Айдана Меденова, @aidanamedenova_officialpage

Қазақстандық эстраданың ең көрікті және талантты орындаушысы. KeshYOU тобының экс-қатысушысы.
Камшат Жолдыбаева, @kamshat__zholdybayeva

Қазақстандық әнші және актриса, сондай-ақ ол KeshYOU тобының бұрынғы қатысушысы. Өз бейнебаяндарында ашық-жарқын образдарда түсіп, көрермендерін таңқалдыруда. Камшат бірнеше фильмге де түскен.
Назима, @13nazima

Танымал қазақстандық әнші, Black Star лейблінің әртісі, «Песни» шоуының финалисті. Назима өз тыңдармандарын жиі жаңа музыкаларымен қуантады.
Ерке Есмахан, @erke_esmahan

Қазақстандық әнші және актриса. «Қайда?» әні арқылы үлкен танымалдылыққа ие болды. Қазігі уақытта бейнебаян 110 миллион қаралым жинады. 2018 жылы актриса ретінде алғашқы дебюті болды.
Индира Едильбаева, @indi_edilbayeva

Алматылық жас әнші және модель. Украиндық «Голос» шоуының қатысушысы. Музыкалық мансабынан басқа Индира модель ретінде жұмыс істеп, түрлі фотосессияларға түседі.
Шахзода, @shahzodasinger

Өзбекстандық танымал әнші және актриса. Тек қана өз Отанында ғана емес, ТМД елдерінде де үлкен танымалдылыққа ие. Шығыстың сұлуы трек жазу мен кино түсіруде үлкен жетістікке жетті. Халықаралық жүлделердің иегері.
Лола Юлдашева, @lolaofficial_

Өзбек әншісі, әндер авторы және актриса. Өзбек және орыс тілдерінде ән орындайды. Muhabbatim әнімен танымал болды. Шығармашылықпен айналысады.
Райхон, @rayhonganieva

Өзбек әншісі және актирса. Замауни кеңістікте жетістікке жеткендердің бірі. Тыңдармандары оны сұлулықтың символы деп есептейді.
Анжелика Кайратова, @anjelika_kairatovna_official

Қырғыз әншісі, актриса, тележүргізуші және продюсер. Өз мансабын 2007 жылы бастады. Қырғыз музыкасының дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше наградалар алды.
Чолпон Талипбек, @cholpon_talipbek

Қырғызстандық талантты әнші, әндер авторы. Non Stop музыкалық тобына қатысқан кезде үлкен танымалдылыққа ие болды. 2017 жылдан бастап жеке мансабын жүргізуде.
Зулайхо Махмадшоева, @zulaykhoofficial

Тәджікстан эстрадасының жас әншісі. Zu Zu лақап атымен танымал. Өзінің зор дауысы мен ерекше концерттік образдарымен есте қалды.
Мадина Акназарова, @madinaaknazarova_

Тәджікстандық жас әнші, әрдайым жаңа әндер мен бейнебаяндар түсіреді. Мадина туған жері мен шетелде концерттер береді. Оның зор дауысы мен шығыстық келбеті тыңдармандардың жүрегін жаулап алды.
Мехрнигори Рустам, @mehrnigormusic

Әнші, музыкант және композитор. Әлем бойынша жүзден астам концерт берді. 2019 жылы «Содружество дебютов» премиясының лауреаты атанды.