facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
n-yu-yorkteg-aza-tar-kamila-d-urenovany-a-sh-el-nde-sh-k-rta-y-a-ie-boluy-zh-ne-mtv-nbc-kompaniyalarynda-t-zh-ribeden-tu-zhayynda
logo
Нью-Йорктегі қазақтар. Камила Дәуренованың АҚШ елінде шәкіртақыға ие болуы және MTV, NBC компанияларында тәжірибеден өтуі жайында

03.04.2019

Нью-Йорктегі қазақтар. Камила Дәуренованың АҚШ елінде шәкіртақыға ие болуы және MTV, NBC компанияларында тәжірибеден өтуі жайында

Камила Дәуренова, 21 жаста, туған қаласыӨскемен, Post-Production Intern, Saturday Night Live — NYU Tisch School of the Arts, Film and Television Student

IMG_0619.jpg


Қазақстан – АҚШ


Мен Өскеменде тудым, ұзақ уақыт Алматыда тұрдым. Университетке түсіп, хирург мамандығы бойынша білім алдым, бірақ бұл іспен айналысқым келмейтінімді түсіндім. Мен әрдайым режиссер болуды армандадым, сол себепті NYU кинематографиялық мектебіне құжаттарымды тапсырдым. Осы университетте Мартин Скорсезе, Анг Ли және тағы басқа кумирлерім оқыды.

Мен NYU толық шәкіртақысына ие болғанымды білген кезде, барлық армандарым орындалды деп ойладым. Бірінші жылды Лондонда өткіздім, сол жерде достарға ие болдым. Ал екінші курстан бастап біз Нью-Йоркте оқып жатырмыз.


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


IMG_9589.jpg

Мені Нью-Йорктың қаншалықты суық болатыны таң қалдырды. Үй жақпен салыстырған кезде, осында бәрі тез өтеді, адамдар бір-біріне басқаша қарайды. Тоқталып, дем алуға уақыт болмайды. Егер сен қалыпты ырғақта өмір сүрсең, артта қалғаныңды жатқаныңды сезесің. Бірақ уақыт өте, бейімделіп, сол ырғаққа қосыласың.

Алғашқы әсерден кейін, бұл қаланың мәдениеті қаншалықты дамығанын түсінесің. Әрқашан көп іс-шаралар өтеді, көп галереялар, мұражайлар жұмыс істейді. Барлық идеялар бітті деп ойлаған кезде, әрдайым қалаға шығып, кез-келген галереяға кіріп, шабыттану үшін қызықты бір нәрсені тауып алуға болады.

Барлық идеялар бітті деп ойлаған кезде, әрдайым қалаға шығып, кез-келген галереяға кіріп, шабыттану үшін қызықты бір нәрсені тауып алуға болады


Негізінен мен кино индустриясында жұмыс істейтін адамдармен араласамын. Бірақ Нью-Йорктегі әрбір кішкентай қауымдастықтың адамдары, қарым-қатынасы, өмір салты – бәрі де әртүрлі болып келетінін түсіндім. Бұл қаланы қалай қабылдайтыныңа байланысты.

DSC_0376.jpg

Мен достарыммен бірге тұрамын – біз шағын отбасы сияқтымыз. Ал Нью-Йорк – біздің екінші үйіміз.


NYU Tisch School of the Arts мектебіндегі оқуы жайында


Мен Tisch-ке портфолиямды тапсырғаннан кейін, сол жерге түстім. Назарбаев Университетінде оқып жүрген кезімде, пластилиннен жасалған шағын мультфильм-анимацияны түсіретінмін. Сол кезде менің мансабым осымен байланысты болады деп ойлаған жоқ едім, бірақ бұл фильмнің арқасында мені қабылдады.

Қазірде мен соңғы курста оқып жатырмын. Бізде фильм түсіретін, сценарий жазатын, кино тарихын оқитын сабақтар бар. Бірінші курста бұл әлдеқайда жеңіл жұмыстар болатын, ақырындап олар күрделеніп келеді, жұмыстар үшін арнайы құрылғы жалдау керек. Университеттегі алғашқы жобаларымның бірін бір сағат ішінде түсірсек те, ол YouTube желісінде 1 000 000 қаралым жинады.

8K2A1283.JPG

Біздің мектепте адам саны көп емес – әрбір сыныпта көп дегенде 10 адам. Бізде үлкен дәріс залдары, үлкен аудиториялар жоқ. Сол себепті барлық мұғалімдер біздің немен айналысып жатқанымызды біледі. Ал біз үнемі бірге жұмыс істеп, бір-бірімізге көмектесіп жүреміз. Мысалы, қазірде біз соңғы оқу жобаларымызды түсіріп жатырмыз. Жақында досымның фильмін түсіру үшін, Калифорнияға барып келдік.

Араларымызда режиссер, продюсер, редактор болатын адамдар бар. Кейбіреулер YouTube үшін бейнелер түсіреді. Мен режиссура және редакторлық қызметке көңіл бөліп жатырмын.

Маған кестемізді өзіміз құрайтынымыз ұнайды. Тәжірибе және жұмыс үшін уақыт табуға болады. Бірақ бос уақытымыз аз болғаны қиындық тудырады. Біз жұмыс күндері оқимыз, ал демалыс күндері әрқашан түсірілімдерде жүреміз, сонымен қатар тәжірибеден өтеміз.

Біздің оқытушылар сияқты ұстаздарды ешқашан кездестірмедім. Олар үшін біздің өз қызметімізде жетістікке жеткеніміз маңызды. Менің сүйікті ұстаздарымның бірі телевизиядағы режиссерлік жұмысы үшін бес рет «Эмми» сыйлығының иегері атанды.

DSC_0117.jpg

Соңғы фильмдерімнің бірі сессия кезінде түсірілді. Біз түнімен түсіріп, таңертең емтихан тапсыруға баратынбыз, кейін қайтадан түсірілімге қайтып келетінбіз. Жаз кезінде түсіргеніміздің барлығын өңдедім. Бұл айтарлықтай ұзақ процесс: композиторды, жарықтың, дыбыстың редакторын тауып, барлығын бір өнімге жинақтау керек. Содан кейін мен оны фестивальдерге жібердім. Университетте өткен фестивальде екінші орынды алып, келесі фильмді түсіру қаражатына ие болдық. Қазірде фильміміз университеттен тыс басқа фестивальдерге қатысып жатыр.

Жақында мен жаңа фильмнің түсірілімін жоспарлап, қаражат жинап жатырмын.


Нью-Йорктегі жұмыс жайында


Маған әрқашан журналистика ұнайтын, мен Алматыда Buro кеңсесінде жиі болатынмын, олар үшін мақалалар жазатынмын. Нью-Йоркте де бір журнал үшін жұмыс істедім – сән, театр туралы мақалалар жаздым. Бродвейдегі шоу үшін 30 шақты рецензия жаздым.

Бұл жұмыстың арқасында мен Нью-Йорктік сән апталығының шоуына бардым. Сол жерде бір фотографпен таныстым, бос уақытымда оған көмектесе бастадым, себебі мен де фотомен айналысамын. Ол маған шоуларға билеттер беретін, ал мен үлгермейтінмін. Осылайша өзім әртүрлі шоуларда фотограф болып жұмыс істедім және бейнелер түсіре бастадым.

Бұдан кейін мен кішігірім үзіліс алып, киноға көңіл бөлуді шештім. Университетте профессор ассистенті қызметін атқардым, студенттік түсірілімдерді ұйымдастырдым.

DSC_0905.jpg

Мені MTV арнасына редактордың ассистенті қызметіне шақырды. Times Square кеңсесінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болған сегіз адам едік. Мен әртүрлі телевизиялық каналдарға арналған жарнамалық бейнелерді өңдеп, продюсерлерге жібердім. Осылайша бұрыннан бері біліп, қарап жүрген шоулардың материалдарымен жұмыс істей алдым. Ал өткен жазда біз VMA — Video Music Awards рәсіміне дайындалдық. Мен бұл шара үшін бейне жасадым, сол жерде көптеген қызықтаы адамдарды кездестірдім.

Жаздың соңында мені SNL — Saturday Night Live шоуының сұхбатына шақырды. Бұл мектептегі ең қиын және қалаулы тәжірибе еді. Дәл осы тәжірибеден өту үшін Көбісі Tisch-ке барады, ал мен осындай ұсынысқа ие болатыным жайында ойлаған да жоқпын.

Қазірде мен бұл шоуда Post-Production Inter ретінде қызмет атқарамын. Ол NBC компаниясымен түсіріледі. Мен редакторлармен және режиссерлармен жұмыс істеймін, апта сайын оларға көмектесемін. Бізге танымал адамдармен араласуға болмайды, дегенмен бұл қызықты. Мысалы, менің бірінші шоуымда Kanye West болды.

8K2A1640.JPG

Кейбір кезде аптасына үш күн жұмыс істеу, үш күн сабаққа бару, сонымен қатар өз жұмыстарыңды түсіру қиынға соғады. Бірақ бұл маған ұнайды, мен әрқашан осындай жұмыс кестесін қаладым. Шоуда тағы бір семестрге қалуды өтінді және мен әлі де осында жұмыс істеп жатырмын.

Университетті бітіргесін, сол жерде қалып жұмыс істеуді, бос уақытымда сценарийлерді жазып, фильмдер түсіруді қалаймын. Мен режиссерлік қызметіме көңіл бөліп, сценарийлердің жазушысы ретінде көтерілгім келеді.


Көшіп кетудің ықпалы


8K2A1251.JPG

Мен әрдайым АҚШ-қа көшуді армандадым. Осындағы кино индустрияда мүмкіндіктер көп екенін білетінмін. Мен әрқашан америкалық фильмдерді, шоуларды қарап, осы жерде өзімді үйімдегідей сезінетініме сенімді едім. Қазақстанды соншалықты сағынатынымды білген емеспін.

Қазақстан мені шабыттандырады


Қазақстан мені шабыттандырады. Маған АҚШ-да өзімнің үйім жайында әңгімелеу ұнайды.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.