Dopamine Studio дубляж студиясының директоры жас ұжымның қазақ тілін әлеуметтік желілер және сүйікті мультфильмдер мен аниме арқылы қалай насихаттап жатқанын айтып берді.
Марлен Биназар, қаласы — Алматы, Dopamine Studio дубляж студиясының директоры, @dopamine_voice, @marlen.voice
Барлығы қалай басталды
Біз бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатырмыз, алайда Dopamine Studio дубляж студиясын тек биыл тіркедік.
Барлығы TikTok-тан басталды. Анименің қызықты дыбысталуы сол кездегі танымал тренд болды. Команданың негізін қалаушылардың бірі — Камила Нарутоның бір эпизодын қазақ тілінде дубляждап, желіде жариялаған болатын.
Барлығы TikTok-тан басталды
Ол кезде біздің мақсатымыз дұрыс аударма жасау болған жоқ. Алайда бейнежазбаның қаралымы көп болды. Бұл жазбаны көріп қалған Әділ, біздің топтың редакторы әрі дыбыс инженері, Камилаға және өзінің досы Бекарысқа бірігіп, контент жасауды ұсынды.
Достарым команданы кеңейту үшін TikTok-та кастинг жариялады. Олар дуэт түсіріп дыбысталуы қажет субтитрлері бар бейнежазба жариялады. Сөйтіп, топқа мен және тағы бірнеше адам қосылдық. Мен логотип жасадым, даму жоспарын жазып шықтым. Мен директор мен актердің міндетін қоса атқарып жүрмін.
Dopamine Voice деген атауды Бекарыс ойлап тапты. Дофамин — бақыт гормоны. Біздің жұмысымызды көрген көрермендердің осындай эмоциялары пайда болғанын қалаймыз. «Voice» ағылшын тілінен «дауыс» деп аударылады. Сонда толық мағынасы: «Дофаминді тудыратын дауыстар ләззат сыйлайды».
Анимені дыбыстау идеясы команданың құрылуымен бірге келді. Біз мұндай контент қазақстандық жастар арасында танымалдылыққа ие болып жатыр деп шештік те, бел шеше кірісіп кеттік.
Студия туралы
Dopamine Studio жобасы — JKS Entertainment компаниясының бір бөлігі. Біз дыбыс жазу студиясының қызметтерін көрсетеміз. Сондай-ақ Қазақстандағы аниме, сериалдар және медиа-контент бойынша ең танымал дыбыстау студиясымыз. Дауыс беруге немесе дубляж жасауға тапсырыстар көп түседі. Біздің команда ресейлік әріптестер деңгейінде жоғары сапалы жұмыстар жасайды.
Бәріміз де аниме көруге құмармыз. Мен 30-дан астам көп сериалды аниме көрдім. Көптеген адамдар әлемдегі ең танымал аниме «Нарутомен» бала кезінен таныс. Ол кезде Интернет бәрінде бірдей болмады, адамдар бірнеше сериялары бар дискілерін сатып алатын. Енді көрермендер «Нарутоны» қайта көру үшін аударып, дыбыстап беруімізді қалайды.
Біздің міндетіміз — қазақ тілін шетел мәдениетімен: аниме, сериалдар, фильмдермен интеграциялау арқылы танымал ету. Біз Қазақстандағы аниме мен фильмдердің ресми лицензиаты болғымыз келеді, медиа платформалардың барлық түрлеріне: кинотеатрлар, теледидарлар, стримингтік платформалар үшін жоғары сапалы дубляж жасасақ дейміз.
Басқа кәсіби студияларда керемет дыбыс сапасы, актерлік шеберлік, дауыстарды іріктеу бар. Бірақ екі проблемасы бар: нашар режиссерлік және цензуралық аударма. Адамдар әзіл-қалжың, кейіпкердің сөйлеуі немесе сленг бұрмаланған кезде шағымданады. Сондықтан біз дубляжды қабылдауды бұзатын қабылданған аударма ережелерін ұстанбаймыз.
Біз барлық жұмысымызды мақтан тұтамыз, өйткені оларды біз бар жанымызды салып істедік, жіберген қателерімізді зерттеп, дұрыстадық. Ең керемет жұмыстардың бірі — «Хаулдың өздігінен жүретін сарайы» дубляжы. Алғаш рет студияда дауысты жақсы сапада жаздырдық. Бұған дейін үйде жамылғының астында жұмыс істеп, барлығын онлайн жасайтынбыз.
Командаға қалай қосылуға болады
Ара-тұра түрлі жобаларға кастинг өткізіп тұрамыз. Бізге келгісі келетіндердің көбісі — Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын, біздің жұмысымызға қызығатын, сонымен қатар өздерін осы кәсіпте сынап көргісі келетін 13 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер.
Біз бірнеше себепке байланысты бәрін бірдей қабылдай алмаймыз. Студия Алматы қаласында орналасқан. Және бізге үлкендермен жұмыс істеу оңайырақ, өйткені олардың дауысы қойылған, жауапкершілігі жоғары және ресми жұмысқа орналаса алады. Біздің әлеуметтік желілерде демеушілік — біздің әлеуметті желілерде олардың брендтерін жарнамалау бойынша да ұсыныстар бар. Көрермендер бізге донатамен қолдау көрсете алады, соның арқасында біз команда мүшелеріне төлем жасай аламыз.
Жоба неліктен танымал
Біз әрбір бейнежазбаның астында қалдырылған пікірлерді оқимыз. Көрермендер біздің бейнежазбаларды көрген соң қазақ тіліне деген қызығушылықтары артқанын жиі жазады.
Олар аудармасын оқу үшін орыс және қазақ тілдеріндегі субтитрлерді қосуды сұрайды.
Көбі біздің дубляж қазақ тілін ұятқа қалдырмайды деп жазып жатыр. Енді көбірек күш жұмсасаң, жақсы дыбыстауға болатынын түсінеді. Көптеген жастар шабыттанып, осы бағытты оқып жатыр. Олар жиі жазады, кеңес сұрайды. Мемлекеттен қолдау алып, бұдан да жақсы контент жасасақ жақсы болар еді.
Жоба әлі республикалық деңгейге шыққан жоқ, бірақ бұл — уақыт талабы. Алдымызда нақты міндеттер мен мақсаттар бар. Кез келген бизнестегі табыстың сыры — аудиторияның үмітін ақтау және оларға деген адалдық. Жоспарларды ашық айтып, көрермендерге идеяларымызды ұсынып, сынды қабылдаймыз. Контент сапасын жақсартып отырамыз. Біз адамдарға көргісі келетінін береміз. Мысалы, «Хаулдың өздігінен жүретін сарайы» — көптеген адамдар жақсы көретін классика. Сондықтан жаңа фильмнің орнына соны таңдадық.
Жоспарлары туралы
Жоспарда — дубляж нарығын зерттеп, жобаны дамыту. Көрермендерді жаңа жобалармен қуанту.