facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/89a/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/89a4e9c511598a06d65d61d1ef9b5851.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
o-u-zh-mys-t-ra-ty-oryn-kanada-a-onys-audaru-a-olayly-viza
logo
Оқу, жұмыс, тұрақты орын: Канадаға қоныс аударуға қолайлы виза

19.10.2022

Оқу, жұмыс, тұрақты орын: Канадаға қоныс аударуға қолайлы виза

Канадада тұратын отандастарымыздан пайдалы кеңестер.



Мадина Байтореева, Монреаль қаласы, сақтандыру қызметі саласында жұмыс істейді


Оқу, жұмыс, тұрақты орын:  Канадаға қоныс аударуға қолайлы виза

Қоныс аудару туралы


2019 жылдың шілде айында отбасымызбен бірге Канадаға көштік. Содан бері біз Квебек провинциясында тұрамыз. Көшуге жұбайымның жұмысы себеп болған. Біз оның компаниясы берген шетелде тұру мүмкіндігін пайдаландық.

Квебек француз тілінде сөйлейтін провинция, сондықтан жеті ай бойы француз тілін қосымша оқыдым.

Еңбек визасы процесі


Біз жұмыс визасымен көштік. Процесс алты айға созылды – бұл әрине салыстырмалы түрде тез. Құжаттарды реттеумен жұбайымның компаниясы айналысты. Бұл компания тарапынан үлкен қолдау болғанын мойындау керек. Бекіту процесі бір жылдан алты жылға дейін созылады. Біраз нәрсе визаның түріне байланысты. Мысалы, оқу визасымен тез әрі оңай көшуге болады. Ал Permanent Residence, яғни тұрақты тұрғын статусын алу көп уақытты алады.

Біздің жағдайда жұмыс визасы үшін:

– job offer

– анкетаны деректермен толтыру

– отбасыңмен медициналық тексеруден өту

– биометриялық саусақ іздерін тапсыру

– күтуге деген шыдамдылық таныту керек.

Келешекте біз Канадада қалғымыз келсе, тұрақты тұрғын статусын алуымыз керек.

Ол процесс үшін қажет:

– 6-7 баллдық IELTS сертификаты

– дипломдағы GPA балы

– 1,5 жылдай күту

– кез келген адам Қазақстанда бола тұра immigration.ca және canadianvisa.com сияқты ресми сайттар арқылы виза алуға онлайн өтініш бере алады.


Юлия Рунова, Торонто қаласы, туристік компаниядағы клиенттерге қызмет көрсету агенті, @julia_canada_blog


Оқу, жұмыс, тұрақты орын:  Канадаға қоныс аударуға қолайлы виза


Қоныс аудару туралы


Жолдасым екеуміз 2019 жылдың ақпан айында Канадаға көшіп келдік. Ол 16 жасынан бастап көшуді армандаған, ағылшын тілін үйреніп жүрді және иммиграция жағдайларына қызығушылық танытты. Ал 2017 жылы біз иммиграциялық тізімде көрсетілген барлық пункттерді орындап, Express Entry веб-сайтында тіркелдік.

Бірнеше аптадан кейін бізге Онтарио провинциясынан шақыру келді. Бізге Ontario Human Capital Priorities Stream кәсіби бағдарламасы бойынша тұрақты тұрғын картасына иммиграцияға өтініш беру ұсынылды.

PR карта


PR картасына өтініш беру үшін сайтқа қажетті құжаттарды жүктедік. Бұл дипломдар, жұмыс тәжірибесін растау және т.б. Бір-екі айдан кейін өткенімізді білдік.

Визаға өтініш беру үшін іріктеу кезеңінде қажетті құжаттар растадық. Содан бізді жіберген Алматыдағы медициналық клиникадан тексеруден өттік. Осыдан кейін олар PR PR картасын растайтын хатты күтіп, иммиграциялық виза алу үшін төлқұжаттарды Мәскеуге жібердік.

Иммиграциялық виза негізінен бір реттік. Ол Канадаға кіру үшін қажет. Оның жарамдылық мерзімі екі ай ғана. Осы уақыт ішінде елге кіру керек. Әрі қарай, әуежайда иммиграциялық процесс кезінде офицер визаны сызып тастап, сізге тұрақты тұрғын картасына құжаттар жасайды.


Әлімжан, Ванкувер, Account Executive, @alimzhan_canada


Оқу, жұмыс, тұрақты орын:  Канадаға қоныс аударуға қолайлы виза


Қоныс аудару туралы


Мен Алматы қаласынан боламын. 2016 жылы Канадаға студенттік визамен келдім. Бизнесті басқару бойынша екі жылдық бағдарламаны аяқтадым. Ол магистратураға ұқсас, тек диссертация қорғауы жоқ.

Көшудегі негізгі мақсат – білім алу арқылы Солтүстік Америка континентінде өз қабілеттерімді іске асыру. Колледж немесе университет – құрдастарыңмен байланыс орнатудың және әртүрлі ұлт өкілдерімен командада жұмыс істеуді үйренудің бірегей мүмкіндігі.

Студенттік виза процесі


Мен үш жылдық жұмыс визасын алу үшін екі жылдық оқу бағдарламасын таңдадым. Бір жыл бойы талап етілген қызметте жұмыс істегеннен кейін Канадада тұрақты тұрғын статусын алдым.

Оқу арқылы осында қалғысы келетіндер үшін екі жылдық бағдарламаны таңдауды ұсынамын. Тәуекел етіп бір жылдық оқуды таңдай аласыз, бірақ кейін жұмыс визасын бір жыл аласыз. Бұл жағдайда сізге талап етілетін қызметте тура бір жыл жұмыс істеуге тура келеді.

Көбінесе тұрақты тұруға өтініш берген адамдар жұмыс визасын алуға уақыты жетпегендіктен қажетті ұпайларды ала алмайды. Сондықтан, егер сіз бір жылға оқу бағдарламасын таңдасаңыз, иммиграциялық жоспарды күніне дейін есептеуге дайын болыңыз.

Канададан тыс жерде құнды жұмыс тәжірибесі барлар үшін Federal Skilled Worker бағдарламасын мұқият қарап шығуға және провинциялық бағдарламалардың шарттарын зерттеуге кеңес беремін.

Канадаға келесі жолдармен көшуге болады:

– оқу

– жұмыс

– федералды/провинциялық бағдарламалар

– некеге тұру

– босқындық.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Мен «НЗМ» жұмыс істеймін. Бірегей білім беру желісінде мансапты қалай құруға болады
Мен «НЗМ» жұмыс істеймін. Бірегей білім беру желісінде мансапты қалай құруға болады
32 жылдық тәжірибесі бар ұстаз студенттердің жүктемесі және Қазақстандағы білім берудегі басқа да мәселелер туралы
32 жылдық тәжірибесі бар ұстаз студенттердің жүктемесі және Қазақстандағы білім берудегі басқа да мәселелер туралы
«Балалар бірінші сыныпқа келгенде, көздері жанып тұрады», — Ұлан Усенов Қазақстандағы білім беру жүйесі туралы
«Балалар бірінші сыныпқа келгенде, көздері жанып тұрады», — Ұлан Усенов Қазақстандағы білім беру жүйесі туралы
Неге мектептерде гаджеттерге тыйым салуға болмайды және жасанды интеллект білімге қалай әсер етеді
Неге мектептерде гаджеттерге тыйым салуға болмайды және жасанды интеллект білімге қалай әсер етеді
Қазақстанның студенттері ҰБТ-ны қалай сәтті тапсыруға болатыны туралы: пайдалы лайфхактар және ұсыныстар
Қазақстанның студенттері ҰБТ-ны қалай сәтті тапсыруға болатыны туралы: пайдалы лайфхактар және ұсыныстар