Қорғандағы қазақтар Ресейде қазақ қызына үйленудің қиындығы жайында - статьи, истории, публикации | WEproject

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
or-anda-y-aza-tar-reseyde-aza-yzyna-ylenud-iyndy-y-zhayynda

Қорғандағы қазақтар Ресейде қазақ қызына үйленудің қиындығы жайында
1004

30.05.2019

Қорғандағы қазақтар Ресейде қазақ қызына үйленудің қиындығы жайында

Асия Мұсобаева, 29 жаста, Макушено, Қорған облысы, менеджер


Асия .jpg


Өзі жайында


Мен Қорған облысында туып өстім. 2005 жылы колледжге түстім, тұрмысқа шықтым және Қорғанға көшіп кеттім. Қазірде декреттік демалыстамын, екі қызды тәрбиелеп отырмын.


Қорғандағы қазақ диаспорасы жайында


Қорғанда көп қазақтар тұрады, осында мәдениетіміз кеңге таралған.

Біздің қауымымыз белсенді, көп іс-шаралар мен кездесулер өтеді. Қазақтар мейрам күндері жиналуды жақсы көреді. Әсіресе жастары белсенділік танытады. Қазақ сауық кештері, таза ауадағы серуендер жиі өткізіледі. Сонымен қатар қазақ тілін оқуды қалайтын адамдар үшін арнайы сынып бар.

Біз күйеуімізбен қазақ салт-дәстүрлерді ұстануға тырысамыз. Бізідң тойымыз қазақ дәстүрлері бойынша өтті. Кішкентай балалардың тұсауын кесеміз, қалжа жасап, қонақ шақырамыз. Қазақ тілін түсінеміз, бірақ сөйлемейміз.

Кішкентай балалардың тұсауын кесеміз, қалжа жасап, қонақ шақырамыз


Қазақ тағамдарын әзірлеуді жақсы көреміз. Әсіресе бешпармақты ұнатамыз – бір де бір мейрам онсыз өтпейді. Сонымен қатар мәнті және бауырсақтарды жиі пісіреміз.

Біздің дүкендерде көп қазақстандық тауарлар – шәй, печенье, кәмпиттер – біз ұнататын барлық өнімдер сатылады.


Қазақстан жайында


Біз Қазақстанда жиі болмаймыз – жылына бір рет немесе үлкен мерекелерге барып тұрамыз.

Ресейдегі және Қазақстандағы қазақтар ерекшеленеді деп ойлаймын. Ресейдегі қазақтар мейрімді, жылы шырайлы болып келеді.

Заманауи қазақ әншілердің ішінен Қайрат Нұртас пен Роза Исинбаеваны білемін. Сонымен қатар отбасымызбен заманауи қазақ фильмдерін көруді ұнатамыз.


Илюкина Күміс, 21 жаста, туған қаласы — Қостанай, Қорған медициналық колледжінің студенті


Кумус.jpg


Өзі жайында


Мен кішкентай кезімде Қорған облысына көштім, ал Қорғанның өзінде тұрып жатқаныма үш жыл болды. Қазірде медициналық колледжде оқып жатырмын.


Қорғандағы қазақ диаспорасы жайында


Ата-анам және әжем ұлттық салт-дәстүрлерге деген қызығушылығымды кішкентай кезімнен оятып, тілді үйретті. Әжеміз бізбен тұрған кезде, қазақ халқының мәдениеті мен тарихы жайында көп әңгімелеп беретін.

Сол себепті біз отбасымызбен ауызашарға, айтқа қонақ шақырамыз, жақсы хабар үшін көрімдік береміз және бешпармақ, бауырсақ сияқты ұлттық тағамдарды әзірлейміз. Жақында Қыз ұзатуым өтті, барлығы қазақ дәстүрлері бойынша өтті.

Біз отбасымызбен ауызашарға, айтқа қонақ шақырамыз, жақсы хабар үшін көрімдік береміз


Қаладағы жастар аса белсенді емес, бірақ біз өзара араласуға тырысамыз, мұз айдынында, клубтарда кездесуге тырысамыз, киноға барамыз.


Қазақстан жайында


Қазақстанға жыл сайын барып тұрамын, жазда баруды ұнатамын. Көшіп кету туралы ойым да, арманым да бар. Маған Қазақстанның адамдары, менталитеті және атмосфераның өзі ұнайды.

Әрбір қаладағы қазақтар бір-бірінен ерекшеленеді деп ойлаймын. Мысалы, қорғандық қазақтар бірлікте өмір сүреді деп айтады.

Заманауи қазақ мәдениетін жақсы білемін деп айта алмаймын, бірақ жаңа қазақстандық комедияларды көруді ұнатамын.


Талғат Қайдаров, 23 жаста, туған қаласы — Қорған, музыка мұғалімі және мәдениет үйінің қызметкері


Талгат (2).jpg

Қорғандағы қазақ диаспорасы жайында


Қорғанда белсенді қазақ қауымы бар. Соңғы екі жыл ішінде қазақ ұлттық диаспорасында өзгерістер орын алды: Зауралье қазақ жастарының қозғалысы, қазақ жастарының кеңесі пайда болды. Көп іс-шаралар ұйымдастырылады, әсіресе футбол және волейбол бойынша спорттық шаралар мен форумдар жиі иөтеді, бұл шараларға Қазақстанда тұратын достарымыз шақырылады. Біз барлығымыз табиғатқа шығамыз, бешпармақ дайындаймыз. Аға буын өкілдері бізге қолдау көрсетеді.

Мен қазақ мәдениетінің салт-дәстүрлеріне құрметпен қараймын. Біздің қауымымыз қазақ тілі мектебін ұйымдастырды, қатысушылары көп. Мен де қазақ қауымдастығының белсенді мүшесімін, әрқашан іс-шараларға қатысамын, бірақ, өкінішке орай, орыс тілінде сөйлеп, орыс тілінде ән айтамын.

Тұрмыс құру маңызды қадам және қазақ қызына үйленген жөн. Ресейде бұл қиынға соғады, ал келінді Қазақстаннан Ресейге әкелу одан да қиынырақ.

Қорғандық қазақтарды көңілді, ақкөңіл, қонақжай ретінде қабылдайды


Қорғандық қазақтарды көңілді, ақкөңіл, қонақжай ретінде қабылдайды, олар әрқашан күлімдеп, көмек көрсетуге дайын болады және ешқашан ешкімді алдамайды. Қорған облысында, жалпы Ресейде қазақтарды жақсы қабылдайды.

Талгат.jpg


Қазақстан жайында


Біздің ата-бабаларымыз бұрыннан бері Қорған облысы аумағында тұрды және бұл жерлер маған жақын болып келеді. Бірақ Қазақстанға демалуға және қонаққа баруға ұнатамын. Ал келешек үшін Ресейде жұмыс істеген жақсырақ.

Мен Қазақстанның заманауи мәдениеті жайында әлеуметтік желілерден білемін. Көптеген қазақстандық орындаушыларды тыңдаймын. Әсіресе қазақтың халық музыкасы ұнайды, домбыра тартуды үйренгім келеді.

Қазақ фильмдерін жиі көремін. Соңғы көргендердің ішінен «5 причин не влюбиться в казаха» және «Рэкетир» фильмдерін атап өте аламын.