facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ombyda-y-aza-tar-kel-nder-bay-auy-aza-auyldary-zh-ne-mektepterdeg-aza-t-l-zhayynda
logo
Омбыдағы қазақтар келіндер байқауы, қазақ ауылдары және мектептердегі қазақ тілі жайында
Таңғажайып Қазақстан

25.07.2019

Омбыдағы қазақтар келіндер байқауы, қазақ ауылдары және мектептердегі қазақ тілі жайында

Жанна Иргебаева, 31 жаста, туған қаласы — Омбы, фотограф, іс-шараларды ұйымдастырушы, қоғам қайраткері

2.jpg


Омбыдағы өмірі мен қызмет аясы


Омбы – менің туған қалам. Омбы облысында 100 000 шақты қазақ тұрады, себебі қазақтар – Омбыдағы Ертіc өңірінің байырғы тұрғындары.

Мен әрқашан шығармашылық салада болдым, бес жасымда суретке түсірумен айналыса бастадым. Қызметіме байланысты қалалық іс-шараларға, байқауларға, көрмелерге барып, қызықты адамдармен танысып жүрдім. Ақырындап өңіріміздегі қазақ жастарының мәдени өмірімен қызыға бастады. Маған «өз адамдарымыз» үшін әдемі, салтанатты іс-шараларды ұйымдастыру ойы келді. Бастапқыда бұл клубтық форматтағы сауық кештер болды, кейін бұл сұлулық байқаулары, қайырымдылық акциялары, жаппай коньки тебу, мафия ойыны, қазақ би үйірмесі сияқты әртүрлі шараларға ұласты. Кейін қазақ ұлттық киімдерді жалға беру идеясы ойыма келді. Мен киімде де, тұрмыста да орын алатын ұлттық бейнелерді жақсы көремін, осылайша мен өзіндігінен жақсы жобаларды жүзеге асыра аламын. Келешекте көп қызықты идеяларды іске асыруды қалаймын.


Омбыдағы қазақ диаспорасы жайында


1.jpg

Омбы қазақтары салт-дәстүрлерді құрметтейді және Қыз ұзату, Неке қию, Беташар, Құдалық, Сүндет-той, Тұсау кесу сияқты ұлттық әдет-ғұрыптарды ұстануға тырысады.

Мен қоғам қайреткері, белсенді азамат ретінде әрқашан қазақ халқын біріктіруге, өзіндік ерекшелігімізді сақтауға, тілімізді, салт-дәстүрлерімізді, мәдениетімізді жаңғыртуға және дәріптеуге тырысамын. Біз Ресей мен Қазақстан, сонымен қатар басқа облыстардағы қазақтар арасында достық қарым-қатынасты дамыту бойынша жұмыс істейміз. Қазірде көптеген қазақ қоғамдық қауымдастықтармен тығыз серіктестік қатынасты құрып жатырмын, олардың қатарында Сібірдегі «Мөлдір» қазақ мәдениетінің орталығы, «Мирас» қазақ тілі мен мәдениетін дамыту және сақтау қоры, «Қазақ ұлттық-мәдени орталығы», «Омбы қазақтары», «Тамаша» ұйымдары бар.

Омбы қазақтары салт-дәстүрлерді құрметтейді және ұлттық әдет-ғұрыптарды ұстануға тырысады


Қаламызда жыл сайын «Той Думан» мәдениет және спорт мейрамы, Наурыз тойланады, қазақ тілі мен мәдениетін дәріптеу мақсатымен көптеген іс-шаралар өткізіледі: қазақ тіліндегі тұсаукесерлер, танымал жазушылар мен ақындарды еске алу шығармашылық кештері. Қазақ қоғамдық қауымдастықтары жергілікті әртістер мен Қазақстаннан келген қонақтардың қатысуымен концерттер ұйымдастырады, сонымен қатар «Ару Қыз», «Super Келін» сияқты байқаулар өтеді.

Өкінішке орай, Ресейдегі қазақтарда сияқты менің қазақ тілге қатысты білімім тұрмыстық деңгеймен ғана шектеседі. Қазақ тілі пәні Омбы облысындағы ауылдардың мектептерінде ғана жүргізіледі, бірақ соңғы жылдары қоғамдық қауымдастықтар бұл мәселені белсенді түрде көтеріп жатыр және Омбы мектепетерінде қазақ тілі мен домбыра үйірмелері ашылды, бірнеше университеттерде қосымша кәсіби білім беру және факультативті сабақтар пайда болды.


Қазақстан жайында


Мен Қазақстанда қалағанымдай жиі болмаймын, бірақ Алматыда және Астанада болдым, екі қала да көрікті. Мен үшін Алматы – бұл таулар, арықтар және тыныш көшелер, ал Астана – үлкен мүмкіндіктері, ғаламат сәулет құрылыстары бар қала. Мен тарихи Отанымда тұруды, балаларымның туған тілін, салт-дәтүрлерін және мәдениетін білгендерін қалаймын. Ресейдегі қазақтар қазақстандықтардан қатты ерекшеленеді, ресейлік қазақтардың басым бөлігі туған тілін, жастары салт-дәстүрлерін, тарихын білмейді. Бірақ соңғы жылдары қазақ мәдениеті мен тілді жаңғырту және дәріптеу үрдісі кеңге таралып келеді.


Асемгүл Баймұратова, 39 жаста, туған қаласы — Омбы, оқытушы, стильші, қоғам қайраткері


3.jpg


Омбыдағы өмірі мен қызмет аясы


Менің әкем Қазақстанда, Семейде туды, ал анам – Омбының байырғы тұрғыны. Мен кішкентай кезімнен ата-апаның қолында тәрбиелендім. Сол себепті бала кезімнен қазақ тілін білемін, апам салт-дәстүрлерді ұстанатын, қазақ мәдениетіне деген сүйіспеншілікті сіңіретін. Мен тіпті біраз уақыт бойы «Мөлдір» қазақ мәдениетінің Сібір орталығында ән айтып, би билеп жүрдім.

Білімім бойынша мен мұғаліммін, Омбы теміржол техникумында оқытушы ретінде жұмыс істеймін. Бұдан бөлек мен кішкентай кезімнен шығармашылықпен әуестенемін және он жыл бойы сұлулық саласында жұмыс істеп жатырмын. Визажбен және шаштараз өнерге байланысты әуесім қоғамдық қызметке ұласты. Бастапқыда мен «Омбы қазақтары» ұйымы ұйымдастырған «Ару» салт-дәстүрлер, дарындар және сұлулық байқауында стильші қызметін атқардым. Сол кезде олар туралы естігенім болды және жобадан кейін, олар ұйымдастыратын байқауларға, концерттерге, мерекелерге белсенді түрде қатыса бастадым.


Омбыдағы қазақ диаспорасы жайында


4.jpg

Омбыдағы қазақ қауымы белсенді болып келеді, ай сайын әртүрлі іс-шаралар өтеді. Бұрын мен стильшілер командасында болсам, қазірде «Омбы қазақтары» командасының ұйымдастырушысы мен белсенді мүшесі болып табыламын. Жобаларымыздың арқасында қаладағы қазақ жастары қазақ мәдениетіне тартылады, сонымен қатар біз қазақ кештерін, қазақ тілі курстарын ұйымдастырамыз. Көбінесе Омбыда жоғары білім алатын жастар Қазақстанға кетеді.

Жобаларымыздың арқасында қаладағы қазақ жастары қазақ мәдениетіне тартылады


Омбыдағы қазақ отбасылары әрқашан тойларды қазақ дәстүрлері бойынша өткізеді, біз Құдалық, Беташар, Неке, Сырға салу салттарын өткіземіз. Менің Әнел есімді қызым бар, жасы 12 және мен оның барлық қазақ іс-шараларға қатысып, қазақ салт-дәстүрлері жайында білгенін және қазақ тілінде сөйлегенін қалаймын.

Мен стильші болып жұмыс істеймін, сол себепті қалыңдықтардың той образын жасап шығаруға қатысамын және қыздар ұлттық стильдегі көйлектерді таңдайтынын, қазақ әшекейлерді, тіпті сәукелені киетіндерін байқаймын.


Қазақстан жайында


Менің әкем Қазақстанда туды, сол себепті сол жерде біздің туыстарымыз көп және біз Қазақстанға жиі барып тұрамыз. Мен Көкшетауда, Семейде, Қарағандыда және Астанада болдым. Біз тойларға, қонақтарға, басқа да іс-шараларға барып тұрамыз. Қазақстанда жиі болатындықтан, біраз ауырмашылықтарды байқаймын, мысалы, Ресейде және Қазақстандағы қазақ тілі, диалекттері ерекшеленеді.


Торғын Ашенова, 32 жаста, Омбы облысы, оқытушы, қоғам қайраткері


5.jpg

Омбыдағы өмірі мен қызмет аясы


Бүгінгі таңда Омбы облысында қазақ атаулары бар 40 шақты ауыл бар, себебі Омбы ұзақ уақыт қазақтың жері болды. Мен сондай ауылдардың бірінде – тек қазақтар тұратын және қазақ мектебі бар, балалары қазақ тілі мен әдебиетті оқитын ауылда туып өстім.

Кішкентай кезімізден бастап қазақша тәрбиеленіп өстік деп айтуға болады. Апа-аталарымыз шыққан тегімізді есте сақтап, салт-дәстүрлерді білу керектігін әрқашан айтатын. Біз жыл сайын барлық мейрамдарды тойлап, салттарымызды дәстүрлі түрде өткізетінбіз.

2003 жылы мектепті бітіргесін, мен Омбыдағы Педагогикалық университетке түстім. Бесінші курста оқыған кезде, Казах.ру сайтында «Омбы қазақтары» парақшасы пайда болды. Біз әпкем екеуміз бұл парақшада белсенді араласа бастадық және қалалық жастар Омбыда тұратын қазақтарды іздеп жатқанын көрдік. «Омбы қазақтары» деген қоғамдық қауымдастығымыздың қызметі осы кезден басталды.


Омбыдағы қазақ диаспорасы жайында


7.jpg

Омбыда қазақтар саны бойынша орыстардан кейінгі орында тұр. Біздің ұйым 2008 жылы жұмыс істей бастады, сол кезде біз алғаш рет қазақ жастарын жинап кездестік, араластық. Қалада өскен жастар көбінесе сыныптағы немесе университеттегі жалғыз қазақтар еді және сауатты, қызықты қазақтар аз деп ойлаған екен. Мен үшін бұл ерсі және түсініксіз болды, сол себепті біз белсенді түрде қазақ жастарын жинап, спорттық іс-шараларды, қазақ әдеби кештерді өткізе бастадық.

2012 жылы мені жас белсенді ретінде Павлодардағы «Бірлік-Единство.kz» этномәдени форумға шақырды және сол жерде біздің ұйымымызды қоғамдық қауымдастық ретінде тіркеу қажеттігін түсіндім. Биыл бізге он жыл және осы уақыт аралығында біз әртүрлі форматтағы көптеген іс-шараларды өткіздік. Біз мәдениетімізді көпшілікке танытып, тілімізді дамытуды, жастар ортасында қазақ болудың сәнді болғанын қалаймыз.

Біз жасаған алғашқы ірі жоба – қазақ қыздары арасында өткізілген «Ару Қыз» салт-дәстүрлер, дарындар және сұлулық байқауы. Сол кезде біз Омбы қазақтары ретінде өзімізді көпшілікке таныттық, себебі барлық интернет порталдарда, өңірлік және қазақстандық телеарналарда байқау туралы айтылды. Бұның арқасында билік өкілдері ұйымымзға қолдау көрсете бастады. Қазірде «Омбы қазақтары» қаламыздың бренді ретінде танымал, себебі біз ұлттық және халықаралық жобаларды жүзеге асырамыз. Бұны не үшін істеп жатқанымызды сұраған кезде, біз болашақта балаларымыздың қазақтар жайында білгендерін қалаймыз деп жауап береміз.

Біз мәдениетімізді көпшілікке танытып, тілімізді дамытуды, жастар ортасында қазақ болудың сәнді болғанын қалаймыз


Бүгінде Омбы облысында он қоғамдық қауымдастық бар, әрбіреуінің өзіндік орны бар. Қазақ тілін дамытатын адамдар бар, мәдени шараларды өткізетін орталық бар, мәдени ойын сауық іс-шаралармен айналысатын «Тамаша» ұйымы бар.

Біздің ұйым жастармен жұмыс істейді, бізде бірнеше жоба бар, мысалы, «Омбы Қазақтары» газетін шығарамыз, ВКонтакте желісінде іс-шаралар жайында, қызықты жаңалықтарды жазып қалдыратын парақшамыз бар. Біздің мүшелеріміз әртүрлі форумдарға қатысады, өткен жылы олар Астанада, Мәскеуде, Қазанда, Оренбургта болып қайтты. Біз қазақ жастары жетістіктерге жете алатынын көрсетуді, стереотиптерді жойып, таланттарды танытуды қалаймыз.


Қазақстан жайында


6.jpg

Омбы Қазақстанмен шектесетіндіктен, біз Қазақстанда жиі боламыз. Петропавлда, Көкшетауда, Семейде, Қарағандыда, Астанада туыстарымыз тұрады және біз оларға қонаққа барып тұрамыз. Бүгінде Омбы университеттерінде оқып жатқан қазақ жастары кәсіби тұрғыдан даму үшін Астанадағы мүмкіндіктер жайында хабардар. Өздерін Қазақстанда іске асырған таныстарым бар.

Университетке түскен кезде, әкеміз оқуды бітіргеннен кейін, Қазақстанға көшеміз деп айтқан. Сол кезде мен Алматыдағы телевидениеде диктор болатыным жайында армандаған едім. Бірақ оқуды бітіргеннен кейін, мен қоғамдық қызметпен айналыса бастадым және бұл істі тастап кете алмаймын. Бірақ сіңлім Астанада тұрып жатыр және мен оған жиі барып тұрамын. Мен халқымды, салт-дәстүрлеріміз бен тілімізді жақсы көремін және осының барлығын Ресейде де сақтауды қалаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.