facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
oksfordta-y-o-u-zh-yes-nes-men-erekshelened-universitet-alyptastyratyn-da-dylar-men-b-l-mn-ndyly-y
logo
Оксфордтағы оқу жүйесі несімен ерекшеленеді: университет қалыптастыратын дағдылар мен білімнің құндылығы

22.03.2019

Оксфордтағы оқу жүйесі несімен ерекшеленеді: университет қалыптастыратын дағдылар мен білімнің құндылығы

Әбілхайырхан Жүнісбек, 27 жаста, туған қаласы – Алматы, қайтадан құрылған ақылды орталықтың талдаушысы

IMG_5699.JPG


2015 жылы мен магистратура бойынша оқуды шетелде жалғастыруды шештім, себебі бұл сапалы біліммен қатар жаңа мәдениетке еніп көрудің мүмкіндігі.

Мен Diplomatische Akademie Wien және Оксфорд арасында таңдау жасадым және бұл қиын таңдау еді. Мәдени даму жағынан Вена қаласынан аларым мол болушы еді, бірақ мен үшін Оксфорд абыройының орны басым болды. Оған қоса менің бағдарламам бір айға құрлықтық Еуропаға оқуға жіберу мақсатын қарастырды.


Оқудың ерекшеліктері жайында


Оксфордтағы оқу, ең алдымен, тьюторлық бағдарламасымен ерешеленеді. Бір апталық қарқынды сабақтардан кейін студент тьютормен өтетін бір сағаттық сабаққа келеді де, алдын-ала дайындалған эссе мини-тұсаукесерін жасайды. Тьюторлық студенттен ғылыми әдебиетті өзіндігінен талдауды, жеке көзқарасын қорғай білуді талап етеді.

IMG_5697.JPG

Менің бағдарламамның ерекшелігі – мен әлемдегі 20 елден дипломат болып танылған азаматтармен араласып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болдым. Оқу халықаралық саладағы білімімді теория және практика жүзінде дамытуға, сонымен қатар жаһандану аясында заманауи экономикалық және саяси мәселелерді зерттеуге бағытталды

Оксфордта әрдайым бірдеңе істеуді қажеттілігі жоқ. Емтихандар мен диссертациямды тек оқу жылының аяғында тапсырдым. Диссертациямның тақырыбы – «Қазақстанның ішкі саясатына табиғат байлығының тигізетін ықпалы». Менің жетекшім саяси экономика саласындағы атақты сарапшы Адиль Малик Докторы болды. Университеттің Ғылыми кеңесі жұмысымды жоғары бағалады және мен үздік бағаға ие болдым. Жалпы Отаным және жақындарымның алдындағы борышым мені ынталандырды, мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алдым. Сол себепті барлық сабақтарға берілетінмін.

IMG_5698.JPG

Оксфордтық білім берудің түпкі мақсаты – академиялық білімнің орнына мәдени-саяси білім беру және ғалымдардың орнына дипломаттар, зайырлы тұлғалар, банк қызметкерлері, заңгерлер, жоғары әскери шен иелері сияқты кадрларды тәрбиелеу болып табылады деген пікірмен келісемін. Соңғы 100 жыл ішінде Ұлыбританияның 17 премьер-министрлерінің 10 шақтысы Окфордты бітірді.

Оксфордта бүкіл курс бойы өзің жалғыз жұмыс істейсің немесе тоғыз адамнан тұратын шағын класқа барып отырасың. Сонымен қатар жеке зерттеу жоспарын өзіңіз құруыңыз керек. Бұл танымал спикерлердің дәрістеріне қатысу мүмкіндігін береді. Бұндай формат кейбіреулерге ұнайды, басқалары қатал тәртіптің болмағанын ұнатпайды.


Жоғары оқу орны не берді


Оксфордта мен саясаттану саласында жақсы білімге және аналитикалық ойлау дағдыларына ие болдым. Профессорларымның бірі айтқандай: «Білімнен артық болып табылатын ең басты дағды – дұрыс сұрақтар қоя білу», кейін мен бұл сөздердің мәнін ұғындым. Егер біз сұрақтар қойсақ, оған жауап іздейтін ынта пайда болады. Бұл жаңа білімдер мен дағдыларға ие болу мақсатын туғызады.


Камилла Абилова, 25 жаста, туған қаласы — Ақтөбе, инженер

WhatsApp Image 2019-03-11 at 22.14.08.jpeg


Мен Ақтөбедегі қарапайым көпсалалы мектепте оқыдым. 10 сыныпты бітіргеннен кейін, A-level бағдарламасы бойынша Англияға кетіп, колледжге түстім. Оқуымның екінші жылы мен әртүрлі университетке құжаттарымды тапсыра бастадым. Бес жоғары оқу орнын таңдадым, бастапқы орында Оксфорд болатын.

Екінші оқу жылы барысында өз бағаларымды, personal statement-ті жіберетінмін және тесттерден өтетінмін. Кейін мені сұхбатқа шақырды, оның нәтижесінде маған conditional offer жасалды. Мен колледждегі оқуымды жалғастырдым, қажетті емтахандарды, IELTS-ты тапсырдым және менің орнымды бекітті. Менің инженерлік ғылымдар факультеті бойынша Оксфордтағы оқуым 2012 жылы басталды.


Оқудағы ерекшеліктер жайында


Британдық білім беру жүйесі бойынша бакалавриат үш жылға созылады және бір жылғы магистратура бар. Менің университетімде төртінші курсқа өтіп, магистр дәрежесін алу үшін белгілі бір балл санын жинау қажет болды. Үшінші курстан кейін құжаттарын алып кеткен балалар да болды.

WhatsApp Image 2019-03-11 at 22.14.09.jpeg

Менің курсымның жүйесі басқалардан ерекшеленетін, мамандандыру болмайтын. Инженерлік ғылымдардың жалпы факультеті болды, мен барлығын кішкенеден оқыдым. Алғашқы екі курста біз бір пәндерді оқитынбыз, тек үшінші және төртінші курста пәндерді белгілі тізім бойынша таңдауға болатын. Мен құрылыспен байланысты пәндерді таңдам алдым.

Оқу процесі әжептәуір қиын еді, материал көп болатын. Уақыттың 70 % өз бетімен оқуды қамтиды. Дәрістен кейін мен кітапханаға барып, оқиытынмын, кейбір тақырыптарды өзім талдайтынмын. Үй жұмысы көп болатын, deadline-ға үлгеру үшін барлығын жақсылап жоспарлау керек болды.

Оксфорд университетінің ең басты ерекшелігі – колледждерінің жүйесінде. Бүкіл Англия бойынша осындай үш университет бар. Оксфордтың әрбір студенті белгілі бір колледжге қарайды, сол колледждің өз кампусы, кітапханасы, асханасы болады. Мен оқыған кезде, 38 колледж бар еді. Маған бұл жүйе өте ұнайтын, себебі студенттердің үлкен ағымында танысу, адамдарды табу қиынға соғатын. Ал колледждің ішінде барлығы ұйымдастырылып қойылған.

WhatsApp Image 2019-03-11 at 22.14.09 (1).jpeg

Менің колледжім жайлы еді. Мен Сомервилде оқыдым, сол жерде Маргарет Тетчер химияны оқыған. Дәл сен оқып жатқан жерде осындай адамдардың оқығанын білу қызықты, әрі толқытарлық.

Университеттің артықшылығы – оның атауында. Менің факультетімде сабақ берген профессорлар танымал, алдыңғы қатарлы адамдар. Біз оқыған кітаптар дәл осы профессорлармен жазылып шыққан. Олар орасан зор басылымдардың авторлары болып табылады.

Oxford Union студенттерінің қауымдастығы қызықты шаралар өткізетін. Бізге саясаткерлер, шығармашылық адамдар келетін.

Менің ойымша, нақты біздің факультетіміздің кемшілігі – оның тым академиялық бағытында болуы. Магистр дәрежесін алған адамдар ғылымға, зерттеулерге кетеді деп саналатын.


Жоғары оқу орны не берді


Мен иеленген ең басты дағды – мәселелерді шеше білу. Қиын үй жұмысы болсын, өзім түсінбейтін тақырып болсын, түсініксіз міндет болсын – дұрыс бағыт бойынша жүрсем, бұл мәселені ұсақ мәселелерге бөліп, оларды ақырындап шеше алатынымды білемін. Қорқыныш болмайды, барлық мәселелердің шешімі бар екенін білесің, бастысы – дұрыс бағыт табу.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
«Балалар бірінші сыныпқа келгенде, көздері жанып тұрады», — Ұлан Усенов Қазақстандағы білім беру жүйесі туралы
«Балалар бірінші сыныпқа келгенде, көздері жанып тұрады», — Ұлан Усенов Қазақстандағы білім беру жүйесі туралы
Abay Academy қазақстандық білім берудің болашағы мен шындығы туралы ортақ негізін қалаушы
Abay Academy қазақстандық білім берудің болашағы мен шындығы туралы ортақ негізін қалаушы
Неге мектептерде гаджеттерге тыйым салуға болмайды және жасанды интеллект білімге қалай әсер етеді
Неге мектептерде гаджеттерге тыйым салуға болмайды және жасанды интеллект білімге қалай әсер етеді
Ғалымға қаржыландыруды немесе қолдау бағдарламаларын қайдан табуға болады — 10 өзекті мүмкіндік
Ғалымға қаржыландыруды немесе қолдау бағдарламаларын қайдан табуға болады — 10 өзекті мүмкіндік
10 халықаралық стипендиялар: қазақстандықтарға арналған мүмкіндіктер
10 халықаралық стипендиялар: қазақстандықтарға арналған мүмкіндіктер