facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ne-sebept-atyrauda-shk-turizm-damymaytyny-al-adamdar-m-nay-kompaniyalarynda-zh-mys-steg-ler-kelet-n-turaly
logo
Не себепті Атырауда ішкі туризм дамымайтыны, ал адамдар мұнай компанияларында жұмыс істегілері келетіні туралы
Өмір сүру стилі

05.08.2018

Не себепті Атырауда ішкі туризм дамымайтыны, ал адамдар мұнай компанияларында жұмыс істегілері келетіні туралы

Гульжан Елешева, 54 жаста, туған жері — Атырау, журналист, гид-нұсқаушы, балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану оқу-жаттығу орталығының директоры

35489551_1827447297560106_2461258045791928320_o.jpg



Туризм және өлкетану оқу-жаттығу орталығы туралы



Осы жылы «Тенгиз Шевройл» компаниясының «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлік бағдарламасына қатыстым. 25 адам қатысқан жартылай финалға сәтті өттім. Бір ай ауқымында қаржы, маркетингті үйрендік. Соңғы кезең — жобаны қорғау. Барлығы іске асыруға сегіз жоба таңдалды. Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану оқу-жаттығу орталығы атты жобам жетінші орынға ие болды.

Маусым айында жоба бойынша жұмысымды бастадым. Қалада жалпы оқыту орталықтары көп. Алайда туризмді ешкім үйретпейді. Балалар арасында туризмдік дағдылар, табиғатпен байланыс жоғалған. Егер бала кемпингтік сапарға шығатын болса, ол сөмкені қалай жинау керек екенін білмей жатады. Бұның бәрі оңай нәрсе болып көрінеді, бірақ іс жүзінде мұның қалай дұрыс жасалатыныны аз адамдар ғана біледі.

Біздің орталықта теориялық және тәжірибелік сабақтардан тұратын курстарға жазылуға болады. Ай сайын нұсқаушылармен бірге түрлі кемпингтік сапарлар жоспарланған. Мұндай біркүндік сапарларда балалар үйренген нәрселері мен білімдерін көрсете алады. Бір ай — туристерді оқыту үшін қысқа мерзім. Біздің оқу бағдарламамыз бір жылға есептелген. Бір айда 12 ақылы сабақтар өткізіледі. Оқушылар арасында 10-11 жастағы және одан да үлкен балалар бар.

Осы курс арқылы біз ішкі туризмге деген қызығушылықты кеңейтіп, белсенді әлеуметтік өмірді ұстанып, ықпал ететін қауымдастықты құруды қалаймыз.



Экскурсиялар туралы



Қазір Атырау облысы бойынша экскурсияларды дайындап жатырмыз. Айналамызда жастарға, ересек адамдарға көрсеткіміз келетін туристік нысандар аз емес.

000006307_.jpg

isostan.com

1.jpg

yvision.kz


Жылыой ауданында орналасқан бор таулары — туризмге арналған керемет орын. Олар мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан және таңғаларлық сұлулығы бар табиғи нысан болып табылады. Ондайларға Иманқара үңгірін де жатқызуға болады.

Махамбет ауданында Махамбет Өтемісұлына арналып салынған кесене бар. Осы бағдар бойынша сапарда Махамбетті ақын ретінде ғана емес, саяси тұлға ретінде тануға болады. Біз оның қызметі ел тарихына қосқан үлесі жайлы толғырақ айтып береміз.

Сондай-ақ, біз киелі орындарға экскурсия ұйымдастырумен де айналысамыз. Оған Бекет-Ата мешітін жатқыза аламыз. Маңғыстауда салынған мешіттің танымалдылығына қарамастан, Атыраудағы мешіт өмір бойы салынған алғашқы бес мешіттердің бірі. Бұл орын Күлсары қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан.



Қиындықтар туралы



Атырауда ішкі туризм өте әлсіз дамыған.

1197.jpg

otrar.kz

Бірінші мәселе — бұл логистика мен транспорт. Табиғи және тарихи нысандардың көбісі алыс далаларда орналасқан және белгілі бір транспортты қажет етеді. Ол жолсыз жолдардан өте алатын үлкен көлік болу қажет. Туроператорларда ондай көлік жоқ, ал тасымалдаулармен айналысатындар қызметтері үшін бағаны тым көтеріп жібереді.

Екінші мәселе — туристерді тамақтандыру. Кемпингтер мен аймақтарда үйреншікті қол жуатын бөлмесі бар, тамақ ішетін таза орындар көп емес.

Үшінші мәселе — аймақтың барлығы тек мұнай компаниясында жұмыс істегілері келеді. Егер адамдарға жалақысы 80-90 мың жұмыс ұсынсаң, ешкім жұмыс істегісі келмейді.



Жоспарлар туралы



Оқушыларға арналған төртсағаттық лагерь форматын іске қостық. Лагерь форматында қыркүйекке дейін жұмыс істеуді, қатарлас курстарды өткізуді жоспарлап жатырмыз.

Шілденің соңында Тұзды көлге бірінші турды бастаймыз. Бұл шипалық қасиеттерге ие, бірегей, табиғи нысан. Көлдегі су тұзды, түбінде шипалық балшық, ал жақын жерде таза бұлақ суы бар. Осы ерекше орын турлар тізімінде ең бірінші болады.




Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.