Сәуір айында еліміздің барлық аймағында француз тіліндегі әндер фестивалі өтеді.
Жүзден жүйрік шыққандар 12 сәуірде Астанада өтетін қорытынды финалда өнер көрсетеді. Жарыстың жеңімпазы осы елге саяхаттауға жолдама алады. Дода Француз наурызы мерекесіне орайластырылып отыр. Сондай-ақ танымал француз фильмдерінің және Астана мен Алматы қалаларында комикстер фестивалі ұйымдастырылады. Ал сәнқойлар үшін 16 наурызда Алматыда қазақ және француз стилистерінің көрмесі өтеді. Игі шара екі ел мәдениетін жақындастыру мақсатында қолға алынған.
Филипп Мартинэ, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі:
— Шара аясында көптеген дода ұйымдастырылады. Мәселен, қазір француз, қазақ және орыс тілінде новелла жазудан байқау өтіп жатыр. Біз наурыз айының соңында дауыс беру шарасын өткізіп, жеңімпазды марапаттаймыз. Бұдан бөлек, Францияға саяхаттауға әуе билеті ойнатылатын жарыстар өтеді.
Дерек көзі: 24.kz