facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
o-t-st-k-koreyada-b-l-m-alu-aza-stannan-kelgen-studentter-emtihan-a-alay-dayyndalu-kerekt-g-zh-ne-shetelge-o-u-a-t-su-turaly
logo
Оңтүстік Кореяда білім алу. Қазақстаннан келген студенттер емтиханға қалай дайындалу керектігі және шетелге оқуға түсу туралы
Главный (каз)

25.04.2023

Оңтүстік Кореяда білім алу. Қазақстаннан келген студенттер емтиханға қалай дайындалу керектігі және шетелге оқуға түсу туралы

Қазақстаннан келген студенттер Корея университеттеріне оқуға түсу тәжірибесімен бөлісіп, жергілікті емтихандарды тапсыру ерекшеліктері туралы айтып берді.


Айганым Төлеулиева, 25 жаста, қаласы — Сеул, студент, @aiganym_sanako

Айганым Т

Оқуы туралы

Оңтүстік Кореяда тұрып жатқаныма үш жылдай болды. Соган университетінде Korean Studies мамандығында оқимын.

Оңтүстік Кореяға қалай оқуға түсуге болады

Магистратураға түсу үшін сізде бакалавр дәрежесі, IELTS және TOPIK тіл сертификаттары болуы тиіс. Сондай-ақ нені оқығыңыз келетіні, оны не үшін оқимын деп шештіңіз, сол туралы эссе жазуыңыз керек.

Кез келген шетелдік студент жергілікті бакалавр дәрежесінен ерекшеленетін мамандыққа түсе алады. Гуманитарлық пәндер бойынша емтихандар жоқ.

Кәріс тілінің қажетті деңгейі бағдарламаға байланысты. Менде гуманитарлық ғылымдар мамандығы, біз дәрістерде саяси және әлеуметтік теорияларды талқылаймыз. Сол үшін ағылшын немесе кәріс тілін жоғары деңгейде білу керек. Барлық пәнді ағылшын тілінде таңдасаңыз да, кейде профессорлар кәріс тілінде беруі мүмкін.

Менің кеңесім — жалпы ұпаймен шектеліп қалмаңыз. Ешбір тіл деңгейін бағалау тесті нақты біліміңізді көрсетпейді.

Мен «Аудармашылық ісі» мамандығын бітірдім. Ағылшын тілі оңай болды, бірақ кәріс тілін үйрену үшін көп жұмыс жасадым, тестілер орындадым, грамматиканы толық түсіну үшін сөздер жаттап, Кореяның мәдениетін зерттедім.

Беретін ақыл-кеңесі

Егер сіз магистратураға түсуге ниет білдірсеңіз, мұны не үшін жасап жатқаныңызды және оқып жатқан салаға қандай пайда әкелетініңізді ойланып көріңіз.

Мамандығыңызды өзгертсеңіз, алдын ала сол мамандық бойынша кітаптар мен мақалалар оқыңыз, өйткені сізбен бірге бұл салада баяғыдан жүрген студенттер оқуы мүмкін.


Диана Жанакулова, 20 жаста, қаласы — Тэджон, студент, @diaaanaaam

Диана Ж

Оқуы туралы

Мектептегі соңғы жылы мен IELTS-ті 6.0 баллмен тапсырдым. Басында Түркияға барамын деп ойладым, бірақ содан кейін Еуропа деп шештім. Сөйтіп жүргенімде анам маған Оңтүстік Кореяны ұсынды.

Мен Solbridge International School of Business-ке түстім. Оқу ақысына 60% жеңілдік берілді. Мен «Іскерлік басқару» бағытында оқып жүрмін, мұнда біз бірнеше бағытты зерттейміз: менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, data analysist.

Оңтүстік Кореяға қалай оқуға түсуге болады

Кореяға түсуге қойылатын талаптар басқа елдердегідей қиын емес. Шетелдік студенттер үшін ең бастысы — оқу тілін таңдап, тиісті емтихандарды тапсыру. Сондай-ақ ынталандыру және ұсыныс хаттары да маңызды, оларда Кореядағы оқу жоспарын көрсету қажет. Natural science немесе tech мамандықтары үшін SAT сұраулары мүмкін.

Кореяда көптеген студенттер алдымен тіл курстарын оқиды. Екі жылдай тіл үйренеді, емтихан тапсырады, тек содан кейін университетке түседі.

Университеттердің өту ұпайы да әртүрлі. Мұны тапсырғыңыз келетін университеттің сайтынан тексере аласыз. Көптеген университет ағылшын тілін 5,5, кәріс тілін 3-4 деңгейден бастап білуді талап етеді.

Беретін ақыл-кеңесі

Кореяға оқуға тапсырғысы келетіндерге:

— елден көп нәрсе күтпеуге және оны мінсіз етуге тырыспауға;

— ертерек researchs жасап, мамандық, университет таңдауға, дедлайндары мен талаптарын алдын ала білуге;

— кәріс тілін үйренуге кеңес берер едім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Онлайн немесе офлайн. Жастар әртүрлі оқыту форматтарының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы
Онлайн немесе офлайн. Жастар әртүрлі оқыту форматтарының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы
2024 жылы Қазақстанда қандай бизнес ашу керек: ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін идеялар
2024 жылы Қазақстанда қандай бизнес ашу керек: ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін идеялар
Дизайнер фрилансерден қалай жұмыс жасауға болады: 99designs биржасымен жұмыс істеу тәжірибесі
Дизайнер фрилансерден қалай жұмыс жасауға болады: 99designs биржасымен жұмыс істеу тәжірибесі
Күзде не көрейік: 2024 жылғы фильмдер мен сериалдардың жаңалықтары
Күзде не көрейік: 2024 жылғы фильмдер мен сериалдардың жаңалықтары
Қазақстандық танымал 10 тиктокер
Қазақстандық танымал 10 тиктокер