Задин Сулеймен, 42 жаста, туған жері — Алматы, Arqymaq брендінің негізін салушы
Барлығы қалай басталды
20 жыл бұрын түрлі заттар сататынмын, қазір нақты қандай заттар екенін есіме де түсіре алмаспын. Бір кезде аксессуарлармен айналыса бастадық. Ең бірінші жұмыс жасаған брендіміз Parker болды, кейін Montblanc-пен жақын танысып, ары қарай олармен жақсы дамыдық. Іскерлік аксессуарлар мен құжатханадан бастап, жоғары сапалы маркалармен жұмыс істеуге көштік. Он жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан серіктестеріміздің бірі — Elcasco. Бұл бүкіл әлемге танылған жоғары санатқа жататын эксклюзивті үстел жиынтығы. Осы жылы біз олармен серіктес болдық. Қазақстандағы суретшілермен графикалық дизайндарды өңдеп, Қазақстанға арналған Elcasco коллекциясын жасадық. Осылайша жоғары сапалы аксессуарларды сатумен 15 жыл айналысып келемін.
Бір ретте біздің нарыққа бағытталған, өз мәдениетімізге байланысты, бізде ғана сатып алуға болатын бір нәрсе жасағым келді. Ал екі жыл бұрын Arqymaq жобасын іске асырдық.
Arqymaq брендінің әмбебаптылығы халықаралық стандарттарға сай сапасы мен функционалдылығында, мәдени мұра немесе біздің салт-дәстүр негізінде жасалатынын шештік. Сол себепті өнімге ерекшелік беру үшін қазақстандық суретшілермен жұмыс істейміз. Әрбір бұйым мәдени құндылыққа ие, өнер тұрғысынан қызықты өнім болып саналады.
Тағы бір маңызды сәт «сапа-бағаның» ақылды үйлесімділігі. Өнімнің сапасын жоғары еткендіктен, бағасын арзан етуге тырысқан жоқпыз. Дизайн мен сапаға назар аудардық. Белгілі еуропалық брендтер сатылатын дүкенге келетін клиент — өнімді жақсы меңгерген және нақты үміттері бар адамдар. Бірақ егер қазіргі кезде танымал еуропалық брендтермен салыстырсақ, біздің бұйымдар 30% арзанырақ тұрады. Мұның жаңа бренд екенін түсінеміз, ал оны тұтыну үшін шығармашылық туындының әмбебаптылығынан басқа клиентте артық төлеп жатқаны туралы сезімдері пайда болмау керек.
Өнім туралы
Біріншісі — біз ер адамдарға арналған галстуктар мен әмияндар коллекциясын жасадық.
Егер Қазақстандағы ер адамдардың көбісі әмияннің қара түсін, белгілі пішінін және өлшемін қалайтынын көрсек, онда біз дәл осылай жасаймыз. Өрнектелген былғарыдан қара түсті әмиян жасадық. Ал қазақстандық суретшілерінің жұмысының арқасында ерекшелік енгіздік.
Галстуктарүшін мата мен астарға тапсырыс береміз.
Барлық галстуктар жоғары сапаны қамтамасыз ететін Италиядағы Неапольдегі шағын өндірісте қолдан жасалады. Осындай галсуктың дара бөлшек бағасы 37 000-38 000 теңге. Осы күзде өзіміздің әмбебап суреттері бар фирмалық галстуктар коллекциясын шығардық. Үш коллекция жасадық. Бірінші коллекция — «Шаңырақ», екіншісі — бұрын галстуктың астарында қолданылған жылқылардың бейнесі және үшінші коллекциямызТүркістан қаласына арналды. Түркістанға арналған галстуктар 100% жүннен жасалған. Ал сурет Қожа Ахмет Яссауи кесенесі салынған тақтайдың негізінде жасалды.
Осы жылы біз алғаш рет әйелдерге арналған былғары аксессуарлар коллекциясын ұсындық. Әмиянның екі түрін әзірледік: клатч және кішігірім сөмке. Бұл коллекцияны да итальяндық фабрикада жасады. Қызықты ашық түстерді таңдадық: қызыл, жасыл, ақшыл күлгін түс. Және үш түрлі фактураны біріктірдік: әмиянның және клачтың сырты өрнектелген немесе сафьяно былғарысынан жасалады, ол оған ерекше сән беріп, қолайлы етеді, осының арқасында ол азырақ сызылады, ал ішкі әрлеу ұстауға жағымды жұмсақ бұзау былғарысымен өңделген.
Былғары коллекциясына қосымша жамылғылар шығара бастадық. Күз және қыс маусымдарына жүн, жібек және кашемир үйлескен жамылғылар шығардық. Сурет негізіне қазақстандық суретшінің жұмыстары алынған, яғни қарлығаш және қызғалдақ бйнеленген. Қарлығаш қазақ мәдениетінің ерекше символы, үй тұмары, бақыт белгісі, ал қызғалдақ қазақ даласының символы. Және қызықты факт, қызғалдақтың тарихи Отаны Қазақстан деп саналуында.
Клиенттерге жолдау
Брендтің негізгі бағыты — жоғары сапалы функционалды, қолайлы бұйымдар өндірісінде, оның әмбебаптылығы тарихи немесе мәдени құндылыққа ие болуында.
Адамдар біздің өнімді қолданғандарын қалаймыз. Бұл адам сатып алып, үстелге қоя салатын кәдесый емес. Мен үшін адамдар біздің өнімді кәдесый ретінде ғана емес, өздері қолдану үшін де сатып алу көрсеткіші маңызды.
Барлық бұйымдарды жергілікті жағдаяттарға байланысты әзірлейміз, яғни функционалдылық, пішін, түс, өлшем жағынан тұтынушыларға қызықты болатындай етіп өндіреміз. Суретшілермен өте мұқият жұмыс атқарамыз, өйткені олардың жұмыстары қазақтың тарихи-мәдени құндылығын жеткізіп қана қоймай, заманауи және мінсіз көрінуі керек. Қаптама мен байланысқа да көп көңіл бөлеміз.
Бұйымдарды Қазақстанның заманауи тұтынушыларына арнап шығарамыз. Біздің клиентер 25-50 жас аралығындағы әйелдер мен ер адамдар, олар біздің дүкендерге жай ғана қарау үшін немесе Tumi, HugoBoss өнімдерін сатып алу үшін келеді, сол кезде біз оларға Arqymaq брендін таныстырамыз.
Қағидалар туралы
Негізгі қағида — жатқан тастың астына су бармайды. Өмір қызықты болу үшін өзіміз оны мәнге толтыруымыз керек, қызықты заттарды тауып, оған уақытымызды бөліп, айналысуымыз қажет. Сол кезде өмір сені өзі дұрыс жаққа бағыттайды. Қызықты адамдарды кездестіресің, пайдалы кітаптарды оқисың, шешуді қажет ететін қиындықтарға тап боласың — осылайша өзіңді дамытасың.
Жетістікке апарар жол
Барлық нәрселерді білуге, трендтердің қайда дамып жатқанын көруге және басымдылықтарды дұрыс орналастыруға Қазақстандық және шетелдік достармен, әріптестермен, серіктестермен араласу көмектеседі.
Argymaq брендін дамытуға бойымдағы шығармашылық пен прагматизмның үйлесімділігі көмектеседі. Өмір бойы бизнеспен айналыстым және ешқашан біреуге жұмыс істеген емеспін. Бұл менің өмір салтыма, мінезіме айтарлықтай әсер етті. Менің жұмыс күнім нақты белгіленген емес. Бір жағынан өте ыңғайлы, өйткені ешкім алдында есеп бермейсің, клиенттерден басқа. Алайда әріптестер, қызметкерлер, клиенттер және жеткізушілер алдында үлкен жауапкершілікті сезінесің. Осының барлығы күн сайын бағынып отыратын жоғары деңгейлі динамиканы қалыптастырады. Өз-өзіме жүктеген міндеттерім — менің шынайы ынталандыруым.
Күн тәртібі
Таңертең балаларды мектепке апару қажет, кейін жұмысқа барамын. Күндіз кеңседе, дүкенде немесе клиенттермен кездесуде боламын.
Argymaq брендінен басқа Montblanc, Tumi операциялық қызметтері және бірталай жобалар бар болғандықтан, мен үшін дәл осы жобаның дамуына уақыт бөлу өте маңызды.