facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
new-york-university-abu-dhabi-aza-standy-studentter-ba--deg-zho-ary-b-l-m-alu-turaly
logo
New York University Abu Dhabi. Қазақстандық студенттер БАӘ-дегі жоғары білім алу туралы

10.04.2023

New York University Abu Dhabi. Қазақстандық студенттер БАӘ-дегі жоғары білім алу туралы

Америкалық білім беру жүйесі, керемет мүмкіндіктер және керемет нетворкинг — студенттер New York University Abu Dhabi-дегі оқу туралы.


Ахат Сулейменов, 22 жаста, қаласы — Абу-Даби, студент, @akhat.s

Ахат С

Оқуды таңдауы туралы

Мен New York University Abu Dhabi университетінде Computer Science мамандығының үшінші курс студентімін. Техникалық тағылымдамаларға белсене қатысамын. 2022 жылдың жазында Лондондағы Meta-да жұмыс істедім. Осы жазда мен Кремний алқабындағы Lucid Motors компаниясында тағылымдамадан өтемін.

10-сыныпқа дейін шетелде оқимын деп ойламадым. Мен кездейсоқ FLEX бағдарламасынан өтіп, АҚШ-тағы өмірді көргесін, америкалық университетке түскім келетінін түсіндім. 12-сыныпта барлық халықаралық емтиханды тапсырып, АҚШ-тың бірнеше университетіне оқуға түстім, бірақ оларға көңілім толмады. Бір жыл академиялық аламын деп шештім, бірақ босқа отырғанша деп Назарбаев университетіне түстім.

НУ-дағы бірінші семестрде мен NYUAD университеті туралы естіп-білдім де, Early Decision-ге өтініш бердім. Жауап бір айдан кейін келді, сөйтіп 2020 жылдың желтоқсан айында оқуға ұсыныс алдым.

Универдің ұнаған тұстары:

— New York University филиалы болғандықтан, мұнда америкалық білім беру жүйесі

— көп саяхаттауға мүмкіндігім бар. Әрбір студент екі семестрді Нью-Йорк университетінің 13 филиалының кез келгенінде өткізе алады

— J-term — үш апталық қарқынды семестр. Студенттердің күзгі және көктемгі семестрлер арасында үш J-term алуына болады.

— интернационалдық. Университетте 120-дан астам ұлт өкілдері білім алып жатыр.

Оқуға қалай түскені туралы

Өтініш беру процесі кез келген басқа америкалық университеттегідей. Құжаттарды Common Applicaiton платформасымен мектептегі соңғы оқу жылының 1 қаңтарына дейін тапсыру керек. Құжаттарды тапсырғаннан кейін барлық әлеуетті үміткерді Candidate Weekend-ке шақырады: Абу-Дабиде үш күн бойы үміткер профессорлармен және студенттермен сөйлеседі.

Ахат С

Осы университетке қатысты жалғыз кеңесім — Early Decision-ге өтініш беру. Сонымен қатар өзіңіздің бірегейлігіңізді, университетке қандай қосымша құндылық әкелетініңізді көрсету де маңызды.

Оқудың ерекшеліктері туралы

Артықшылықтары:

— Үйге жақын. Төрт-ақ сағатта Астанада немесе Алматыда боласыз. Қазақтар семестрде бір-екі рет үйлеріне ұшып барады.

— Америкалық білім

— Кез келген континентте және әлемнің кез келген елінде оқу мүмкіндігі

— Толық грант алу мүмкіндігі. Менің білуімше, Қазақстан студенттерінің 99 пайызы толық грант алды. Бұл тегін ұшу, оқу ақысы, тұру, тамақтану, шәкіртақы, кітаптар, кампус ақшасы. Төрт жыл ішінде шамамен 320 000 доллар.

Кемшіліктері:

— Дегенмен бұл Америка емес. АҚШ-та жұмысқа тұру мүмкіндіктері көбірек

— Қыркүйек және мамыр айларында тым ыстық.

Атмосферасы жайлы

Университет кішкентай. Ол 2010 жылы ашылған және қазіргі уақытта 2000-ға жуық студент оқиды. Атмосферасы тыныш. Бұл жерде барлық жағдайыңды жасап қойған, сондықтан білім алып, дамуға деген ынтаң ашылады. Жақсы тамақтандырады, студенттер спортпен шұғылданады, сабақ кестесі еркін.

Ахат С

Көптеген студенттер көп уақытын кампуста өткізеді. Бұл бір бөлек қала сияқты. Әдетте демалыс күндері қалаға демалуға, яхтамен серуендеуге, кинотеатрға немесе мейрамханаға барамыз. Университеттің жанында қонақүйлердің көптігі тіпті жақсы. Студенттеріміз олардың жағажайларына білдірмей өтіп кетіп, суға түседі.

Университет не үйретті

Университет маған бағаның өмірдегі ең маңызды емес екенін үйретті. Өзіңді тану, өмірде немен айналысқың келетінін түсіну және адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатудың маңызды екенін түсіндім. Сондай-ақ университет әлемді тануға мүмкіндік береді.


Жармахан Нұрханұлы, 20 жаста, қаласы — Абу-Даби, студент, @zhrkhmnn

Жармахан Н

ЖОО таңдау туралы

Мен экономика және қаржы мамандығының үшінші курс студентімін. Мен сән үйлеріне қаржылық қызмет көрсететін жеке банкте стажермін. Бос уақытымда спортпен шұғылданып, университет командасында волейбол ойнаймын.

Шетелдік университетке түсуді армандадым, бірақ аздаған кедергі болды: мұндай жерлерде білім алу орта есеппен 320 000 доллар тұрады. Сондықтан толық қаржылық қолдау алғым келді. Университеттің мамандық таңдауда еркіндік беруі де маңызды болды.

NYUAD-пен осылай таныстым. Мен оны басқа жетекші университеттердің арасынан саналы түрде таңдайтынымды түсіндіріп, Early Decision-ге өтініш бердім. Үш жылдық оқуымның ішінде Лондон мен Нью-Йоркте оқу мүмкіндігіне ие болдым.

Оқуға қалай түскені туралы

Құжаттар пакетіне екі немесе үш эссе, марапаттар мен жетістіктер тізімі, ұсыныс хаттар, сабақтан тыс хоббилер тізімі, халықаралық емтихандардың бағалары мен нәтижелері кіреді.

New York University Abu Dhabi оқуға түсу кезінде қосымша кезеңі болатынымен ерекшеленеді, яғни үміткерлік демалыс күндеріне қатыса аласыз. Университет тізімнен әлеуетті үміткерлерді таңдайды да, олардың Абу-Дабиге үш күндік сапарын төлейді. Кампуста тұруға, демо-сабақтан өтіп, университетпен танысуға болады.

Жармахан Н

Үздік кандидат профиліне ұмтылам деп өз ерекшелігіңізді немесе қызығушылығыңызды жоғалтып алу оп-оңай. Сондықтан жоспар қажет және жаңа нәрсені байқап көруден қорықпау, бәрін саналы түрде шешу маңызды. Жүрегіңіз қаламайтын нәрсені жасауға өзіңізді мәжбүрлемеңіз.

College Еssay Guy — өтініш берушілерге көмектесетін ресурс. Адвайзингпен айналысатын ұйымдар бар.

Оқудың ерекшеліктері туралы

Университет қалашығы 10 жыл бұрын ашылған. Университет ұқыпты әрі эргономикалық тұрғыда салынған, барлығы студенттерге ыңғайлы болу үшін жасалған.

Университет студенттерді түрлі салаға қатысты пәндерді оқуға ынталандырады. Бұл ой-өрісіңізді дамытуға және күрделі пәнаралық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

NYUAD-те оқудың артықшылығы — халықаралық орта. Ғылыми ізденістерге де мол мүмкіндік бар. Университет ғылыми-зерттеу және инновацияларға қатысты көптеген жобалар мен бастамаларды қолдап, студенттерге алған білімдерін тәжірибеде қолдануға көмектеседі.

Атмосферасы туралы

NYUAD — кампустағы қызықты студенттік өмірді сезінуге мүмкіндік беретін бірегей мекеме. Кампуста сабақтан тыс түрлі іс-шаралар өтіп тұрады. NYUAD-тың атмосферасы академиялық жетістіктерге, мәдени әртүрлілікке және зияткерлік қызығушылыққа толы.

Жармахан Н

Кампуста 100-ден астам елден келген студент білім алуда. Олар космополиттік қауымдастық құрады.

Абу-Даби дәстүрлі мәдениет пен заманауи халықаралық әсерлердің бірегей ерекше үйлесімін ұсынады. Қала өзінің таңғажайып сәулетімен, әдемі жағажайларымен және әлемдік деңгейдегі туризмімен танымал.

ЖОО не нәрсеге үйретті

NYUAD бірегей білім беру тәжірибесін және әлемді зерттеу мүмкіндігін береді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.