facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
nazarbaev-universitet-ne-alay-t-suge-bolady
logo
Назарбаев университетіне қалай түсуге болады

01.12.2017

Назарбаев университетіне қалай түсуге болады


Университет туралы



Назарбаев Университеті 2010 жылы құрылды. Университет халықаралық академиялық стандарттарға сай жұмыс істейді.

Қазіргі таңда Назарбаев универститетінде жеті мектеп жұмыс істейді. Олар бакалавриат, магистратура және халықаралық университеттермен серіктес докторантура. Бұдан басқа университеттің құрамына National Laboratory Astana және Nazarbayev University Research and Innovation System, пилоттық Технопарк және НУ инновациялық кластерінің құрамындағы басқа ұйымдар, сондай-ақ “University Medical Center» Ұжымдық қорының төрт клиникасы кіреді.



Назарбаев Университетінің оқу жүйесі



Назарбаев Университеті студенттерге жоғары талаптар қояды. Жыл сайын 700-ге жуық бірінші курс студентері түседі. Университеттегі білім ағылшын тілінде жүргізіледі.

Назарбаев Университеті әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінде тұрған жетекші университеттермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Назарбаев Университетінің мектептері:

Инженериямектебі (Халықаралық серіктесі — University College London)

Ғылым және технология мектебі

Гуманитарлықжәне әлеуметтік ғылымдар мектебі (Халықаралық серіктесі — University of Wisconsin-Madison)

Бизнестіңжоғары мектебі (Халықаралық серіктесі — Fuqua Business School of Duke University)

Мемлекеттік саясаттың жоғары мектебі (Халықаралық серіктесі - Lee Kuan Yew School of Public Policy of the National University of Singapore);

Жоғарыбілім мектебі (Халықаралық серіктестері - University of Pennsylvania, Cambridge University)

Медицинамектебі (Халықаралық серіктесі - University of Pittsburgh)

Университет алды даярлық орталығы (Халықаралық серіктесі - University of Warwic)

Тауісі және жер туралы ғылым мектебі (Халықаралық серіктесі - Colorado School of Mines)


Оқу бағдарламасы:


Foundation университет алды даярлық бағдарламасы;

бакалавриат;

магистратура/докторантура;

біліктілікті арттыру бағдарламалары.


Назарбаев университетіндегі Foundation бағдарламасына қалай түседі



Foundation - Назарбаев Университетінің Дайындық Орталығында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бағдарламасы. Абитуриентер тіркеу жарнасын төлеу және түсу емтихандарын тапсыруға онлайн анкетаны толтырып, онлайн тіркеуден өтуі, сондай-ақ ағымдық үлгерімді көрсетумен бітіру сыныбында (курста) оқуын растайтын білім беру ұйымдарынан анықтама ұсынуы тиіс.

Онлайн тіркеу жабылғаннан кейін, барлық тіркелген кандидаттар бірнеше кезеңдерден тұратын түсу емтихандарына шақырылады.

Түсу емтихандарыа 3 кезеңнен тұрады (ақпаннан мамырға дейін):

1 кезең APTIS.

Бұл кезеңде ағылшын тілінің жалпы деңгейі анықталады. APTIS тестінен өту үшін үміткерлер түпнұсқалық куәлікті немесе паспортты өзімен бірге әкелу керек. IELTS немесе TOEFL (PBT / iBT) сертификаттарының иелері бірден 2 кезеңге өтеді.

2 кезең - Ағылшын тілінде пәндік тест (Nazarbayev University Foundation Year Programme Entrance Test).

Бұл тест Университетте оқуға арналған профильдік пәндер бойынша оқыту деңгейін бағалайды.

Таңдалған мектепке байланысты тест екі бөлім бойынша өткізіледі: «Математика», «Физика», «Химия / Биология», «Ойлау дағдылары».

3 кезең — IELTS емтиханы.

Емтихандардың екінші кезеңінен өткен үміткерлерге үшінші кезең IELTS емтиханына өтуге рұқсат беріледі.

TOEFL сертификаттарына (PBT / iBT) немесе IELTS-тен өткен үміткерлер, IELTS-тен босатылады.

TOEFL тестінің нәтижелері TOEFL тестілеу орталығынан университеттің қабылдау бөліміне тікелей жіберілуі керек. TOEFL емтиханында Назарбаев Университетінің коды — 6762.

TOEFL (PBT / iBT) және IELTS сертификаттары үшін ең төменгі өту балдары *

Инженерия, ғылым және технология мектептері үшін ең төменгі балл

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі үшін ең төменгі балл

Емтихана IELTS TOEFL (PBT) TOEFL (iBT)
Жалпы балл 6 550 79
Хат 6 3 (TWE) 20
Оқу
6 54 20
Аудиолау 6 53 18
Айту 6 n/a 18




Университетке дейінгі дайындық бағдарламасын айналып өтіп, бакалавриат бағдарламаларына қалай түсуге болады



Қазіргі кезде университетте "Бакалавр" дәрежесімен 16 мамандық бойынша оқу ұсынылады. Оқу 4 жыл ішінде таңдалған мамандыққа байланысты өтеді. Ерекшелік 8-9 жылдық бағдарламаны көздейтін медицина мектебі болып табылады.


Бакалавриатқа түсу үшін:


қабылдау ережелерімен танысу ( сілтеме бойынша өтіңіз).

университет сайтында тіркелу және абитуриент анкетасына (My Application Forms) жеке кабинеттен рұқсат алу. Жеке кабинетті бар болса, қайта ашу талап етілмейді.

жеке кабинетте абитуриент анкетасын жүктеу және толтыру, ол тіркеудің ашылу кезеңінде қол жетімді. Анкетада деректерді сақтау үшін «Upload» опциясын пайдалану қажет.

жеке кабинетте талап етілетін құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса тіркеу.

нұсқаулыққа сәйкес нысанды толтыру дұрыстығын тексеру және жүктелген деректерді «Submit» опциясын пайдалана отырып, растау (талапкер анкетасы және қоса берілген құжаттар).

университеттегі тізбеге сәйкес талап етілетін құжаттарды Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53, Назарбаев Университеті, Қабылдау бөлімі, 1118 каб. мекен-жайы бойынша жіберу.

сынақ әкімшілері арқылы университетке стандартталған тест нәтижелерін жіберу


Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізіміі:


төлқұжат немесе жеке куәліктің нотариалды расталған көшірмесі.

жалпы білім беретін мектепті аяқтау туралы аттестаттың және қосымшасының нотариалды расталған көшірмесі.

эссе (кемінде 500 сөз).

үміткер оқыған оқу орнынан екі ұсыныс хат.

ағылшын тілі бойынша тест нәтижелері (TOEFL немесе IELTS).

тест нәтижелері (SAT Reasoning Test немесе ACT with Writing Part және SAT Subject Test).

оқитын университетінен ресми транскрипт екі тілде: түпнұсқа тілінде және ағылшын тілінде (ауысатын студенттерден талап етіледі).

екі тілде меңгерілген курстарды (пәндерді) сипаттау: түпнұсқа және ағылшын тілдерінде (ауысатын студенттерден талап етіледі).

Ең аз өту балдары

Мектеп

IELTS/TOEFL

Инженерия мектебі,

Ғылым және технология мектебі

IELTS әр тараудағы 6.0 көрсеткішімен жалпы балл бойынша кемінде 6.5

TOEFL_iBT кем емес 90-99 TOEFL_PBT кем емес 577-599

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі

IELTS әр тарауда 6.0 көрсеткішімен жалпы балл бойынша 7.0 кем емес

TOEFL_iBT 100-108 кем емес TOEFL_PBT 600-629 кем емес




АСТ жазбаша бөлімімен

SAT SubjectTest

SAT Reasoning Test жазбаша бөліммен

кемінде 27

математика, физика немесе химия және биология әр пән бойынша кемінде 600 көрсеткішпен

жиынтықты арақатынаста кемінде 1860 (2016ж. дейін тест тапсырған кандидаттар үшін)

жиынтықты арақатынаста кемінде 1240 (2016ж. тест тапсырған кандидаттар үшін). Жазбаша бөлігі міндетті





Назарбаев Университетіне магистратура мен докторантураға қалай түсуге болады


Әр мектептің өзінің магистратура және докторантура бағдарламаларына талапкер таңдаған мамандыққа байланысты түсу ережелері бар. Мектеп бағдарламаларымен толығырақ олардың сайттарында танысуды сұраймыз.

Бизнес жоғары мектебі:

Бизнес-әкімшілендіру магистрі (MBA)

Executive MBA

Мемлекеттік саясаттың жоғары мектебі:

Мемлекеттік саясат магистрі

Мемлекеттік басқару магистрі

Жоғары білім мектебі:

— Білім саласындағы докторантура (Ph.D. in Education)

Білімді басқару саласындағы магистратура (M.Sc. in Educational Leadership)

Көптілді білім саласындағы магистратура (М.А. in Multilingual Education)

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі:

Еуразиялық зерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуеметтік ғылымдар магистрі (MA in Eurasian Studies)

«Саясаттанц және халықаралық қатынастар» (MA in Political Science & International Relations) мамандығы бойынша магистр

Экономика магистрі

Ғылым және технологиялар мектебі:

Биологиялық ғылымдар магистрі (MSc in Biological Sciences)

Компьютерлік ғылымдар магистрі (MSc in Computer Sciences)

Физика саласындағы ғылым магистрі (MSc in Physics)

Робототехника саласындағы магистр (MSc in Robotics).

Инженерия мектебі

Халықаралық менеджмент бойынша магистр (MEng in Engineering Management) – Бизнестің жоғары мектебінің бірлескен бағдарламасы

Құрылыс инженериясы саласындағы ғылымдар магистрі (MSc in Civil Engineering)

Химиялық инженерия саласындағы магистр (MSc in Chemical Engineering)

Инженерлік механика саласындағы ғылымдар магистрі (MSc in Machanical Engineering)

Электронды және электротехникалық инженерия саласындағы ғыдымдар магистрі (MSc in Electrical and Electronics Engineering)

Инженерия және технологиялар ғылымдарының докторы (PhD in Science, Engineering and Technology)

Медицина мектебі

Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі

Медицина докторы

Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі:

Тау-кен ісі магистрі

Байланыс телефондары: 706 688, 706 555

Мекен-жайы: Қабанбай батыр даңғылы, 53

E-mail: admissions@nu.edu.kz, graduate@nu.edu.kz

Дерек көзі: egov.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Abay Academy қазақстандық білім берудің болашағы мен шындығы туралы ортақ негізін қалаушы
Abay Academy қазақстандық білім берудің болашағы мен шындығы туралы ортақ негізін қалаушы
Лаура Аутелеева, қазақстандық жас ғалым қазіргі ғылымның мәселелері мен дамуы туралы
Лаура Аутелеева, қазақстандық жас ғалым қазіргі ғылымның мәселелері мен дамуы туралы
Профессор және оқулықтардың авторы Қазақстанның білім беру жүйесінің бүгіні мен болашағы туралы
Профессор және оқулықтардың авторы Қазақстанның білім беру жүйесінің бүгіні мен болашағы туралы
Ғылыми мақалаларды қайдан іздеуге болады: зерттеушілер үшін тегін материалдары бар 12 сайт
Ғылыми мақалаларды қайдан іздеуге болады: зерттеушілер үшін тегін материалдары бар 12 сайт
TOEFL тапсыру туралы не білу керек: жеке тәжірибе, кеңестер мен стратегиялар
TOEFL тапсыру туралы не білу керек: жеке тәжірибе, кеңестер мен стратегиялар