Мансура Жакен, туған жері — Таскескен, 34 жаста, интерьер дизайнері
Барлығы қалай басталғаны туралы
Мен интерьер дизайнерімін және бұл салада жеті жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін. Соңғы екі жыл бойы ұлттық стиль бойынша жұмыс істеп жатырмын. Мен барлық дәстүрлі нәрсеге жақынмын және олар да осы мәдениетпен өмір сүріп, оларды туған интерьерлері қоршау үшін біздің мәдениетімізді ұрпақтарымызға жеткізгім келеді.
Бала кезімнен шығармашыл адам болып, әдемі үйлерді жақсы көретінмін.
Дизайнда маған итальяндық стиль ұнайды, оларды өздерінің тарихын бағалайтындары үшін сыйлаймын. Олар мәрмәр бетіне түсіп, ізін қалдырған әрбір тамшы — бұл тарих екенін айтады. Көптеген адамдар барлығы қолайлы болып және мүмкіндігінше бастапқы қалпында көпке дейін сақталғанын қалайды. Ительяндықтар үшін уақыт өте келе ағаш өшіріліп, онда жарық пайда болуы қалыпты жағдай және әрбір сызат — тарих. Маған олардың тәсілдері ұнайды.
Менімен және менің жұмыс тобыммен түрлі стильдегі 40 жуық жобалар іске асырылды, негізінен классикалық, енді осы тәжірибемді жаңа стильде қолдануды қалаймын— жаңа нәрсе жасағым келеді.
Біздің үй — кішкентай Отан. Балаларымыз әлемді танып, алғашқы қадамдарын үйде жасайды, егер олар біздің ою-өрнектерімізді көрсе, бұл олардың санасына кішкентай жастарынан енеді, демек қазақстандықтар біздің мәдениетімізді бала кезінен жетелеп келеді.
Көбісі қазақша стильде жасағылары келеді, бірақ бүкіл үйді емес, бір бөлмені ғана. Ал көбінісіне қазақша стиль — бұл киіз үй, сондықтан біз ағаш шаңырақ жасап, төмен үстел қойып, көрпешелер төсейміз, ал кейбіреулері қабырғаға қамшы, тері іледі, бірақ мен осы бір бөлме шеңберінен шыққым келеді. Ұлттық бояуларымыз бүкіл үйде көрсетіліп, заманмен бірге дамығанын қалаймын.
Neo Qazaq Style
Барлығы Батысқа ұмтылады: кейбіреулері скандинавиялық, итальяндық, американдық нео-классиканы, лофт стилін таңдайды. Әрбір стильдің артында белгілі бір мәдениет, халық пен ұлт тұрады. Біздің мәдениетімізді көрсететін заманауи стиль, өкінішке қарай, әлі қалыптасқан жоқ. Осы бағыттағы жаңа даму айналымын енгізу үшін мен әрбір қазақстандыққа жақын болатын Neo Qazaq Style стилін ұсындым. Менің ойымша, батыс әріптестерімізден технологияны, өндіру сапасын үйренуіміз қажет, бірақ өз ұлттық бояуымызды көрсетуіміз керек.
Neo Qazaq Style — интерьер мен экстерьер жасау барысында заманауи қазақстандық мәдениетті көрсету.
Neo Qazaq Stylе бойынша бір жобаны жасап көрдік, вилланы дайындадық. Әрбір элемент, бөлшек ойластырылып, қазақ тарихын сақтады. Онда қарлығаштар, қызғалдақтар, қошқар мүйіз белгіленген заманауи түсіндірудегі едендік панно болды. Біз байырғы қазақ өрнектерін алып, түрін кішкене өзгертеміз, бірақ танымдылығын сақтап қаламыз, табиғатымыздан шабыт алып, осының барлығын сіздің үйіңізге енгіземіз. Мәселен, бізде бұйра лалагүл мен далалық қызғалдақты еске түсіретін аспалы шам бар.
Шаңырақты жасасақ та, арнайы қолдан жасау техникасын пайдаланып, оны көлемді витраждардан дайындаймыз.
Neo Qazaq Style есіктердің үш түрі бар: «Бибі Айша» — өз тұқымымызды бағалап, ата-аналарымызға риза болу үшін оны анамның құрметіне атадым, «Лаура» — әпкемнің құрметіне, ал «Фатима» — енемнің құрметіне. Бұлар өмірімдегі басты үш әйел.