Паша Кас, @pashacas
Паша Кас — танымал қазақстандық стрит-арт суретшісі. Қазақстан, Ресей, Германия, Грузия және АҚШ елдерінің қалаларында сурет салған. Суретші өзінің жұмыстары арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді көтереді. Forbes — 30 under 30 азиялық рейтінгісіне енді.
Ержан Танаев, @tanai_tigrohaud
Ержан Танаев — Алматыдан шыққан граффити-суретші, Tigrohaud crew командасының қатысушысы. Өзінің шығармашылығымен әртүрлі қалаларда айналысады.
Али Закир, @zakir_tigrohaud
Али Закир — қазақстандық граффити суретшісі. Tigrohaud crew командасының қатысушысы. Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. Көптеген көрмелерге қатысқан, Қазақстанның әртүрлі қалаларындағы үйлердің қабырғаларына сурет салған.
Дмитрий DMN, @repas_workshop
Қазақстаннан шыққан граффити суретшілерінің тағы бір өкілі. 2007 жылдан бастап шығармашылықпен айналысады. REPAS шеберханасының негізін салған, оған Қазақстан мен Қырғызстанның стрит-арт суретшілері кіреді. Граффити бойынша мастер-кластар өткізеді және көрмелер мен фестивальдерді ұйымдастырады.
Рустам Эшер, @rustam_esher
Рустам Эшер — Қазақстан тумасы болып табылатын стрит-арт суретшісі. Қабырғаларға сурет салумен 2014 жылдан бастап әуестенеді. Оның жұмыстарын Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург қалаларындағы ғимараттардың қабырғаларында көруге болады. Жұмыстарында экология, ғылым және әлеуметтік мәселелер аясындағы тақырыптар көтерілген.
Михаил Пашков, @mikepashkov

Михаил Пашков — Өзбекстаннан шыққан граффити суретшісі, дизайнер және интерьер декораторы. Граффитимен 15 жылдан астам уақыт бойы айналысып келеді. Оның суреттерін Ташкент қаласының көшелері мен ғимараттарында көруге болады. Сондай-ақ, суретші Леван Горозияның клипіне граффити салған.
Абдурахмон, @Inkuzart
Ташкенттен шыққан стрит-арт суретшісі. Оны «өзбек Бенксиі» деп атап кеткен. Өзінің жұмыстарымен астананың бір ауданын көркейтті. YouTube желісіне суреттерінің қалай жасалатынын көрсететін бейнелерді жүктейді.
Виктор Цой, @basicolors.kg
Виктор Цой — Қырғызстаннан шыққан стрит-арт суретшісі. 20 жылдан астам уақыт бойы граффитимен айналысады. Шетелде өткен халықаралық арт фестивальдеріне қатысқан.
DOXA, @doxa_crew
Бішкектен шыққан стрит-арт суретшілерінің арт-тобы. Үйлердің сыртына, қабырғаларға сурет салумен, аэрографиямен айналысады. Бішкектегі көптеген ғимараттардың сыртына сурет салған.