Қарым-қатынас, сыни ойлау және шығармашылық — «НЗМ» басқарма төрағасы болашақта балаларға қандай дағдылар пайдалы болатының және білім беру неге бастапқы жүйесіне оралуы керек екені туралы.
Ануар Жангозин, 37 жаста, Астана қаласы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрағасы, @anuar_zhangozin
Қалыптасуы туралы
Мен «Математика» бағыты бойынша білім алдым. «Назарбаев Зияткерлік мектептебі» жобасына мен басында қосылдым. Мен үшін жаңа форматтағы инновациялық мектептер жүйесің елімізге әкелу қызықты болып көрінді. Бұл салада сенің үлесін шынымен маңызды екенін түсіндім. Бұндай жұмыс нақты нәтиже береді, елдің, қоғамның өміріне әсер етеді. Сонымен қатар, балалармен, жасөспірімдермен қарым-қатынас жасау мен үшін ылғи қызық болған, қызық болып қала береді де. Себебі, олардың өмірге деген көзқарастары, ойлаулары бөлек, өзгеше.
Қазіргі білім туралы
Қазақстандағы орта білім беру жүйесінде мақтануға болатын белгілі бір жетістіктер бар. Әсіресе соңғы алты-жеті жыл ішінде жаңа оқу бағдарламаларын енгізумен және бағалау жүйесін жаңартумен байланысты. Сондай-ақ, PISA халықаралық зерттеуінің жақында шыққан нәтижелерін ескеру қажет. Осы жетістіктердің барлығы біздің оң бағытта жүргенімізді көрсетеді.
Кеңестік жүйені өзгертудің қажеті жоқ, өйткені ол жақсы нәтиже берді деген жалпы пікір бар. Бірақ іс жүзінде бүгінгі күні жасалған өзгерістер бізге керек. Уақыт өтіп бара жатқандықтан, бәрі өзгереді. Бұл тұрғыда біздің елімізде дұрыс, іргелі істер жасалуда: мұғалімдер дәрежесін көтеру, жалақыға байланысты, жәрдемақылар, жаңа мектептердің белсенді салынуы.
Қазақстандағы орта білім беру жүйесінде мақтануға болатын белгілі бір жетістіктер бар
Білім вакуумдағыдай өздігінен өмір сүрмейді. Бұл көптеген факторларға, соның ішінде адамдардың экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты. Балалардың кітап оқу деңгейі көбінесе олардың ата-аналарының кітап оқымағандығымен, үй тапсырмасын орындауына жағдай жасалмағанымен байланысты екенін көрсететін зерттеулер бар. Бұдан түсінетініміз, мәселенің бір шеті аймақтық айырмашылық. Жекелеген аймақтар Орталық аймақтарға қарағанда айтарлықтай төмен нәтиже көрсетеді. Сондықтан алдағы жылдарға арналған маңызды жоспардың бірі — әртүрлі аймақтардағы айырмашылықтарды ескере отырып, білім беру сапасын теңестіру.
Білім берудің болашағы туралы
Уақыт өте келе мұғалімнің рөлі өзгереді. Егер бұрын мұғалім іс жүзінде білімнің жалғыз көзі болса, қазір мұғалім бұл тұрғыда Google-мен, әсіресе жасанды интеллектпен бәсекеге түсе алмайды. Сондықтан мұғалімнің рөлі тәлімгер, оқытушы, оқу процесінің үйлестірушісі рөліне ауысуы керек. Оқушылар өздері білім ала біліп, мұғалімдер оларды осы процеске үйлестіре білулері керек.
Уақыт өте келе мұғалімнің рөлі өзгереді
18-19 ғасырларда ұсынылған тұжырымдама бойынша білімді адам тек ақпараттандырылған адам емес, еркін және нәтижелі зерттеуге қабілетті адам. Бүгінде бұл тұжырымдама одан да өзекті бола түсуде, өйткені ақпарат қана білу қалыпты жағдай. Себебі, бізде ақпаратқа қол жетімділік дамыған. Бірақ, оны нәтижелі зерттеу, дұрыс түсіндіру қабілеті — бұл мұғалімдердің үйрету керек жұмыстары. Сондықтан болашақтың мұғалімі — бұл баланы дұрыс оқуға, зерттей білуге, сыни ойлау мен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға үйрете алатын тәлімгер.
Білім беру бастапқы жүйесіне оралуы керек. Ресми білім түрі көп бөлігін ежелгі грек заманынан алды. Сол кезеңде мектеп жүйесі пәнаралық сала және адамның, оның таланттарының даму саласы ретінде қарастырылды. Кейіннен, әсіресе индустриалды дәуірде, өз кәсібін білетін адамдар қажет болды. Сондықтан білім утилитарлық маңызға ие бола бастады. Қазіргі кезеңде сіз тек бір пәнді білсеңіз сұранысқа ие болмауыңыз мүмкін. Қазіргі балалар өмір бойы бірнеше мамандықты ауыстырады, олар үнемі қайта қалыптасуға мәжбүр болады. Сондықтан білім ежелгі гректердің талантын дамыту тұрғысынан бастаған тәсілдеріне қайта оралуы керек.
Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі елдер тәжірибе жасап жатыр. Көптеген адамдар академиялық құрамдас бөлігін жоғалтқан кезде дағдыларға бәс тігеді, бірақ нәтижелер төмендейді. Сондықтан нақты білім түрі ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті туралы ұмытпау маңызды. Басқа «қарапайым дағдылар» осы негізге енуі керек.
«Қарапайым дағдылардан» қарым-қатынас маңызды, яғни ортақ тіл таба білу, келіссөздер жүргізе білу: жеке компанияның жұмысы аясында да, тұтастай алғанда мемлекеттік деңгейде де. Адамдар бір-бірімен неғұрлым оңай келіссе, экономика соғұрлым тез дамиды.
Сыни тұрғыдан ойлай білу, әсіресе ақпараттың үлкен ағымы бар дәуірде сыни ойлау үлкен маңызға ие. Оны түсіну, шындықты жалған ақпараттан ажырата білу маңызды.
Үшінші маңызды дағды — шығармашылық. Шығармашылық бастама — бұл болашақта жасанды интеллектте болмайтын қажет қасиет.