стипендияны жеңіп алып, бұл жақта төрт жылдан астам тұрдым.

Қазір Англиядағы Ланкастер университетінің магистранты ретінде жобаларды басқаруды зерттеп жатырмын.

Оқып жүріп жұмыс істеу туралы

Менің университетім жұмыс пен оқуды қатар алып жүруге мүмкіндік береді. Ережеге сәйкес, студенттер аптасына 20 сағаттан, ал демалыс кезінде 40 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Персоналды іріктеу және жұмыспен қамту қызметі бар. Мен басқару ғылымы кафедрасының студенттік амбассадоры болып орналастым. Іріктеу процесі бәсекелестікпен өтті. 500-ден астам студент өтініш беріп, тек 20-30-ға жуық студент қабылданды.

Мен менеджмент мектебінде студент амбассадор болып жұмыс істеймін. Біз платформаны қалай пайдалану керектігін үйрендік, онда мен өз күнтізбемді, уақыт кестесін жасап, ережелермен таныстым. Жұмыс істеуім үшін маған тұруға биометриялық ықтиярхат және Ұлттық сақтандыру нөміріне өтініш беру керек болды. Сіздің NI нөміріңіз NI жарналары мен салықтарының сіздің атыңызға жазылатынын қамтамасыз етеді. Сондықтан университетте жұмыс істесеңіз, сізге көп құжат қажет болмайды.

Мен үшін мұнда жұмыс істеу — жұмыс ортасын сезіну мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар түрлі факультеттер мен мектептердің студенттерімен, спикерлермен, семинар ұйымдастырушыларымен және университет оқытушыларымен жақсы байланыс орнатудың тамаша мүмкіндігі. Амбассадор ретінде мен іс-шараларды ұйымдастыруға және бақылауға, мүдделі тараптармен байланысуға, презентациялар жасауға және аудитория алдында жауаптымын.

Артықшылықтары

Менің жалақым бар, сондай-ақ жеңіп алған бағдарламаның шәкіртақысы бар. Сондықтан мен негізінен тәжірибе үшін жұмыс істеймін.

Амбассадор болу ыңғайлы, себебі жұмыс университетке арналған және одан сабақ уақытында бас тарта аласыз. Сондай-ақ жұмыс уақытын кестеңізге сәйкес таңдауға мүмкіндігіңіз бар.

Кейде күні бойы жұмыс істеуіңіз мүмкін. Кейбір адамдар тілдік кедергіден қиналуы мүмкін, сондықтан ағылшын тілін жетік білу маңызды.

Ақыл-кеңес

Мұндай тәжірибе болашақта пайдалы болуы және мансап жолында көтерілуге көмектесуі мүмкін. Оқып жүріп жұмыс істеу қиын болуы мүмкін, бірақ пайдалы тұстары да бар екенін естен шығармаңыз.

Мен ұсынамын:

— қызығушылықтарыңыз бен хоббилеріңізге сай келетін жұмыс табыңыз

—жұмыс табуға септігі тиетін жақсы түйіндеме және хат дайындаңыз

— егер сізді жұмысқа алмаса, көңіліңізді түсірмеңіз

— қарым-қабілетіңізді көрсетуден тартынбаңыз

— жұмыс берушіге көшбасшылық қасиеттеріңізді айтуды ұмытпаңыз

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Алматыдағы тау көрінісі бар 7 стильді монша
Алматыдағы тау көрінісі бар 7 стильді монша
Дербес саяхаттың артықшылықтары мен кемшіліктері: сапар алдында не білу керек
Дербес саяхаттың артықшылықтары мен кемшіліктері: сапар алдында не білу керек
Егер сіз шетелде төлқұжатыңызды жоғалтсаңыз не істеу керек
Егер сіз шетелде төлқұжатыңызды жоғалтсаңыз не істеу керек
32 жылдық тәжірибесі бар ұстаз студенттердің жүктемесі және Қазақстандағы білім берудегі басқа да мәселелер туралы
32 жылдық тәжірибесі бар ұстаз студенттердің жүктемесі және Қазақстандағы білім берудегі басқа да мәселелер туралы
Қазақстанда IT-компанияны ашу туралы не білуіңіз керек: кадрлар, мемлекетті қолдау, перспективалар
Қазақстанда IT-компанияны ашу туралы не білуіңіз керек: кадрлар, мемлекетті қолдау, перспективалар