facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
nzm-nis-t-leg-17-zhasta-bloger-atanu-zh-ne-z-n--z-tanytu-zhayynda
logo
НЗМ (NIS) түлегі 17 жаста блогер атану және өзін-өзі таныту жайында

22.05.2019

НЗМ (NIS) түлегі 17 жаста блогер атану және өзін-өзі таныту жайында

Аяжан Сарсенбаева, 17 жаста, туған қаласы— Қарағанды, НИМ түлегі, @ayazhansk

56197313_169197447411443_1375541611255033855_n.jpg


Өзі жайында


Мен Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебін бітіріп жатырмын.

Оқу процесі көп уақытты алады, бірақ мен Instagram және YouTube желісіндегі блогыммен айналысуға үлгеремін.


Әуестері жайында


Өсіп келе жатқан ұрпақ үшін оқудан басқа бір нәрсемен айналысу маңызды. Бұл жан-жақты дамып, тұлға болып қалыптасуға көмектеседі. Сол кезде біз өз жолымызды таба аламыз.

cdc34ec8-080d-4c9a-94ad-acab62b278f2.jpg

Менің әуестерім көп, қазірде ән салумен және бимен айналысамын. Сонымен қатар мен белсенді түрде спортпен айналысамын – мүмкіндікболған кезде, спортзалда жаттығамын.

Мен позитивті ойлауды ұстанамын


Мен позитивті ойлауды ұстанамын. Әркімнің бойында мақсатқа жеткізетін мүмкіндігі бар деп сенемін.


Стиль жайында


Стиль — бұл үндемей-ақ адамдарға өзің жайлы айтудың жақсы тәсілі. Мен сәнді және стильді киімді ұнатамын. Брендтерді жақсы көремін, бірақ люкс дәрежесіндегі заттарды әлі сатып алған емеспін. Барлық инвестициялады брендтік киімдерге жұмсамаған жөн, себебі масс маркетте де сәнді киінуге болады.


Уақытын қалай өткізеді


Бос уақытым сирек болады. Бұндай кезде сабақ оқимын, бірақ бір жерге шығу мүмкіндігім болса, кафетерийлерге барамын. Достарыммен жазғы террасаларда отыруды жақсы көремін. Қысқы уақытта қаладан демалу үшін, біз табиғатқа шығамыз.

51687602_390929335027752_1955392283425267573_n.jpg

Сонымен қатар бос уақытымды өзімнің блогыма және оны дамытуға арнаймын. Бір орында тұрмай, бұл саладағы дағдыларымды дамыту мен үшін маңызды.

Мені Қазақстанның ғана емес, әлемнің азаматы ретінде экология мәселесі алаңдатады. Макулатураны және пластикті қайта өңдеуге тапсыру керек деп санаймын. Біз макулатураның 17 килограмын қайта өңдеуге тапсырдық. Менің ойымша, қоқысқа тастағаннан гөрі бұндай әдіс тиімдірек болады.

Көптеген жасөспірімдер сияқты поп-музыканы тыңдауды жөн көремін, себебі ол көбірек қуат беріп, көңіл күйді көтереді.

Мені Қазақстанның ғана емес, әлемнің азаматы ретінде экология мәселесі алаңдатады


Кітаптар жайында айтсам, мен психологиялық және мотивациялық әдебиетті ұнатамын. Романдарды да жиі оқимын, менің сүйікті кітабым – Паоло Коэльоның «Алхимик» кітабы. Жақында «Тонкое искусство пофигизма» кітабын оқи бастадым.

Фильмдер мен сериалдарға уақытым болмайды, сол себепті мен не көретінімді мұқият таңдаймын. Демалыс күндеріне фильмді таңдап қоямын, көріп болғасын пікіріммен бөлісемін. Комедия, триллер және мелодрама жанрлары ұнайды.

44839786_325169471635073_8380694056457202232_n.jpg

Оған қоса мен кинотеатрға барып, қазақстандық фильмдерді көруді ұнатамын.


Әлеуметтік желілер жайында


Әлеуметтік желілер өмірімде маңызды рөл атқарады. Мен үшін Instagram – өзін-өзі танытудың және табыс табудың жолы. Және бұл елімізде ғана емес, әлемде болып жатқан жаңалықтарды, ақпаратты алу мүмкіндігі бар құрал. Уақытымды YouTube желісінде жиі өткіземін. Менің сүйікті арнам – Ян Топлес жүргізетін арна. Ол пайдалы ақпараты бар әртүрлі нәрселер мен өміріміздің алуан түрлі салалары жайында әңгімелейді.


Мамандықты таңдау жайында


Мен болашақ мамандығымды бұрыннан таңдадым – бұл тележурналистика. Мамандық жұмыс ретінде болмауы керек, ол рахатқа бөлеуі тиіс.

Оқу орнымды әлі таңдаған жоқпын, бірақ менде «электронды журналистика» мамандығы бойынша Алматыдағы ақпараттық технологиялар Халықаралық университетінде оқу үшін 100 % жеңілдік берілген. Бұл менің соңғы таңдауым болады деп ойлаймын, бірақ барлығы КХЕК-не байланысты. Кембридж университетінің Халықаралық емтихан кеңесі бұл мектебіміздегі соңғы емтихандардың атауы, кейін олардың нәтижелері ҰБТ балдарына аударылады.

51620624_119077252542654_4082466569807049786_n.jpg


Шабыттандыратын нәрселер


Мені өзімнің әрекеттерім және еңбегімнің арқасында қол жеткізген нәтижелерім шабыттандырады.

Мен арманшыл адаммын. Және армандарым мен ниеттерімнің тізімі әрдайым толығып тұрады. Болашақта кез-келген күні оянып, өмірдің тамаша екенін түсіну үшін, үйлесімділікке талпынамын. Күнделікті еңбек ақталады, мен нағыз махаббатты таба аламын, тұрмыс құрамын және жұмысым мені үлкен рахатқа бөлейді.



Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Қазақстанда қандай кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер танымал
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Қазақ халқының тарихы туралы 10 фильм
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Сіз оқу керек көркем әдеби кітаптар
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Ерекше кездесуге арналған 10 идея