facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
na-yz-aza-a-arnal-an-12-osymsha-t-ld-yrenu-dombyrany-la-k-y-n-kelt-ru-k-taptar
logo
Нағыз қазаққа арналған 12 қосымша: тілді үйрену, домбыраның құлақ күйін келтіру, кітаптар

10.08.2019

Нағыз қазаққа арналған 12 қосымша: тілді үйрену, домбыраның құлақ күйін келтіру, кітаптар

Soyle


Қазақ тілін оқытатын онлайн-курс. Қазақ тілінде оңай сөйлеуді және әртүрлі коммуникативтік жағдайларда әңгімелесушіні түсінуді үйретеді. Қолданушы оқуды, сөздердің дұрыс айтылымын және сөйлемдерді құруды үйренеді. Дайын сөйлеу жағдаяттарының арқасында диалогтарды, монологтарды өздігінен құрай алады.

Нағыз қазаққа арналған 12 қосымша: тілді үйрену, домбыраның құлақ күйін келтіру, кітаптар

play.google.com, apps.apple.com


Bala Soyle


Мектеп жасына дейінгі балаларды қашықтықтан оқытатын онлайн-сервисі. Мобильді қосымшада сөздік қорды байыту, сауатты ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру мақсатымен жасалған дамытушылық және оқыту тапсырмалары жиналған. Туған тілін білген бала басқа адамдармен оңай араласу мүмкіндігіне ие болады.

Әліппемен танысып, сөздік арқылы жаңа сөздерді үйренуге болады. «Ертегілер», «Мультфильмдер» және «Сандықша» қосымша бөлімдерінде бала қазақ тіліндегі мультфильмерді көріп, әндерді орындап, санамақтарды жаттай алады.

Нағыз қазаққа арналған 12 қосымша: тілді үйрену, домбыраның құлақ күйін келтіру, кітаптар

play.google.com, apps.apple.com


«Жеті қазына»


Қосымша қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен және географиясымен таныстырады.

«Жетi казына» мобильді қосымшасы 7 бөлімнен тұрады: «Киелі жеті саны», «Қазақ халқының жеті қазынасы», «Салт-дәстүрлер. Әдет-ғұрыптар», «Халық даналығы», «Данышпанның сөзі», «Қара шаңырақ», «Тарих мұрасы»; орыс және қазақ тілінде қолжетімді.

Нағыз қазаққа арналған 12 қосымша: тілді үйрену, домбыраның құлақ күйін келтіру, кітаптар

apps.apple.com, play.google.com


Zheti Ata


Әрбір қазаққа жеті атаға дейінгі ақпаратты сақтауға және қазақ жүздерінің тарихын білуге көмектеседі. Сонымен қатар қосымшада ең белсенді рулардың рейтінгісі жасалады бүгінде бұл Арғындар және Наймандар.

Нағыз қазаққа арналған 12 қосымша: тілді үйрену, домбыраның құлақ күйін келтіру, кітаптар

apps.apple.com


SazAlem


Қазақ тілді әндерінің ең үлкен топтамасы жиналған қосымша. Қосымша арқылы әнерді тыңдап қана қоймай, көңіл-күйіңізге байланысты плейлистті жасауға болады. Сайттың қолданушылары контент жасай алады, ол модератордың мақұлдауынан өтіп, жалпы базаға шығады. Қосымшаның ерекшелігі – әрбір әнге мәтіні қосылып беріледі.

Нағыз қазаққа арналған 12 қосымша: тілді үйрену, домбыраның құлақ күйін келтіру, кітаптар

apps.apple.com, play.google.com


«Домбра-тюнер»


Әртүрлі ұлттық музыкалық аспаптың құлақ күйін келтіруге көмектесетін қосымша.

Нағыз қазаққа арналған 12 қосымша: тілді үйрену, домбыраның құлақ күйін келтіру, кітаптар

play.google.com, apps.apple.com


«Ninety One — әндер жинағы»


Ninety One — 2015 жылдың 1 қыркүйегінде JUZ Entertainment лейблынан шыққан қазақстандық бойз-бенд. Q-pop жаңа музыкалық жанрының негізін салушылар. Қосымшада барлық әндері мен мәтіндері жиналған.

Нағыз қазаққа арналған 12 қосымша: тілді үйрену, домбыраның құлақ күйін келтіру, кітаптар

play.google.com


«Кiтап»


«Қазақстанның ашық кітапханасы» онлайн-жобасының мобильді нұсқасы. Осында 4000-нан астам қазақ тілді кітаптар жиналған. Кітаптар бөлімдер мен авторлар бойынша жүйеленген, атауы арқылы іздеуге болады. Жалпы каталогтан бөлек, порталдағы ең көп оқылатын кітапты таңдауға болады. Кітаптар смартфонға жүктелгеннен кейін, офлайн-режимінде қолжетімді.

Нағыз қазаққа арналған 12 қосымша: тілді үйрену, домбыраның құлақ күйін келтіру, кітаптар

play.google.com, apps.apple.com


Oyan


Қазақ тілін қазақ әдеби кітаптар арқылы үйрететін алғашқы қосымша. Бұл танымал қазақ авторларының көптеген кітаптары жиналған бұлтты каталог. Шығармалар арасында «Абай жолы», «Көшпенділер», «Қара сөздер», «Менің атым Қожа» сияқты кітаптарды таба аласыз. Қосымшаның ерекшелігі – оқу процесі кезінде сөздердің аудармалары беріледі.

Нағыз қазаққа арналған 12 қосымша: тілді үйрену, домбыраның құлақ күйін келтіру, кітаптар

play.google.com


«Қазақ ертегілері»


Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қазақ ертегілерінің жинағы. Қосымшада ең қызықты және өнегелі ертегілер жиналған. Балалар кино, театр, эстрада әртістерімен дыбысталған ертегілерді орыс және қазақ тілдерінде тыңдай алады.

Нағыз қазаққа арналған 12 қосымша: тілді үйрену, домбыраның құлақ күйін келтіру, кітаптар

play.google.com, apps.apple.com


«Абай әлемі»


Мобильді қосымша ақынның 170-жылдығына орай ашылған Abaialemi.kz энциклопедиялық онлайн-порталының негізінде жасалған. Қосымша Абай өмір сүрген дәуірі, шәкірттері, ізбасарлары, замандастарының естеліктері, Абайтанушылардың еңбектері, шығармалары жайында ауқымды базаны қамтиды.

Нағыз қазаққа арналған 12 қосымша: тілді үйрену, домбыраның құлақ күйін келтіру, кітаптар

play.google.com


«Қазақ ас үйі»


Қазақ халқының ұлттық тағамдарының шағын топтамасы. Тағамдардың ерекшеліктері, сипаттамалары және дайындау әдістері ұсынылады.

Нағыз қазаққа арналған 12 қосымша: тілді үйрену, домбыраның құлақ күйін келтіру, кітаптар

play.google.com

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қазақстанда IT білімін қайда алу керек: IT-мамандардың ұсынған үздік университеттер тізімі
Қазақстанда IT білімін қайда алу керек: IT-мамандардың ұсынған үздік университеттер тізімі
Қазақстанда IT-компанияны ашу туралы не білуіңіз керек: кадрлар, мемлекетті қолдау, перспективалар
Қазақстанда IT-компанияны ашу туралы не білуіңіз керек: кадрлар, мемлекетті қолдау, перспективалар
Қазақстанның ірі IT компаниясында тағылымдаманы қалай табуға болады — жас мамандардың тәжірибесі
Қазақстанның ірі IT компаниясында тағылымдаманы қалай табуға болады — жас мамандардың тәжірибесі
Мен Meta-да жұмыс істеймін. Халықаралық it компаниясында мансапты қалай құруға болады
Мен Meta-да жұмыс істеймін. Халықаралық it компаниясында мансапты қалай құруға болады