facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
olzhas-ayyrahmet-singapurda-y-m-r-zh-ne-tiktok-komandasynda-anday-zh-mys-steyt-n-turaly
logo
Олжас Қайырахмет Сингапурдағы өмірі және TikTok командасында қандай жұмыс істейтіні туралы
Главный (каз)

12.11.2022

Олжас Қайырахмет Сингапурдағы өмірі және TikTok командасында қандай жұмыс істейтіні туралы

Олжас Қайырахметтің Сингапурдағы өмірі туралы айтамыз.


Олжас Кайырахмет, қаласы — Сингапур, ByteDance инженері, @olzhabay

Олжас Кайырахмет о переезде.jpg

Қоныс аудару туралы


Мен Ақтөбе қаласында дүниеге келдім.
Оқуымды бітірген соң әрі қарай білім алу үшін шетелге кеттім, міне содан бері осы жақта тұрамын.

Мен Сингапурға өткен жылдың қазан айында ұоныс аудардым. TikTok-тың негізгі компаниясы – ByteDance-те жұмыс істеймін. Бренд өкілдеріне менің түйіндемем ұнап, сұхбатқа шақырды және ИТ-ресурстар саласында жұмыс орнын ұсынды. Мені компания, сондай-ақ маған ұсынған жұмыс та қызықтырды. TikTok-тан мен даму мүмкіндіктерін көрдім және мансап жолында қарқынды өсе алатынымды білдім.

Жаңа өмірге бейімделу және қиындықтар туралы


Алғашқыда Сингапурға қоныс аударуым қиынға соқты.
ДДҰ мақұлдамаған вакцина алғаным үшін елге кіруге рұқсат етілмеді. Сол себепті Сингапур Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын алу қажет болды. Мақұлдау процесі шамамен екі айға созылды. HR компаниялары бұрын-соңды мұндай проблемаға кез болмаған екен, сол себепті бұл процесті қиындата түсті. Мен Қазақстанда медициналық себептерге байланысты ерекше жағдай алып, антиденелерге тест тапсырдым. Сөйтіп көшіп келдім.

Бұл жаққа келген соң екі апта оқшаулауда болдым. Мені әуежайда қарсы алып, қонақүйге апарды. Бұл өте қиын кез болды.

Сингапурда мекемелерге, сауда орталықтарына, кафелер мен спорт залдарына сертификатың болса ғана кіруге рұқсат етіледі. Қазақстандық Ashyq сияқты қолданба бар. Менің жасыл мәртебем болмағаны себепті мен басқа вакцина алғанға дейін тек көшеде жүруге рұқсат алдым. Алайда бұл жақта ауа райы ыстық әрі ылғалды болғандықтан серуендеу қолайсыз еді.

Олжас Кайырахмет .jpg

Біріншіден, ережелерді оқып, қатаң заңдарға дайын болуға кеңес беремін. Екіншіден, жергілікті заңдарды зерттеңіз. Сингапурда далада түкіргенің немесе сағыз шайнағаның үшін айыппұл салуы мүмкін.

Үлкен хабтарда тұрғын үй мәселесі қиындау. Сондықтан тұрғын үй нарығын зерттеп, пәтер немесе бөлме жалдауға арналған сайттарды тауып алған жөн. Қаржылық жағын да зерттеңіз: құнын, орналасқан жерін, аялдамадан, метродан, жұмыстан қашықтығын және бюджетті есептеңіз. Отбасымен бірге көшкен кезде балабақшалар мен мектептердің қайда екенін біліңіз. Бұл кез келген елге көшу кезінде берілетін басты кеңестер.

Маған Сингапурдың тазалығы ұнайды. Жергілікті тамақтану мәдениеті де таңғалдырды. Мұнда hawker centre кеңінен таралған. Бұлар – жергілікті тұрғындар тамақтанатын кафелері бар орталықтар. Тамақтары дәмді және арзан, бар болғаны 5 долларға түскі және кешкі ас ішуге болады. Елде үш негізгі этникалық топ бар: қытайлар, малайялықтар және үнділіктер. Мұндай орталықтарда тағамның түрі өте көп: қытай, малайя, фьюжн, қытай-малайя немесе малайя-үнді тағамдары.

Қоныс аударған адамның өмірі хаосқа толы болады, сондықтан өмір сүруге ыңғайлы болу үшін ыңғайлы күн тәртібін құруға тырысыңыз

Мен бұған дайын болсам да, мұндағы шетелдіктердің көптігі мені таңғалдырды. Сингапурда Солтүстік Америкадан, Оңтүстік Америкадан және Азия елдерінен келіп жұмыс істеп жүрген адамдар өте көп.

Қай жаққа қоныс аударсаңыз да, жергілікті тағамдарға үйренуге кеңес беремін. Әсіресе егер сол елде ұзақ уақыт тұруды жоспарласаңыз. Салық жүйесі қалай жұмыс істейтінін зерттеп біліп, аударымдарды азайтуға тырысыңыз. Отбасыңызбен көшкен кезде, асырауыңызда адамдар бар екенін жария етіңіз және есептеп көріңіз, бәлкім, отбасы мүшелеріне жұмыс істеудің қажеті болмауы да мүмкін. Жыл соңына таман артық төлем жасамау үшін капитал салығы бар-жоғын да сұрап біліңіз.

Қоныс аударған адамның өмірі хаосқа толы болады, сондықтан өмір сүруге ыңғайлы болу үшін ыңғайлы күн тәртібін құруға тырысыңыз.

Жұмыс және мансап жолы туралы


Мен америкалық колледжде білім алдым, бірақ екі жылдан кейін Оңтүстік Кореядағы UNIST-ке ауыстым.
Мен тереңдетілген және менің сұраныстарыма сай келетін білім деңгейін меңгергім келді. Ал Оңтүстік Корея қаржылық жағынан да қолайлы болып шықты. Америкалық университеттерде оқу құны қымбат – жылына шамамен 20 000-30 000 доллар, ал шетелдік студентке грант алу өте қиын. Ал Кореяда мен негізгі және қосымша білім алдым: «информатика» және «менеджмент». Магистратураны да сол жерде бітірдім.

Магистратура кезінде мен «бұлттағы сақтау» бағытын таңдап, ғылыми зерттеу жаздым. Презентация жасау үшін Бостонда өткен конференцияға қатысып келдім. Материал негізінде диссертация жаздым.

Олжас Кайырахмет.jpg

Кейінірек Дублинге көшіп, Arista Networks — серверлік жабдыққа арналған желілік маршрутизаторлар жасайтын компанияда жұмыс істедім. Жоғары технологиялық жүйелермен жұмыс істейтін инженер-әзірлеуші болды, себебі жабдық деректердің үлкен көлемін беруді қажет етті. Жұмыс ұнайтын, сондықтан мен желілік протоколдардың бағытын зерттедім.

2020 жылдың қыркүйегінде Қазақстанға көшіп келдім. Мен өзімді стартапта сынап көрдім, сонымен қатар фриланста жұмыс істедім. Стартап болмай қалып, мен жұмыс іздеуді бастап кеттім. Менің ойымша, ByteDance-ті қызықтырған себебім, бұлтты сақтау саласындағы мақалам болуы мүмкін. Сұхбаттың үш кезеңінен кейін олар мені жұмысқа қабылдады.

Бағдарламашыға жұмыс табу және виза алу оңай. Көп бағдарламалау керек және сұхбатта қойылған тапсырмаларды орындау қажет. Оларды интернеттен көруге болады. Сізге дұрыс түйіндеме қажет болады: ақпараттық және көлемі аз. Тәжірибе болмаған жағдайда студенттік жобалар туралы жазып, ашық дереккөздерде жарияланған болса, сілтеме қалдырған жөн.

Басшылық Сингапурды бас кеңсеге айналдыруды жоспарлап отыр, сондықтан үлкен инженерлік топ құрып жатыр

ByteDance-те өнім түрі көп. TikTok-тың өзі қытайлық және шетелдік деп екіге бөлінеді. Басшылық қытайлық және шетелдік бизнесті бөлуді жоспарлап отыр. Соған сай, Сингапурды бас кеңсеге айналдыруды жоспарлап отыр. Міне, сондықтан олар бұлтты өнімдерді, әсіресе трафигі көп Tik Tok-тың бұлтты өнімдерін қолдайтын үлкен инженерлік топ құруда.

Мен бұлтты сақтау тобында жұмыс істеймін. Біз жадты қысқа мерзімде шығаруды автоматтандыру бағытында үлгі жасап жатырмыз. Процестерді жүйенің өзі қателермен күресетіндей етіп және деректер жоғалмайтындай етіп жасаудамыз.

Команданың көп бөлігі Қытайда жұмыс істейді, бұл жақта адамдар артығымен жұмыс істейді. Сондықтан бренд Сингапурдағы жаңа кеңсені әлемдік қауымдастық үшін тартымды ету бағытында жұмыс істеп жатыр. Компания жаңа корпоративтік мәдениетті қалыптастырып, work-life balance-тың сақталуына қамқорлық жасайды. Сондай-ақ егер қызметкер үнемі жақсы нәтиже көрсетіп отырса, командада өнімділікті бонус немесе акциялармен марапаттау жүйесі бар.

Қоныс аудару қалай әсер етті

Менің көптеген шетелдік достарым пайда болды, олармен араласып, басқа елдерде адамдардың қалай өмір сүріп жатқанын білемін. Мен әртүрлі халықтардың мәдени ерекшеліктеріне сабырмен қараймын. Әртүрлі елдердің адамдарымен түсіністікте болу үшін ақпарат көздерін зерттеуді үйрендім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.