Өзі туралы
Мінезім ауыр, алайда көбісі мені мейірімді деп ойлайды. Адамдар жеке өміріме араласып, кеңес немесе баға бергендерін ұнатпаймын. Осындай жағдайлар орын алған кезде бірден бұған қарсылық білдіремін.
Мен жаңалықтарға қызығатын қарапайым адаммын және мені жастармен жұмыс істеуім қуантады.
Тамақ ішкенді ұнатамын, әсіресе бесбармақ пен сорпалы тұшпара.
Теннис көрегнді ұнатамын, 20 жылға жуық көптеген ойыншыларды бақылап жүрмін. Маған олардың қиын жағдайға түсіп, ұтылып жатқанда ойынның бағытын өзгертіп, бастарын түсірмей, жеңе алатындары ұнайды. Сондай-ақ, әдемі соққыларды да көруге болады, кәдімгі адам оны жасай алмайды, ал кәсіби ойыншының соққысы үлкен жылдамдықпен ұшып, бағыттаған жеріне дәл түседі.
Жалғыз жаяу жүріп, адамдарды тыңдап, бақылаған ұнайды.
Өмірде жаңа нәрселерді үйреніп, меңгеруді жақчы көремін. Студенттер менің Instagram желісінде парақша ашуыма әсер етті. Уақыт өте келе Instagram тек сурет салу үшін арналмағанын түсіндім. Енді мен белсенді студенттерге қосымша сабақтардың уақыты жарты сағатқа ауысқанын айта аламын және ол осы ақпаратты басқа студенттерге жеткізетіндерін білемін.
Аудитор және Kimep-гі жұмыстың арқасында мен көптеген мемлекеттерде бола алдым. Еуропада, Солтүстік Америкада, Оңтүстік Шығыс Азияда болдым. Бәрінен гөрі маған Оңтүстік Шығыс Азия ұнады, әсіресе Бали. Ол жердің климаты жақсы, адамдары байсалды, жалықтырмайды және тағамдары да дәмді. Бірақ қазір көбірек саяхаттап, балаларыма әлемді көрсетуді қалар едім.
Менің өмірлік қағидаларым — өзіңе, басқаларға зиян келтірмей, өзің қандай қарым-қатынасты қаласаң, дәл солай басқаларға қарау. Жиірек күлуге тырысамын, өйткені өмірде онсыз да негатив жеткілікті.
Алматы туралы
Алматы өмірімде үлкен рөл атқарады, өйткені достарымызбен айтатындай «жалғыз сөмкемен» шет аймақтағы қаладан келдім. Өмірімнің көп бөлігін осында өткіздім, іссапардан Алматы оралған кездерімде қалаға шығамын, сол уақытта тыныштыққа бөленіп, үйде екенімді сезінемін.
Тұрғын жерімді ауыстырып, шетелге кетіп қалатын көп мүмкіндіктер болды, алайда әртүрлі себептерден үнемі Алматыға оралып отырдым. Маған Алматысыз қиын.
Мен үшін алматылық — қаланы және өзі сол қаланың бір бөлігі екенін бағалайтын сыпайы адам. Нағыз алматылықтың жерге қағаз немесе бөтелке тастауға дәті бармайды.
Опера және балет театрының жанындағы саябақ ұнайды, ол жерде балаларымыз кішкентай болғанда серуендейтінбіз және итімді де сонда қыдыртып отырдым. Тағы бір сүйікті орындарымның бірі — таулар. Қазір отбасымызбен тауда тұрамыз, алайда онда сирек көтеріліп тұрамын, ал жақындарым әр жексенбі сайын тауда жаяу серуендейді.
Немқұрайсыз адамдар және олардың өмірлік істері
Өзімнің бірінші жоғарғы білімімді алған кезімде мектепте математика пәнінің оқытушысы болып қосымша жұмыс істедім, маған балалардың пәнді түсінгендері және белгілі курс аяқталған соң үйренген білімдерін бақылаған ұнайтын. Олардың көздерінен бұдан да көбірек нәрсе қалайтындарын көрсететін жалын болатын.
KIMEP-ті аяқтап жатқанда жұмыс іздедім, мені аудиторлық ұйымға жұмысқа қабылдады. Аудитордың жұмысы қиын, бірақ қызықты. Осылайша бухгалтерлік есепке келдім, ал оқытушы болу үнемі ішімде сақталды. Бұл мені шабыттандырады, тек өз отбасыма ғана емес, бүкіл қоғамға пайдам тиіп жатқанын сезінемін. Болашақ мамандықты таңдауды менің ықпал етуіммен байланыстыратын балалар аз емес. Өйткені қазір Big4-те қаржы менеджерлері болып істейтін бұрынғы студенттерім келіп: Есіңізде ме, Жанат, менің болашақ қаржыгер екенімді және маған дәл осы салаға бару керектігін айтып едіңіз ғой? — деп айтады.
KIMEP-ке түспесем, немен айналысатынымды білмес едім. KIMEP маған білім берді, оның арқасында қазір жұмыс тауып, жұмыс істеп жатырмын. Big4-те, қазақстандық компанияларда, қаржы бойынша вице-президенттікте үлкен тәжірибем бар. Бірақ KIMEP-ке қайтып оралдым және еш өкінбеймін, өйткені бұл менің жолым. KIMEP — өмірімнің үлкен бөлігі. Оқытушылық қызметпен 12 жыл айналысып келемін.
Мен жаныма жақын, маған ұнайтын істі таптым. Менің өмірлік ісім —адамдарға түсіндіретін тақырыпқа қызығушылық танытуға көмектесу.
Бүгінгі күндегі рух күйі
Көтеріңкі күйдемін, өйткені болашағымыз жарқын екенін көріп отырмын. Facebook желісінде отырамын және байыпты азаматтық қоғамымыз қалыптасып жатқаны қуантады.