facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
na-yz-aza-toyyny-16-belg-s
logo
Нағыз қазақ тойының 16 белгісі
Таңғажайып Қазақстан

07.05.2017

Нағыз қазақ тойының 16 белгісі

1. Нағыз қазақ тойын ұйымдастырып, барлық алыс-жақын туыстарды, достар мен ұжымдастарды шақыру үшін несие алу қажет.


2. Ет кез келген қазақ тойының ең басты әрі ажырамас атрибуты болып саналады. Ол әрдайым бірінші үстелге ұсынылады, екіншіге — күріш пен қызыл балық.


3. Егер шақыру қағазында шараның басталу уақыты 17:00 деп көрсетілген болса, қонақтар 19:00 жиналады, олар тіпті де кешіккен жоқ.


4. Сайыстар өткізіп, анекдотттар айтып, көп әзілдейтін салтанатты костюм киген көңілді жүргізуші — асаба.


5. Кез келген тойда орындалатын «Жар-жар» той әніне бәрі қосылады. Көбінесе, қонақтар тек екі сөзді ғана біледі — Жар, жар.


6. Тойбастар сыйлығын ортаға әкелу — қарапайым тойларда еш пайдаланылмайтын заттар: тарақтар, бет орамалдар, галстуктер, минидомбыра түріндегі кәдесыйлар.


7. Мұны ертерек істеп қоюға болса да, беташар ашатын адам үнемі беташар кезінде домбыраның құлағын бұрап, үнін келтіре береді.


8. Әжелер мен аталардың тілек айтуы 30 минутқа созылады. Сосын бата береді және 14 шумақтан тұратын әнді акапелламен орындайды.


9. Той әндерінің ТОП 3 бар: «Аспанға қараймын», «Мария Магдалена» және «Қызыл өрік». Бұл әндер адамдарды еріксіз елітіп әкетеді, тіпті суперзаманауи адамдардың өзі бұл әндерге билей жөнеледі.


10. Әжелер үнемі әуенді жай қоюды сұрайды, алайда ТОП 3 әндерінің қатты дауысы бәріне ұнайды.


11. Қонақтардың 85%-ы көңілді, 15%-ы тұнжырап отырады. Қонақтардың дұрыс жерге отырғызбағаннан, біреулерге тілек айту кезегін уақытында бермегені үшін көңілдері түседі.


12. Қазақ тойларында талантты балалар ән айтады немесе би билейді. Ал мұқият үлкендер жанына ақша салатын ыдыс қояды.


13. Қазақ тойларында қызықты рәсімдер көп. Мысалы, «қалта» рәсімінде әйелдер бір үстелге жиналады да бағалы заттарды бөліседі, ал ерлер залдан шығып кетеді.


14. Егер үстелдерден тағамды жинай бастаса немесе даяшылардың пакет ұсынып жатқанын көрсеңіз, демек, той аздан соң аяқталады.


15. Қазақтар тойдан кейін бөлек бір үстелде қалып, тойдың қалай өткенін айтып таңға дейін шәй ішеді.


16. Асаба той бағдарламасында аздаған үзіліс жарияласа, ақсақалдар жағы мейрамхананың жазғы бөлігінде немесе дәлізінде жиналып, карта ойындарын ойнайды.

Материалды жазуға көмектескені үшін Санат Шапашов, Ғалым Калиакбаров пен Жамбыл Кульдеевке алғыс білдіреміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар
Қазақстанда белсенді демалыс пен экстремалды спорт түрлеріне арналған таңғажайып орындар