facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
nazarbaev-ziyatkerl-k-mektepter-t-su-r-kteu-zh-ne-o-u
logo
Назарбаев Зияткерлік мектептері: түсу, іріктеу және оқу

21.11.2017

Назарбаев Зияткерлік мектептері: түсу, іріктеу және оқу

Оқу үш тілде жүргізіледі — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Мектептің екі негізгі бағыты бар – физика-математикалық және химия-биологиялық. Оқуға түсу үшін барлық балалар екі кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өтуге тиіс.

Конкурсты өткізу уақыты мен орны туралы ақпарат жыл сайын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» сайтында жарияланады


Конкурстық іріктеу ережелері


Қазақ және орыс тілінде оқытатын сыныптарға түсу үшін конкурс мынадай нысандарда жүрігзіледі:

— 1 сынып – баланың психологиялық-педагогикалық дайындығын тексеру

— 2-4 сынып — 4 пән бойынша білімін кешенді тексеру: математика,ағылшын тілі,қазақ тілін/орыс тілін (оқыған тіліне байланысты),дүниетану

— 5-6 сынып — пәндер бойынша (математика, қазақ, орыс тілдері және ағылшын тілі) білімін тексеру және математика бойынша жазбаша емтихан алу.

Қазақ тілін тереңдетіп оқытатын сыныптарға түсу үшін конкурс келесідей нысандардан тұрады:

— 1 сынып — Зияткерлік мектепте оқу үшін психологиялық-педагогикалық дайындығын тексеру және фонематикалық есту қабілетін анықтау

— 2-3 сынып — пәндер бойынша (математика, қазақ тілі, дүниетану) білімін кешенді тексеру және фонематикалық есту қабілетін анықтау.


1 сыныпқа арналаған конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі

Психологиялық-педагогикалық тексеру мынадай негізгі 26 бағыт бойынша жүргізіледі:

— қоршаған әлем туралы жалпы түсініктер — 8 тапсырма

— баланың зияткерлік даму деңгейін диагностикалау — 7 тапсырма

— баланың жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға бейінін диагностикалау — 7 тапсырма

— психикалық процестерді диагностикалау — 4 тапсырма.

Психологиялық-педагогикалық тексеруге 35 минут беріледі, конкурсқа қатысу үшін 36 балдан кемінде 30 балл болу керек.

Қазақ тілінде оқытатын 1 сынып оқушыларының фонематикалық есту қабілетін анықтау әр баламен жеке және ауызша түрде жүргізіледі. Фонематикалық есту қабілетін анықтау 4 тапсырмадан тұрады. Бұл тапсырмаларға 5 минут беріледі, конкурсқа қатысу үшін 4 балдан кемінде 2 балл алу керек.

Үміткерлердің конкурстық іріктеу нәтижелері конкурс өткізілген күннен кейінгі күнде жарияланады.


2-4 сыныптарға арналған конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі


Үміткерлерді 2-4 сыныптарға іріктеу конкурсы бір күн ішінде математика, ағылшын тілі, қазақ тілі/орыс тілі, дүниетану пәндері бойынша білімдерін кешенді тексеру түрінде жүргізіледі.

Әр пән бойынша конкурстық тапсырмалар саны — 10. Әр сұраққа дұрыс жауап бір балмен бағаланады, қате жауап — 0 балмен. Білімді кешенді тексеру тапсырмаларын орындауға 90 минут беріледі. Іріктеуге қатысу үшін кемінде 30 балл болуы керек.

Қазақ тілін тереңдетіп оқытатын сыныптарға түсетін үміткерлер үшін конкурстық іріктеу: қазақ тілі, математика, дүниетану пәндері бойынша кешенді тексеру нысанында және фонематикалық есту қабілетін анықтау үшін тыңдау түрінде өткізіледі. Тапсырмаларды орындауға 60 минут беріледі.


5-6 сыныпқа конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі


Зияткерлік мектептің 5-6 сыныптарына үміткерлерді қабылдау үшін екі кезеңнен тұратын конкурстық іріктеу өткізіледі:

1 кезең — математика, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндері бойынша үміткерлердің білімін кешенді тексеру. Әр пән бойынша конкурстық тапсырмалар саны — 15. Берілетін уақыт — 90 минут. Екінші кезеңге бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша 30 және одан жоғары балдар алған үміткерлер жіберіледі.

Конкурстық іріктеудің 2-ші кезеңі конкурстық ірікктеудің бірінші кезеңінің нәтижелері жарияланғаннан соң екі күн өткен кейін жүргізіледі. Екінші кезеңде математика бойынша жазбаша емтихан өткізіледі, үш деңгейлі күрделілігі (А, В, С) бар 5 тапсырмадан тұрады, бұл ретте:

— А деңгейі — 2 тапсырма (әр тапсырманың ең жоғары бағасы — 5 балл)

— В деңгейі — 1 тапсырма (тапсырманың ең жоғары бағасы— 6 балл)

— С деңгейі — 2 тапсырма (әр тапсырманың ең жоғары бағасы — 7 балл).

Жазбаша емтиханды өткізу уақыты — 90 минут. Зияткерлік мектептің 5-6-сыныптарға оқуға қабылдайтын конкурсына қатысу үшін 15 және одан да көп балл аллу қажет. Конкурстық іріктеудің екінші кезеңінің нәтижелері іріктеудің екінші кезеңі өткізілгеннен кейін үш күн ішінде жарияланады.


7 сыныпқа конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі


Зияткерлік мектептердің 7 сыныптарына оқуға қабылдану конкурсы екі кешенді тестілеуден тұрады: пәндік тест және жаратылыстану-математикалық ғылымдарын зерделеу қабілетін бағалау жөніндегі тесті. Пәндік тест мынадай пәндер бойынша тест тапсырмаларынан тұрады: математика - 40 тапсырма, қазақ тілі – 20 тапсырма, орыс тілі – 20 тапсырма және ағылшын тілі — 20 тапсырма. Жаратылыстану-математикалық ғылымдарын зерделеу қабілетін бағалау жөніндегі тест мынадай бөлімдерден тұрады:

«Сандық сипаттамалар» — 60 тапсырма (цифрлармен жұмыс істеу ептілігін анықтауға арналған тест).

«Кеңістіктік ойлау» — 74 тапсырма (абстарктылы-қисынды ойлау деңгейін анықтауға арналған тест).

Пәндік тест бойынша нәтижелер пәндер бойынша теңестірілген балдар түрінде шығарылады. Пәндер бойынша ең жоғары теңестірілген балл 1000 балды құрайды. Жаратылыстану -математикалық ғылымдарын зерделеу қабілетін бағалау жөніндегі тестінің ең жоғары ықтимал баллы 134 балды құрайды. Конкурстың нәтижелері соңғы кешенді тестілеу аяқталған соң 40 күнтізбелік күннен кейін жарияланады.


8-11 (12) сыныпқа конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі


8-11 (12) сыныптарға оқуға қабылданатын үміткерлер үшін конкурс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Зияткерлік мектептерінің бағыттарына сәйкес келетін бейінді пәндер бойынша кешенді тестілеу өткізіледі. Екінші кезеңге жалпы сұрақтар санынан қырық және одан да көп пайызын жинаған үміткерлер жіберіледі.

Кешенді тестілеу:

Физика-математикалық бағыттағы зияткерлік мектебінің 8-11(12) сыныптарында мынадай пәндер бойынша жүргізіледі: физика, математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Биология-химия бағыттағы зияткерлік мектебінің 8 сыныбында мынадай пәндер бойынша жүргізіледі: математика, биология, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, 9-11(12) сыныптарында: химия, биология, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Астана қаласының зияткерлік мектебінің 8-11(12) сыныптарында мына пәндер бойынша жүргізіледі: математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Зияткерлік мектептердің 8-11(12) сыныптарына арналған әр пән бойынша тестілік тапсырмалар саны 15 сұрақтан тұрады. Физика-математикалық бағыттағы зияткерлік мектебінің 8-11(12) сыныптарына арналған сұрақтардың жалпы саны — 75, биология-химия бағыттағы зияткерлік мектебінің 8-11(12) сыныптарына арналған сұрақтардың жалпы саны - 75, Астана қаласының зияткерлік мектебінің 8-11(12) сыныптарына арналған сұрақтардың жалпы саны — 60 сұрақты құрайды. Кешенді тестілеудің 60 сұрақтан тұратын тестілік тапсырмаларын орындауға 90 минут беріледі, 75 сұрақтан тұратын тапсырманы орындауға 112 минут беріледі.

Конкурстың екінші кезеңі бірінші кезең өткізілгеннен кейін екі күннен соң өткізіледі. Екінші кезеңде Зияткерлік мектептердің бағыттарына сәйкес келетін бейінді пәндер бойынша жазбаша емтихандар өткізіледі:

Физика-математикалық бағыттағы зияткерлік мектебінің 8-11(12) сыныптарында — физика мен математика бойынша.

Биология-химия бағыттағы зияткерлік мектебінің 8 сыныбында — математика мен биология бойынша, 9-11 (12) сыныптарында — химия мен биология бойынша.

Астана қаласының зияткерлік мектебінің 8-11(12) сыныптарында — математика бойынша.

Жазбаша жұмыс әр пән бойынша үш деңгейлі күрделілігі (А, В, С) бар 5 тапсырмадан тұрады, соның ішінде

— А деңгейі — оқу материалын білуді, түсінуді және түсіндіруді тексеруге арналған 2 тапсырмадан тұрады

— В деңгейі — нақты және жаңа жағдайларда білімді қолдана білуді тексеруге арналған 1 тапсырмадан тұрады

— С деңгейі — орындау тәсілін таңдауды негіздей отырып және талдауды пайдаланып, білімнің интеграциясына арналған 2 тапсырмадан тұрады.

Жазбаша емтиханды орындауға әр пәнге 90 минут беріледі.

7-11 сыныптарда ақылы негізде оқу қарастырылмайды, осы сыныптардың барлық үміткерлері «Өркен» білім беру гранты бойынша оқиды. Егер оқушы «Өркен» грантының иесі болып, оқу жылының соңында үлгерім табелінде ең болмаса бір «нашар» бағасы болса, онда ол грантынан автоматтық түрде айырылады. Бұл ретте, грантты мектеп жыл сайын өткізетін конкурстан өту нәтижелері бойынша қайта алуға болады.


Назарбаев зияткерлік мектептеріне түсу үшін қажетті құжаттар тізімі


Зияткерлік мектептің 1-6 сыныптарында оқуға үміткерлердің ата-аналары (заңды өкілдері) конкурстық іріктеуге қатысу үшін белгіленген мерзімде зияткерлік мектебінің қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:

Нысан бойынша өтініш

Нысан бойынша толтырылған сауалнама

— заңды өкілдің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі

— Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН, үміткердің жеке куәлігі

— медициналық паспорттың көшірмесі

— Үміткердің Зияткерлік мектебінде оқу алдындағы соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібінің табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім ұйымының мөрімен бекітілуі керек

— Үміткердің 3х4 үлгідегі фотосуреті — 2 дана.

Зияткерлік мектептің 7-11(12) сыныптарында оқуға үміткерлердің ата-аналары конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткер қабылдау комисссиясынаа мынадай құжаттарды ұсынады:

Нысан бойынша өтініш

Нысан бойынша толтырылған сауалнама

— Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткер ЖСН, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі

— 086/у нысанындағы медициналық анықтама

— тұрғылықты мекенжайынан анықтама, немесе үміткердің тұрғылықты жерін растайтын өзге құжат

— Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібінің табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім ұйымының мөрімен бекітілуі керек

— Үміткердің 3х4 үлгідегі фотосуреті — 2 дана.


Астанада орналасқан мектептердің мекен-жайы мен байланыс телефондары:


Физико-математикалық бағытындағы мектеп

Мекен-жайы: Хусейн бен Талал, көшесі, 21

Байланыс телефоны: 797 272, 797 274


Зияткерлік мектеп

Мекен-жайы: Хусейн бен Талал, көшесі, 19 (Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары қиылысы)

Байланыс телефоны: 558 033


Халықаралық мектеп

Мекен-жайы: Түркістан көшесі 32/1

Байланыс телефоны: 916 177


Дереккөзі: http://nis.edu.kz/kz/


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.