facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
nazarbaev-universitet-n-al-ash-y-t-lekter-m-rler-zhayynda-b-l-st
logo
Назарбаев Университетінің алғашқы түлектері өмірлері жайында бөлісті

16.08.2019

Назарбаев Университетінің алғашқы түлектері өмірлері жайында бөлісті

Назарбаев Университетінің алғашқы түлектерінің саны 522 адамды құрайды, олардың 244 жұмысқа орналасқан. 176 түлегі қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды жалғастырып жатыр. Шетелдік жоғары оқу орындардың қатарында Массачусетс технологиялық институты, Стэнфорд, Колумбия, Принстон және Сан-Диегодағы Калифорния университеттері, Абдалла королі атындағы Ғылыми-технологиялық университеті, Сингапурдағы Ұлттық университеті, Пенсильвания штатының университеті, Лондонның Университеттік колледжі, Империялық колледж, Лондондағы экономика және саяси ғылымдар мектебі және Еуропа мен АҚШ-дағы тағы басқа жоғары оқу орындар. Түлектер көбінесе «үлкен төрттіктің» құрамына енген компаниялардың қазақстандық филиалдарына жұмысқа орналасқан: Deloitte, PricewaterhouseCoopers, Ernst&Young, KPMG.

Ақпараттың дереккөзі: tengrinews.kz

Назарбаев Университетінің алғашқы түлектері өмірлері жайында бөлісті

Назарбаев Университетінің алғашқы түлектері өмірлері жайында бөлісті

Шигео Катсу, Назарбаев Университетінің ректоры, университеттің алғашқы түлектеріне дипломдарды табыстау рәсімі

БІЗ Назарбаев Университетінің кейбір түлектерінің өмірлері жайында және еліміздегі алдыңғы қатарлы оқу орнындағы оқу қалай ықпал еткені жайында білуді шештік.

Назарбаев Университетінің алғашқы түлектері өмірлері жайында бөлісті

ДИНА ШАЙХИСЛАМ
халықаралық қатынастар

Шынымды айтсам, Назарбаев Университетінде оқуды қалаған жоқпын. Мен «Болашақ» бағдарламасының шәкіртақысына ие болдым және АҚШ-ға кетуім керек болды, бірақ мені жаңа университеттегі оқу қызықтырды.

Бүгінде мен Токиодағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университетінде климат өзгеруінің адаптациясы мен митигациясы (алдын алу) бойынша интенсивті курсында оқып жатырмын.

НУ-дағы оқу кезінде көп нәрселерге ие болдым: қызықты және жоғары интеллектуалды адамдармен таныстым, ең үздік профессорлар, сапалы білім, жағдайларға деген кең көзқарас. Бұның барлығы кейбір құндылықтар мен көптеген нәрселерге деген қатынасыма қайта мән беруіме ықпал етті.

Токиода халықаралық студенттермен оқи отырып, НУ-дағы білімнің қаншалықты сапалы екенін түсіндім. БҰҰ-ның қазіргі курсы профессорлардың берген негіздің арқасында оңай меңгеріледі. Және де НУ-да үйренген барлық дағдыларым пайдасын тигізеді: сыни тұрғыдан ойлау, тайм-менеджмент, эссе жазу дағдылары және т.б.


Назарбаев Университетінің алғашқы түлектері өмірлері жайында бөлісті

БОТАГӨЗ КАУКЕНОВА
биомедицина бағытындағы биологиялық ғылымдар

Ойланбастан түстім. Мектепті бітіргесін, Астанадағы Медициналық университетке түстім, тіпті топтың старостасы болып тағайындалдым. Сол жазда әкем құжаттарымды Назарбаев Университетіне тапсырып көруге кеңес берді, сол кезде ол Астананың Жаңа Университеті деп аталды. Құжаттарымды жинап, емтихандарды тапсырдым және оқуға түсіп кеттім.

Қазірде мен Назарбаев Университетінің басқа факультетінде– Nazarbayev University School of Medicine медицина мектебінің екінші курсында оқып жатырмын.

Негізінен оқудан жарқын әсерлер қалды, бұл эмоциялар жалпы студенттік өмірден әлде НУ-да өткізген студенттік өмірден екенін сеніммен айта алмаймын. Әрине, достарым мен таныстарымның университеттер жайындағы әңгімелерінен кейін, НУ барлығын «адал» жасай білуді үйретті деп болжауға болады. Сол себепті менің айналам «басқаша» істеуді білмейтін адамдардан құралған. Университетті бітіріп, еліміздегі жұмыс шынайылығына түскеннен кейін, бұл қасиет қаншалықты тез жойылатынын білмеймін. Оған қоса бұндай орта либералды және жаңа идеяларға ашық болады деп ойлаймын.

Бакалаврда қолданған дағдыларымды қазіргі кезде де іске асырып жатырмын. Тек екі-үш есе жинақы түрде асырамын, себебі медициналық салада оқу әлдеқайда қиын.


Назарбаев Университетінің алғашқы түлектері өмірлері жайында бөлісті

ДИЛЯРАМ ИСМАИЛОВА
химиялық инженерия

Мектебімізге келіп, НУ туралы айтқан кезде, бұның барлығы өтірік, Алматыда ҚБТУ бар ғой деп шештім. Бірақ анам «ұсыныстан бас тартуға әрқашан болады, ал қапы жіберілген мүмкіндікті қайтарып алуға болмайды» деп айтты. Мен соңғы лектің соңғы тіркеу күнінде сауалнаманы онлайн түрде толтырып жібердім. Анамның кеңесі үшін оған алғыс білдіремін, себебі НУ маған көп бақытты естеліктерді, эмоцияларды сыйлап, қызықты адамдармен таныстырды және мен жүзімнен ешқашан күлкі кетпейтін.

Бірінші курста химиялық инженерияны таңдадым. Үшінші курста косметикалық және парфюмериялық индустрия жайында көбірек біле бастадым және НУ-дан кейін Францияда оқуды жалғастырамын деп шештім.

Қазірде мен Лилль қаласындағы HEI (Инженерияның Жоғары Мектебінде) оқып жатырмын. Оның түлектері алдыңғы қатарлы компанияларда жұмыс істейді және бір жылдық табыстары орташа есептегенде 37 000 еуроны құрайды. Жалпы, маған осында ұнайды.

НУ кез-келген жағдайлардан шыға білуді үйретті. Қазірде мен мұғалімнің не айтып жатқанын бір жарым сағат түсінбей отырсам да, пәнді жақсы тапсыра аламын. Сонымен қатар презентация және зерттеу дағдылары, сыни тұрғыдан ойлау – менің мықты жақтарым.


Назарбаев Университетінің алғашқы түлектері өмірлері жайында бөлісті

ЕРНАР ӘКІМ
экономика, саясаттану

Мектепті бітіріп, келешек жайында ойлаған кезде, бастапқыда «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға кетуді ойладым. Сол кезде Астананың Жаңа Университеті жайында аз білетінмін және бұл оқу орынға сенім артпайтынмын. Бірақ уақыт өте сол жерге түсу керек деп ойлай бастадым. Ата-анаммен кеңескеннен кейін, Назарбаев Университетіне құжаттарды тапсыру керек деп шештім. Барлық емтихандарды тапсырдым және 2010 жылдың күзінде оқуым басталды.

Қазірде мен Catolica Lisbon School of Business and Economics магистратурасында оқып жатырмын. Бұдан бөлек жеке жобаларым пайда болып, өзім жұмыс істей бастадым. Әрине, НУ коммуникациядағы дағдыларымды және ағылшын тілімді дамытуға септігін тигізді. Дегенмен НУ-дың соңына дейін бермеген білім қоры болды және Португалияға түсу үшін, маған бұл білімді өз бетімен меңгеруге тура келді.

Студенттік жылдар ішінде жақсы теориялық негізге ие болдым. Практикалық тұрғыдан көп дағдыларға ие болған жоқпын. Бірақ академиялық мәтіндерді жазып, таныстыру дағдыларымды дамыта алдым. Мен адамдармен оңай тіл табысып, араласқан кезде, эмоционалды құраушы қасиеттерге көбірек көңіл бөлуді, жинақы болуды үйрендім. NU Case Club-тың негізін салғаннан кейін бұндай нәтижелерге жеттім, осы клубта біз консалтингтік компанияларға және «үлкен төрттіктің» компанияларына жұмысқа орналасқан кезде көмектесетін әртүрлі бизнес-жағдайларды талдайтынбыз. Университет әкімшілігі студенттік ұйымдарға әрқашан қолдау көрсететін және бұл менің даму жолымда үлкен рөл атқарды.


Назарбаев Университетінің алғашқы түлектері өмірлері жайында бөлісті

ТЕМІРЛАН МҰСАГАЛИЕВ
роботты техника

Шынымды айтсам, оқуға түсу жайында ойланбадым. Сыныптасым қабылдау емтихандарына бірге баруға шақырды. Сол жылы бакалавриат үшін «Болашақ» бағдарламасын алып тастады, сол себепті басқа жолдарды іздеуге тура келді. Назарбаев Университеті жаңа оқу орны болатын, сол себепті аса сенім білдірген жоқпы, бірақ кейін бұл оқу орынға елбасымыздың есімі бекер берілмеген шығар деп ойладым және сол кездің өзінде университеттің мүмкіндіктері үлкен болатын. Осылайша мен НУ студенттерінің қатарына қосылдым.

Мамыр айында бакалавриатты сәтті аяқтадым, маусымның ортасында дипломды алдым. Жазда Алматыда болдым, ал үш аптадан кейін Германиядағы Ахен қаласына магистарураға түстім.

НУ-дағы оқу көп нәрселерге үйретті. Біріншіден және ең бастысы – оқу жағын алғанда, мен өзімнің мықты және осал жақтарымды білдім. Тапсырманы жақсы және уақытында орындау үшін, өз мүмкіндіктерімді және қанша уақыт қажет ететінімді білдім. Екіншіден, қажетті ақпаратты қайдан алуға болатынын және оны қалай дұрыс пайдалану керек екенін білдім. Үшіншіден, әлеуметтік дағдыларға ие болдым. Мен оларды әртүрлі студенттік клубтарда дамыттым. Солардың арасында NU Theatre and Drama Club айрықша атап өткім келеді. Төртіншіден, мен үшін маңыздысы – достарым, мен өте жақсы достарға ие болдым.

Барлық алған білімім Германиядағы жақсы университетке түсуге септігін тигізді. Германияда екі айлық тәжірибеден өткен кезде, білімімді толықтай жүзеге асырдым. Білімсіз ешқайда бара алмайсыз.

Материалды жасап шығаруға атсалысқаны үшін Вконтакте желісіндегі «НУ, как нам там» тобының негізін салушы Дана Сансееваға алғысымызды білдіреміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.