Өзі жайында
Мен әділ болуға және айналамдағы адамдарға қамқор болуға тырысамын. Отбасым және жақындарымның алдында жауапкершілікті сезінемін. Абай айтқандай: «Бойдағы мінді санасам, тау тасынан аз емес».
Еңбек етуді жақсы көремін, бұл қасиет бала кезімнен бойыма сіңген. Еңбек адамды шынықтырады, еңбектің арқасында ғана жетістікке жетуге болады.
Кезінде қазақша күреспен айналыстым, кейін жеңіл атлетикамен және таэквандомен әуестене бастадым. Қазірде спортқа көп уақытымды бөле алмаймын, сол себепті жаяу жүруге тырысамын және соның арқасында бес килограммға арықтадым.
Сүйікті әуестерімнің бірі – кітап оқу. Қазіргі кезде Рэй Далионың «Қағидалар» деген кітабын оқып жатырмын – бұл кітап кәсіпкерлер үшін өте пайдалы.
Іссапарларымды саяхаттармен бірге қамтып жүруге тырысамын. Соңғы рет іссапар бойынша Корея елінде 24 күн болдым. Біз тарихи, мәдени жерлерге бардық және National Geographic журналының әріптестерімен кездестік. Сонымен қатар Қытай елінің Шанхай қаласында жиі боламыз. Шанхай – жарық қала, Астана сияқты бинесі қарқынды түрде дамып жатқан қала.
Өмірімнің басым бөлігін жұмыс алады. Мен мемлекеттік қызметте жұмыс істедім және 2009 жылы бизнеске кетіп қалдым.
Менің өмірлік қағидаларым – адал болу, адамдарды еңбектеріне қарай бағалау, мақсаты бар адамдарды қадірлеу, қарапайым өмір сүру. Қарапайымдылық адамды барынша көрікті етіп көрсетеді.
Қарапайымдылық адамды барынша көрікті етіп көрсетеді
Өзіңнің мүмкіндіктерің бойынша өмір сүру маңызды. Орыстар айтатындай: «Сиырды сатып алу ниетім бар, бірақ мүмкіндігім жоқ, ешкіні сатып алу мүмкіндігім бар, бірақ ниетім жоқ».
Астана жайында
Біз 2005 жылы достарымызбен әртүрлі министрліктерде тәжірибеден өту үшін елордаға келдік. Астана бізді қаталдығымен қарсы алды, қиындықтарымыз аз болған жоқ: құжаттарымызды ұрлап кетті, пәтерлерді жалдап тұрдық, ауыр физикалық жұмыстарды атқардық және айналамыздағы қазақ тілінде сөйлемейтін адамдар да бірақ қиындық туғызды. Қайтадан үйге ораламыз деген ой да болды.
Елорда үнемі даму үстінде болды және біз де дамуды қаладық. Астана – жастарды да, үлкен адамдарды да, байларды да, кедейлерді де, білімдіні де, білімсізді де бір жерде жинап, сынақтарынан өткізетін алаң. Жоғары оқу орынды бітіргеннен кейін, елорда өршіл жоспарларымыз бен мақсаттарымызды орындайтын жер болды.
Достарымның ойлары мен армандары осы қалада жүзеге асты. Осында өз бақытымызды таптық: отбасымызды құрдық, бизнесімізді аштық. Және де бүгін бірнеше бағытта жұмыс істеп жатырмыз: медиа, Солтүстік Қазақстандағы ауыл шаруашылығы, жер шаруашылығы, жарнама, продакшн-компания. Бұның барлығы Астананың берген мүмкіндіктері, сол себепті біз осындамыз.
Жанашыр адамдар және олардың өмірлік істері
Мен бала кезімнен мемлекетке қызмет етуді армандадым: қазақ тілін дамытып, шағын және орта бизнес үшін жағдайлар жасап, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді және олардың бизнестегі дағдыларын дамытуды қаладым. Сол үшін біз шетелдік авторлардың кеңге таралған кітаптарын қазақ тіліне аудардық және 10 000 данасын тегін тараттық. Мысалы, «Ойлан және байы», «Друкер күнделігі», «Қаржылық тәуелсіздіктің жолы» мен «Жоғары дәрежелі адамдардың 7 дағдысы».
Бұдан бөлек қазақ тілді аудиторияны сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, біз 2015 жылы Қазақстанға National Geographic журналын алып келдік. Ол әлемнің 80 елінде шығады, 700 миллион адам аудиториясы бар. Ал қазақ тілі – осы басылымда шығатын әлемдегі 38-ші тіл. Бұл Қазақстанды бүкіл әлемге танытудың жақсы мүмкіндігі. Біз Арал теңізі және «Жаңа жер» деп аталатын Астана туралы мақалаларды шығарып үлгердік.
Жалғыздың үні шықпас және бір нәрсені істеу үшін, идеяны қолдайтын және оны жүзеге асыруға көмектесетін адамдар керек
Жалғыздың үні шықпас және бір нәрсені істеу үшін, идеяны қолдайтын және оны жүзеге асыруға көмектесетін адамдар керек. Менің жолым болды, сондай адамдар менің жанымнан табылды, мен ата-анам үшін, менің және жобаларымыздың дамуына септігін тигізетін достарым және әріптестерім үшін Аллаға ризамын.
Бүгінгі күндегі рухының күйі
Менің рухым жақсы күйде, барлық мақсаттарыма жетемін деп ойлаймын.