facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
nuar-ser-kov-londonda-y-m-rd-erekshel-kter-zh-ne-google-d-korporativt-k-m-deniet-turaly
logo
Әнуар Серіков Лондондағы өмірдің ерекшеліктері және Google-дің корпоративтік мәдениеті туралы
Главный (каз)

23.11.2022

Әнуар Серіков Лондондағы өмірдің ерекшеліктері және Google-дің корпоративтік мәдениеті туралы

Біздің кейіпкеріміз Әнуар Серіков Лондонға қоныс аудару тәжірибесімен бөлісіп, бағдарламашыларға жұмысқа орналасу бойынша пайдалы кеңестерін айтты.


Әнуар Серіков, қаласы — Лондон, Google-де инженер-әзірлеуші, @anchik12345

Ануар Сериков

Қоныс аударуы туралы

Менің Ұлыбританияда тұрып жатқаныма төрт жылдан асты. Университетті бітіргеннен кейін Google-де жұмыс істеуге шешім қабылдадым. Сөйтіп жүргенімде Лондонда жақсы команда табыла кетті. Мен үздік инженерлермен бірге жұмыс істеп, олардан көп нәрсе үйренгім келді, адамдарға пайда әкелетін жобаларды дамытсам дедім.

Жаңа өмірге бейімделуі және қиындықтар жайлы

Жаңа елге көшкен кезде көбіміз қиындықтарға тап болып жатамыз. Әсіресе бұл ел бұрын өмір сүрген еліңнен өзгеше болса. Алғашқы айларда мен Интернетке қосылу, азық-түлік сатып алуға арналған ең жақсы дүкендер, тұруға ыңғайлы аудандар, қолайлы балабақшалар мен мектептер сияқты қарапайым нәрселерді іздеумен болдым. Бұларға жауапты «Ақылды Интернеттің» көмегіне және жергілікті достардың даналығына сүйеніп таптым.

Лондонда кез келген өмір салтын ұстануға болады

Ұлыбританияға көшу кезінде бір парадокс мәселе бар. Елде банк шотын ашу үшін тұрақты мекенжайыңыз бар екенін растайтын құжат қажет. Ал жалдау шартын жасасу үшін банкте шотыңыз болуы керек. Бақытыма орай, жұмыс берушім бұл мәселелерді бас кезінен-ақ шешіп берді.

Жергілікті тұрғын үй бағасы мен пәтерлердің жағдайы әдеттен тыс немесе қорқынышты болып көрінуі мүмкін. Дегенмен жаңа пәтерлерді жақсы бағаға табуға болады.

Тағы бір үлкен қиындық — жыл сайынғы салық декларациясы. Бұл құжатта танысу керек болатын көптеген нюанстар мен терминдер бар. Бірақ бұл мәселе де Британ үкіметі және олардың анық әрі түсінікті жасалған Gov.uk сайтының арқасында шешіліп жатыр. Кез келген түсініксіз жағдайда жауап таба аласыз.

Ануар Сериков

«London is the capital of Great Britain» — бала кезімдегі әрбір ағылшын оқулығы осылай деп басталатын. Мен өмір бойы осы қала жайлы мәліметтер оқыдым, көрдім, оқыдым, тыңдадым. Сондықтан алғаш рет осы жаққа ұшып келгенімде өз көзіме өзім сенбедім. Тауэр көпірі, Вестминстер аббаттығы, Букингем сарайы – әр қадамда мыңдаған жылдық тарих жатты. Бірақ уақыт өте келе бәріне етің үйреніп кетеді де, туристік орындар қызықтырмай қалады.

Лондонда кез келген өмір салтын ұстануға болады. Бұл қала адамға әлемдегінің бәрін ұсына алады. Сондықтан қарапайым кеңес беремін: өзіңізді іздеңіз және өмірден ләззат алыңыз. Егер өзіңізді жалғыз сезінсеңіз және британдық өмірді көргіңіз келсе, жергілікті тұрғындармен достасыңыз. Немесе басқа адамдармен жиі араласқыңыз келмесе, заманауи қызмет көрсету технологияларының толық қуатын пайдаланыңыз.

Ұлыбританияда қалай жұмыс іздеуге болады


Мен сегізінші сыныптан бастап бағдарламалаумен айналысамын.
Кейінірек бұл бағытты университетте меңгеріп, бітірген соң араға бір жыл салып, Лондонға ұшып келдім. Келісімшартқа қол қойып, жұмысқа шақырту алу өте қиын сияқты көрінген еді. Алайда бұл менің жолымдағы тағы бір кезең екенін енді түсіндім.

ануар сериков

Оффер алу үшін кем дегенде бір нәрсені жақсы істей білуің керек. Алайда басқа салалар туралы да хабардар болуға және жаңа нәрселерді тез үйренуге қабілетті болуыңыз қажет. Өз ісіңіздің маманы екеніңізді және нақты мәселені шеше алатыныңызды көрсетіңіз. Жұмысыңызбен байланысты салаларды да түсінетініңізді, әлемдегі өзгерістерге тез бейімделе алатыныңызды көрсету артық етпейді. Бұл дағдылар әмбебап және кез келген салада қажет.

Кодтаудан бөлек, soft skills-ті дамыту маңызды


Егер сіз ​​инженер-әзірлеуші болсаңыз, белгілі бір бағдарламалау тілін және онымен бірдеңе жасауға мүмкіндік беретін технологиялар жиынтығын білуіңіз керек.
Кодтаудан басқа, soft skills-ті: эмоционалдық интеллектіні, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауды, кері байланыс беруді және қабылдауды дамыту маңызды.

Қазіргі әлемде өмір сүруге қажетті тағы бір дағды — үлкен көлемдегі ақпаратты жылдам өңдеу, оны сүзгіден өткізу және ең маңыздысын тауып, есте сақтау.

Google-де жұмыс істеудің ерекшеліктері туралы

Ануар Сериков


Мен Arts & Culture командасында жұмыс істеймін.
Мен мобильді әзірлеумен, аздап толықтырылған шындық технологияларымен айналысамын. Бұл қолданбаны телефоныңызға жүктеп алсаңыз, жұмысымыздың нәтижесін көруге болады. Біз адамдарға смартфонның линзасы арқылы мәдениет және өнермен үйлесім табуына көмектесеміз. Мелфи жасап, танымал картинадағы өзіңе ұқсас адмды табуға болады. Немесе бөлмеңізде виртуалды галереяны қосып, Вермердің жауһар туындыларын тамашалаңыз.

Google-дің жұмыс мәдениеті өз алдына бір өнер түрі деуге болады. Қазір тегін тамақ, спортзал, ойын бөлмелері бар кеңсемен ешкімді таңғалдыра алмайсың. Бірақ осылардың көпшілігін Google ойлап тауып, іске асырды.

Біздің жұмысымызда қатаң тәртіп жоқ. Микроменеджмент жоқ.

Тіпті жұмысқа итпен келуге болады. Барлық бенефиттерді айтып тауысу мүмкін емес. Компания қызметкерлері өздерін жақсы сезінуі үшін көп жағдай жасайды.

Қоныс аудару қалай әсер етті

Лондон маған еркін ойлауды, өмірге жеңіл қарауды және саналы болуды үйретті. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен көшіп келген адамдар тұрады, сондықтан көптеген қызық нәрселер білуге болады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.