facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
n-yu-yorkteg-aza-tar-laura-ar-ynova-sypayy-amerikandy-tar-bruklindeg-orys-t-ld-d-kender-zh-ne-ymbat-t-r-yn-yler-zhayynda
logo
Нью-Йорктегі қазақтар. Лаура Арғынова сыпайы американдықтар, Бруклиндегі орыс тілді дүкендер және қымбат тұрғын үйлер жайында

19.05.2019

Нью-Йорктегі қазақтар. Лаура Арғынова сыпайы американдықтар, Бруклиндегі орыс тілді дүкендер және қымбат тұрғын үйлер жайында

Лаура Арғынова, 25 жаста, туған қаласы — Алматы, көлік компанияның кеңсе қызметкері


Көшуі жайында


Мен 2014 жылы студенттік бағдарлама бойынша Нью-Йоркке көшіп кеттім. Америкаға көшіп кеткен қазақстандықтардың әңгімелерін оқыған сайын, олардың барлығы табысты адамдар: бағдарламашылар, бизнесмендер немесе беделді оқу орындарға оқуға түсетін адамдар болып көрінеді. Бірақ осында келіп, құрылысшы, жүргізуші, кассир, биші болып жұмыс істейтін адамдар туралы аз айтылады, ал ондай адамдар көп.

004.jpeg

Көп адамдардың ойынша, иммиграция – бұл жай ғана көшіп кету. Бірақ бұл құжаттарды жинаумен жүйкені қоздыратын ұзақ процесс және оның немен аяқталатыны белгісіз. Адамдар тұруға ықтиярхатты – гринкартаны жылдар бойы күтеді.

Мен әрдайым Нью-Йоркте тұруды қаладым


Қазақстандағы соңғы жылым депрессияда өтті. Қазақстанда өз орнымды таба алмадым, себебі адамдардың неліктен үндемей жүретінін ешқашан түсінбедім. Университетте емтихан үшін ақша төлеуді талап етілген кез есімде. Мен бас тарттым, кейін сол үшін курстастарым менімен ұрысып қалды. Деканатқа бардым, білім беру министрінің блогына жаздым, ешқандай нәтижелер болмады.

Сонымен қатар сол кезде жеке мәселелерім бойынша елден кетуді қаладым.

Нью-Йоркке келген кезде, жеңілдікті сезіндім


Мен айналамдағы батпақты, қоқысты және көп баспанасыз адамдарды елемей жүрдім, тіпті ақшамның аз болғаны мені алаңдатпады.


Қала және адамдар жайында


Мен алғашқы екі ай бойы көптеген оғаш болып көрінетін адамдармен бірге хостелде тұрдым. Дегенмен олардың барлығы маған ұнайтын, себебі олар өзгеше еді. Қазақстанда әртүрлі көзқарастағы адамдар жетіспейтін. Мен көрген және естіген нәрселердің барлығы бірдей болып көрінетін. Сол себепті осы жер маған ұнайды, адамдар ақылды немесе бай болып көрінуге талпынбайды – барлығы шынайы болып келеді және бұл ғажап нәрсе.

002.jpeg

005.jpeg

Көбісі американдықтардың аса білімді емес екенін, Қазақстанның қай жерде орналасқанын білмейтінін айтады. Бірақ бұл олай емес. Қазақстан елі жайында көптеген адамдар біледі. Қазақстанның орналасқан жерін қытайлықтар ғана білмейді. Мен оларға әрдайым айтатыным: «Біз көршілерміз ғой!». Осы уақыт аралығында Қазақстан жайында білетін қытайлық адамды бір рет қана кездестірдім және ол математик-ғалымы болатын.

ТМД елдерінен шыққан адамдар қаншалықты керемет екенін Нью-Йоркте түсіндім


Достарымның басым бөлігі – Ресейден және Беларусиядан келген адамдар. ТМД елдерінде тұратын адамдар бірдей, олардың меналитеттері ұқсас, «Былай істеуге болмайды, былай айтуға болмайды», «адамдар не деп айтатыны маңызды» деген шектеулерге ие деп ойлайтынмын. Әрине, ондайлар да бар, бірақ менің айналамда жоқ.

Мен үшін адамдардың ойындағы нәрселерін айтқандары, жеке пікірге ие болғандары маңызды. Бұл қасиет Нью-Йорк тұрғындарының көбісіне тән: егер әділетсіздік болып жатса, ешкім үндемей қалмайды.

Осында әр адам өз бетімен жүріп, ешкімді сынамайтыны ұнайды, себебі барлығы өзіндігінен өмір сүреді. Адамдар арасындағы қарым-қатынас достық қатынасқа негізделген, барлығы сыпайы болып келеді.

Дегенмен Нью-Йорктегі адамдар жалғыздық күйін кешеді және бұл өте ауыр мәселе. Көп адамдар сериалдағы кейіпкерлер сияқты еркін өмірді дәріптейді. Бірақ іс жүзінде бұл күйінішті жағдай. Адамдардың қарым-қатынасқа уақыттары жоқ және басқа бір адамды кемшіліктерімен бірге қабылдаудың орнына, оларды ауыстырып отыруды жөн көреді.

Жас шектемелері жайында айтсам, осындағы адамдар 30 жаста да жалғыз мүйіздің суреті бар шұлықтарды сатып алады және рейв-сауық кештеріне барып жүреді, ал Қазақстанда 30 жастағы адамдардың басым бөлігі балалы-шағалы болып келеді, әрі несиесі және екінші некесі болады.

Әдетте Қазақстанда 25 жасқа толған қыздың білімі болмаса және ол тұрмысқа шықпаса, өмірі босқа кетті деп саналады. Нью-Йоркте мен өзімді жасөспірім ретінде сезінемін және алдымда бүкіл әлем ашық тұр. Осында «кеш» деген түсінік жоқ.


Жұмысы жайында


Мен көлік корпорациясында жұмыс істеймін. Кеңседе қағаздарды толтырамын, қоңырауларға және поштадағы хаттарға жауап беремін.

Бұған дейін мен бірнеше рет жұмысымды ауыстырдым. Бір кезде медициналық кеңседе жұмыс істедім. Сол жерде дәрігерлер соттардан қорқып жүреді, сол себепті жұмыстарын сапалы түрде жүргізеді. Әрбір пациент түсім әкеледі, сол себепті көбірек ақша алу үшін, оған қажетсіз процедураларды жазып береді.


Тұрғын үй жайында


Тұрғын үй қымбатқа түседі. Қазірде мен Бронкста тұрамын. Бруклинға көшуді қалаймын, бірақ қонақ бөлмесі және жатын бөлмесі бар апартаменттің құны 1800 $-дан кем түспейді. Бронкста қонақ бөлмесі және екі жатын бөлмесі бар, бірақ төлемі арзанырақ пәтерде тұрып жатырмын.

003.jpeg

Сонымен қатар Бруклинде барлық үйлер ескі болып келеді, ал мен тұрып жатқан үй 2007 жылы салынған. Бірақ мен көшіп кетуді қалаймын, себебі көп дүкендер мен дәмханалар орыс тілді болып келеді. Менің ауданымда тамақ ішуге жарайтын жақсы тағамдар табылмайды: супермаркеттерде дұрыс ет және ыстық тамақ болмайды. Кейбір кезде жұмыстан кейін дайын салат немесе көже сатып алуды қалайсың, бірақ осында тек қытайлық мейрамхана және «Макдональдс» бар.

Манхэттендегі тұрғын үйлер жайында айтсақ, менің білетінім – адамдар тар бөлмелерде тұрады және бірнеше шаршы метр үшін ай сайын 3000-4000 $ төлейді


Мен бұндай тұрмысқа келіспеймін – кішігірім орын ауыстыруларды ұнатпаймын. Әрине, 20 миллион тұратын пәтерде тұруды қалаймын, бірақ ондайға қаражатым жоқ.


Ең қымбат сатып алған нәрсесі жайында


Мен 2000 $ тұратын сөмкені сатып алып, әлеуметтік желілерге салу үшін бірнеше суреттер жасап, «Нью-Йорктегі табысты өмірді» көрсететін, ал айдың қалған жартысын аштықпен өткізетін әйелдердің қатарына жатпаймын. Осында бұндай логиканы ешкім түсінбейді.

Қанша адамдармен таныссам да, ешкімнің үстінде тым қымбат киімдерді көрген емеспін



Нью-Йорк өмірді қалай өзгертті


Менің ойымша, мен әрқашан нью-йоркерлік болдым, тек басқа елде тудым. Нью-Йоркте қаланың өзінде туған адамдар аз – барлығы басқа жақтан келгендер болып табылады.

001.jpeg

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Шенген визасын қалай алуға болады: құжаттар, мерзімдер және кеңестер
Шенген визасын қалай алуға болады: құжаттар, мерзімдер және кеңестер
Taylor Swift, Coldplay және Enrique Iglesias: 2024 жылдың ең көп күтілетін концерттері
Taylor Swift, Coldplay және Enrique Iglesias: 2024 жылдың ең көп күтілетін концерттері
Индонезияға виза: Балиде саяхаттау үшін нені білу керек
Индонезияға виза: Балиде саяхаттау үшін нені білу керек
Must visit Дубай: @madinassn пікірі бойынша ең жақсы 9 орын
Must visit Дубай: @madinassn пікірі бойынша ең жақсы 9 орын
АҚШ визасын қалай алуға болады: талаптар, сұхбат және рекомендациялар
АҚШ визасын қалай алуға болады: талаптар, сұхбат және рекомендациялар